БАБАЛАР ӨМІРІ ӨНЕГЕ

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (2 оценок, среднее: 2,00 из 5)

Loading...
«Жақсы әкенің атағы – балаға өмірлік азық» деген сөздің төркінінде көп мағына жатыр.
Қазақ баласы жасынан ата-тек туралы көп әңгімені жадына сақтап өседі. Сондықтан, есейе келе ол өзінің арғы тегі, туған жері жайлы білуге көп көңіл қоятыны белгілі.
Қазақстанның қай аймағын алсаңыз да осы мәселеге ерекше мән беріліп жатқандығын аңғарасыз. Әсіресе, қазіргі таңда Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы елдік мәселелерді тереңнен қарауға мүмкіндік беріп отыр.
Жақында Астана қаласында жаңа кітап басылып шықты. Оны ереймендік азамат Жанат Түгелбаевтың қолтаңбасы деп бағалаған абзал шығар. Кітап Қанжығалы тайпасының Есен тармағынан тарайтын Құдайбердіұлы Малай батырдың ұрпақтарына қатысты сыр шертеді.
Онда заман ауыртпалығын көтере білген алдыңғы толқын аталар, кейінгі буын ел ағалары мен жастар туралы салмақты мағлұматтар бар. Автор өмірде өшпестей із қалдырған батыр бабалары, Ерейменнің маңдайалды азаматтары туралы шынайы ой толғаған.
Біз осы әулеттен өрбіп шыққан ел тұрғындарына, жаңа шежірелік кітаптың басылып шығуына байланысты, құтты болсын айтқымыз келеді.
Қанат ХАСЕНОВ.
Астана.