МЕРЕКЕГЕ ШАҚЫРАМЫЗ

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...

ҚАДІРЛІ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫ МЕН ҚОНАҚТАРЫ!

Баршаңызды айтулы датаға – «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде Ерейментау ауданының 90 жылдығына, Ерейментау қаласының 70 жылдығына арналған мерекелік шараларды қызықтауға шақырамыз.

2018 ЖЫЛДЫҢ 15 ҚЫРКҮЙЕГІ.

Сағат 9-да – Бөгенбай батыр атындағы тарихи-өлкетану музейіне, қаланың көрікті жерлеріне серуен-саяхат.

9.30-да – Батырлар аллеясында Қанжығалы Малай батыр бюстісінің тұсаукесер рәсімі.

Сағат 17-де – белгіленген бағыт бойынша Ерейментау ауданының киелі орындарына саяхат.

БӨГЕНБАЙ БАТЫР АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕПТІҢ СПОРТ ЗАЛЫ

Сағат 10-да – Ауданның мерейтойына арналған салтанатты жиналыс пен мерекелік концерт. Үздіктерді құрметтеу рәсімі.

Сағат 14-те –«Көзіме бір көрінші Ерейментау…» өңірлік ақындар айтысы.

ҚАЛАЛЫҚ АЛАҢ

Сағат 12-де – Атаулы күндердің ашылуына арналған мерекелік концерттік бағдарлама.

Мереке басталар алдында:

-«Кіші Арбатта» ереймендік қолөнер шеберлерінің «Менің қонысым осында, өз өлкем көзіме ыстық» көрмесі (түрлі бұйым, сурет ұсынылады, музыка ойнатылады, жанды мүсін музейі жұмыс істейді).

«Жақсылық дөңгелегі», «Мен Ерейментауды сүйемін», «Тілек ағашы» аттракциондары іске қосылады.

Сағат 13-те –«Туған жердің тынысы» балалар концерті өтеді. Осы сәтте балалар мен ата-аналарға арналған «Табиғи материал бұйымдары» шеберлік сағаты, «Менің сүйікті ауданым» суретшілер конкурсы, бой өлшемі әркелкі қуыршақ шеруі қоса өтіп жатады.

Егде адамдарға арналған тоғызқұмалақтан, шахмат пен дойбыдан «Ойынға щақырамыз!» акциясы жоспарланған.

Сағат 14-те – балалар мен ересектерге арналған ойын шоу-бағдарламасы, әуесқой әншілерге лайықталған баянның сүйемелдеуімен частушка мен ән конкурсы

Сағат 15-те –Флэшмоб, жеңімпаздарын көтермелеу салтанаты

Сағат 20-да – отшашумен жалпылама мерекелік би кеші болады.

2018 ЖЫЛДЫҢ 16 ҚЫРКҮЙЕГІ

МАЛТАБАР АУЫЛЫ МАҢЫНДАҒЫ ИППОДРОМДА

Сағат 10-да –Аудан әкімі В.Н.Радченконың құттықтау лебізі.

Сағат 10.15-те – Концерттік бағдарлама

Сағат 10-14 аралығында – «Өнер өріндегі Ереймен өңірі» аудан суретшілерінің, қолөнер шеберлерінің бұйым көрме-сатылымы.

Сағат 12-де –«Ең үздік киіз үй» конкурсы.

Сағат 12-де -ат спорты ойындары: 20 шақырымдық аламан бәйге, 15 шақырымдық тоқ бәйге, 4 шақырымдық тай жарыс, 4 шақырымдық жорға жарыс.

Сағат 10-да –«Ереймен барысы» қазақша күрес жоспарланған.

ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ