МӘЛІКТІҢ МӘҢГІЛІК МҰРАСЫ

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (1 оценок, среднее: 5,00 из 5)

Loading...
М.Жұмабаев атындағы Көкшетау облыстық кітапханасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында қазақтың даңқты ұлдарының бірі, Кеңес Одағының Батыры, жазушы Мәлік Ғабдуллиннің 11 томдық шығармалар жинағының тұсаукесері өткізілді.
Жинаққа ғалым, академиктің бұған дейін жарияланған ғылыми, этнопедагогикалық мақалалары, очерктері, сондай-ақ, Мәлік Ғабдуллин музейі қызметкерлерінің көпжылдық ғылыми-зерттеу еңбектері енгізілген. Кітап халықаралық Қазақ ПЕН-клубының президенті Бигелді Ғабдуллиннің жетекшілігімен Алматының «Идан» баспасында 1000 дана таралыммен басылып шықты.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде этнопедагогикалық және әдеби мұраларын насихаттау мақсатында жүзеге асырылып отырған жоба батырдың шығармашылығын дәріптеу арқылы өскелең ұрпақтың бойына отансүйгіштік рух, патриоттық сезім ұялатуға негізделген.
Тұсаукесер шарасында автордың 11 томдық шығармасы облыстың барлық кітапханаларына, сондай ақ, Ерейментау ауданына да, салтанатты түрде сыйға тартылды. Жаңадан келіп түскен әдебиеттер өңделді, барлық ауылдық кітапханаларға таратылды.
11 томдық жинақтың алғашқы 4 томына қазақтың ауыз әдебиетінің жауһарлары, фольклор жанрындағы шығармалар, айтыс өлең енгізілген. 5-том батырлар жырынан тұрады. 6-7-8-томдарға мектепке арналған әдебиет оқулығындағы шығармалар топтастырылған. Өзгесіне ғалымның публицистикалық мақала-әңгімелері, азамат ретінде тұлғасы айқындалатын жазбалары жинақталған.
Айтулы қаламгердің шығармашылығына қызығушылық танытқан оқырмандарымызға әрқашан кітапханамыздың есігі ашық.
Арайлым ҚАЙРАТҚЫЗЫ,
КММ «ОКЖ» әдіскері