АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ СЕССИЯ МӘЖІЛІСІНЕН

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)

Loading...
Жуырда №7 Новомарковка сайлау округі бойынша депутат Ержан Биекеновтың төрағалығымен алтыншы сайланымдағы аудандық мәслихаттың XXIX кезекті сессиясы өтті.
Халық қалаулыларының форумына аудан әкімі, оның орынбасарлары, Ақмола облыстық мәслихатының депутаты, қаланың әкімі, ауыл, ауылдық округ әкімдері, аудан әкімінің аппарат, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, саяси партиялардың, қоғамдық бірлестік өкілдері, дербес бөлім, мемлекеттік мекеме, кәсіпорын, ұйым бастықтары қатысты.
Аудан әкімі Виктор Радченконың ағымдағы жылдың бірінщі жартыжылдығының қорытындысы бойынша атқарылған жұмысы мен жүктелген міндеттер туралы есебі өткен кезеңнің жалпы нәтижесін толық сипаттап берді. Басым көрсеткіштер бойынша рейтинг негізінде облыста сегізінші орындамыз, бұл салмақты жетістік.
Бюджет қаржысының игерілімі, болашақ ой-жоспар, инвестициялық жобалар, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, жергілікті қауымдастықтың жұмысының ширатылымы, облыс әкімі тапсырмасының орындалымы – бәрі-бәрі экономиканы әрмен қарай нығайтуға, аудан халқының жалпы әл-ауқатын жақсартуға бағытталады.
Залдан берілген сауалдардың түпкі мазмұны жергілікті мәндегі жолдың күтімін, дәнді дақылдар егістігінің өнімділігін, қазандықтың алдағы қысқа әзірлігін қамтыды. Депутаттан Торғай-Сілеті бағытындағы автокөлік жолының жөнделіміне қаржы бөлгізуге, Сілеті ауылының су құбырын қайта тартқызатын жобалық-сметалық құжаттама даярланымына, келешекте Жаңажол ауылын да қамтуға ұсыныс түсті. Осы сауалдардың бәріне тиісті анақтама берілді. №12 Торғай сайлау округі бойынша депутат Әнуарбек Айтпаев, қаланың әкімі Төлеутай Мұхамеджанов баяндама бойынша жарыссөзге шықты. Олар 60 пәтерлі жалгерлік жаңа үйдің олқылықтарын реттеуге, Талғат Мұсабаев тұйығының бойындағы жылу магистралінің құрылысына, бюджеттің атқарылым мониторингін жүргізуге, қаланың дербес бюджет шолуына қатысты міндеттерді қамтыды.
Аудандық ішкі істер бөлімі жергілікті полиция бөлімшесінің бастығы Нұрбек Тоқсанбаевтың жартыжылдық ішінде атқарылған жұмысы туралы есебі Депутат сағаты жиынында алдын-ала тыңдалған болатын.
Күн тәртібіне енгізілген келесі мәселелер бойынша сәйкестелген қаулы қабылданды. Олар: Ерейментау аудандық мәслихатының 2013 жылдың 3 қазанындағы №5С-19/3-13 «Ерейментау ауданында мұқтаж жандардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету, шамасын белгілеу, тізбегін анықтау ережесін бекіту туралы»; Ерейментау аудандық мәслихатының 2013 жылдың 21 тамызындағы №5С-18/6-13 «Ерейментау ауданының әкімдігі жанындағы лаңкестікке қарсы комиссияның дербес құрамын бекіту туралы»; Ерейментау ауданының әкімдігі жанындағы жеке кәсіпкерлік мәселелеріне арналған сараптама кеңесінің дербес құрамын бекіту туралы.
Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясында қарауға, талқылауға «2019-2020 жылдарға арналған аудан бюджеті туралы» мәселе енгізілді. №8 Пристанционный сайлау округі бойынша депутат Әбіш Сүлейменов аудандық мәслихаттың келесі сессиясының төрағасы болып сайланды.
«Ерейменнің» өз ақпараты.