ОРАҚ НАУҚАНЫ, МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТІЛІМ САПАСЫ

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)

Loading...
Аудан әкімі Виктор Радченконың төрағалығымен өткен әкімдік мәжілісі жаңағы екі тақырыпты талқылады. Шаршы топқа өңір активі жиылды.
Ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Абылай Иманжүсіпов күзгі жиын-терін науқанын өткізуге дайындық реті, шөп шабу науқанының барысы жайында хабарлады. Әңгіменің кіріспесінде дәнді, малазықтық, майлы дақыл, көкөніс алқабы, түсімі жиылатын егістік алаңы туралы сандық дерек келтірілді. Күтілетін орташа өнім шамасы, жалпы деңгейі, тұқым құйылымы, ауа райының ыңғайымен үйлесімді орақ жұмысының негізгі тәсілі аталды. Бірқатар шаруашылықтар қазірдің өзінде дәнді дақылды жинауға кірісті, жалпы алаңы – 300 гектар. Орташа гектар өнімділігі -10 центнер. Қолдағы техникаға талдама жүргізілді. Аудан шаруашылықтарында моральдық тұрғыда ескірген, жаңадан алынған өнімділігі ширақ кешен, машина-трактор паркін жаңартуды көздейтін алғы ой-жоспар тақырып арқауына айналды. Жаңа егіннің астығын кептіруге болатын астық қабылдау орны, салалас шаруашылық жайында жеке айтылды. Егін орағын табысты өткізудің алғышарттары, алдағы мал қыстату кезеңіне даярлық, жалпы мал саны, әрбір округке шөп дайындауға берілген тапсырма – осы және өзге жайттар баяндама мазмұнына негіз болды.
Әкім аппаратының мемлекеттік қызмет көрсетілімін үйлестіру және ақпараттық технологиялар бөлімінің басшысы Нариман Бәешев ағымдағы жылдың 7 айы ішіндегі мемлекеттік қызмет көрсетілім сапасы туралы хабарлады. Қолданыстағы тізілімде тіркелген қызмет саны -103. Жекелеген санаттар бойынша 2018 жыл ішіндегі жоспардың орындалымы туралы нақты дерек келтірілді. Мемлекеттік қызмет көрсетілімі негізінде басшылардың назарын аудартатын жекелеген түйінді мәселелер тізбектелді. Олар: баспасөзге жоспарлы мақала жарияланымы; «Электронды үкімет» порталы арқылы қызмет алу мүмкіндігі туралы баннер орнатылымы; қызмет ұсынушылардың біліктілік шыңдалымы; мемлекеттік қызмет көрсетілім жәрмеңкесінің өткізілімі; бақылау шаралары; қызмет көрсетілім мерзімі; мамандардың техникалық оқуының өткізіліміне арналған ұсыныс.
Аудан әкімдігінің мәжілісінде тыңдалған мәселелер бойынша сәйкестелген қаулы қабылданды.
***
Аудан әкімі Виктор Радченконың төрағалығымен осы құрамда «Әкім күні» мәжілісі өтті.
Жер қатынастары бөлімінің басшысы Елена Олексиенконың ақпары ауыл, ауылдық округ, аудандық мәндегі қала әкімінің жеке және заңды тұлғалардан жолданатын жер учаскесіне құқық берілісі туралы өтінішін қарауға арналған құзыреттілігі туралы баяндады. Ол «Жер туралы» Заңға енгізілген өзгеріс пен толықтыруды еске салып өтті. Ауыл, ауылдық округ әкімдігі мамандарының жер учаскесіне құқық алуға арналған құжаттар жиынтығын сапалы деңгейде ұсынуы жайында баяндады. Жер берілісі, жер учаскесін жаңа мерзімге пайдалану құқығының ұзартылым тәртібі туралы жергілікті әкімдіктің ақпарат тақтасына мақала жарияланымы, құжат көшірмесінің сапасы, ұсынылатын жер учаскесінің көлемі жайында анықтама берілді. Жер учаскесіне құқық алған сәттегі бұрынғы бас жоспар мен ауылдық аумақтың даму жоспарының құқықтық әлеуеті туралы мәселе көтерілді.
Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы Сайлау Жылқыбаев әкімшілік-аумақтық бірлік объектілері мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің аталым өзгерісіне, қайта атауға арналған жұмыс жүргізілім барысы, ҚР Президенті әкімшілігімен келісілген объектілер тізбегі туралы хабарлады. Мемлекеттік тілдің мәртебесіне, екі тілдегі міндетті құжатайналымына тоқталды. 25 көше мен 1 елді мекеннің бұрынғы атауын өзгертуге арналған ономастика комиссиясының жұмысы жайында баяндады.
Жиын әңгімесін аудан әкімі түйіндеді.
ӨЗ ТІЛШІМІЗ.