ЖАТТЫҒУ БОЙ СЕРГІТЕДІ

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)

Loading...
Жайма-шуақ ауа райы мен баршаның көтеріңкі көңіл-күйі қаламыздың «Жігер» стадионының желаяқтар жолағына халықтың мол жиылуына септесті.
Бұл сәтте Спорт күніне арналған шара ұйымдастырылды. Спорт маршының әуенімен балабақша, мәдени-спорт мекемесінің ұжымдары, спорт командалары мінберге қарай жақындай берді. Тәуелсіз еліміздің Әнұраны әуеледі.
Аудан әкімінің орынбасары Абай Әлжанов баршаға жылы лебізін арнай келе, Спорт күнімен құттықтады, деңге саулық, толымды жетістік, саламатты өмір салтына ден қоюшылар қатарының көбейе беруін тіледі. Сала ардагерлері Қайыркен Жақып, Виктор Рябуха жаңағы тілекті сабақтады.

Спорт насихатшылары, аудандық, облыстық, республикалық жарыс белсенділері, дене тәрбиесі және спорт бөлімінің, Жастардың ресурстық орталығының Алғыс хатымен, бағалы сыйлығымен көтермеленді. Олар: спорт ардагерлері, мектеп пен балабақшаның дене тәрбиесі пәнінің мамандары, ауылдық округтердің спорт әдіскерлері, БЖСМ директоры мен бапкерлері. Ауыл әкімдері, қайырымды жандар да ескерусіз қалмады. А.Ф.Дукарт, В.П.Рябуха, В.И.Палий, П.П.Залесова, Қайыркен Жақып, С.А.Киянский, Жетпісбай Белсеніс, А.Д.Цемко, С.Б.Мусумбаева, С.Т.Өтепов, О.А.Борисенко, Ж.А.Амангелдинов, Т.Б.Қарыбжанов, К.Б.Бөкешев ілтипатқа бөленді.
№1 орта мектептің ұстазы, қысқы және жазғы спорт түрлерінен аудандық, облыстық жарысқа қатысушы Гүлжан Иманова жалпыреспубликалық гимнастика жүргізді.
Ізінше, қала мен ауылдық округтердің футбол командалары жолдастық кездесу өткізді.
Раушан БАРЖАҚСЫ