БЕЙБАРЫСТЫҢ ҚАДАМЫ СӘТТІ БОЛДЫ

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)

Loading...
Алматының Алатау сарайының сахнасында Айжан Нұрмағамбетованың екінші республикалық конкурсы өтті. Көктемде ұйымдастырылған кастингке жалпы 500-ден астам өтінім түскен болатын. 21 өнерпаздың бағы жанды. Түсірілім 1-23 тамыз аралығында Алматыда жүргізілді. Жерлесіміз Бейбарыс Айтмұғамбетов конкурста төрт ән орындады. Гала-концертте әншімізге Сая Сахамбетпен жұптасып, «Қазағым» әнін орындаудың сәті түсті.
Бейбарыстың сапарына Астананың фирмасы, «SmartSystems” ЖШС демеушілік көмек көрсетті. Оған қоса аудандық білім бөлімінің басшысы Совет Нұрғазин, аудан әкімінің орынбасары Абай Әлжанов жанашырлық ниет танытты.
Телевизиялық сипаттағы конкурс түсірілімі қыркүйекте Алматы арнасынан көрсетілетін болады. Бас жүлдені жеңіп алған алматылық бойжеткенге жүлде ретінде клип түсірілмек.