АЛТЫН БЕСІК, ҚҰТТЫ МЕКЕН ЕРЕЙМЕН

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)

Loading...
Құрметті жерлестер, барша қауым!
Бүгін Ерейментау ауданына – 90 жыл! Бұл кемел кезең. Адамның ғұмыры жылмен, ауданның тарихы даму кезеңімен өлшенеді. Өткен кезең халыққа жеңіл тиген жоқ. Алдыңғы буын соғысты, да соғыстан кейінгі ауыртпалықты да, тың эпопеясын да, Одақ ыдыраған кезеңді де бастан өткерді. Жылдар бойы жинақталған тарих пен өмір тәжірибесін салмақтай отырып, өткен кезеңнің қарама-қайшылығын, жаңсақтық пен олқылықты бағалау жеңілірек. Дегенмен ақиқат пен әділдік тұрғысында назар салар болсақ – толымды табыс, биік меже, айтарлықтай жетістік байқалып жатты.
Өз тарихымызды бағалағанымыз орынды. Өйткені біз сырттай бақылаушы емеспіз, ажырамас бір бөлшегіміз. Ортақ үйіміздің ғұмырбаяны дәл осы оқиғалардан, ізгі амалдан қалыптасқан.
Мен Ерейментау ауданының Благодат ауылында ордалы отбасында дүниеге келдім. Ерейментау ауданы жүрегіме жақын, қайталанбас, бірегей өлкемен пара-пар. Өйткені барлық ғұмырым осы өңірмен, халқымен тығыз байланысты. Осы жерде еңбекке төселдім, қоғамдық-саяси салада тұрғыда шыңдалдым. Аудандық комсомол комитетінің хатшысынан аудан әкімінің орынбасары дәрежесіне көтерілдім. Тек әлеуметтік мәселелер бойынша орынбасар қызметінің өзін жалпы 24 жыл атқардым.
2010-2018 жылдар аралығында «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары болып жұмыс істедім. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысқан әйелдер съезіне, көшбасшы партияның съезіне жалпы үш мәрте делегаттыққа ұсынылдым. 2016 жылы «Құрмет» орденімен марапатталдым. Алыс шет елге: Германияға, Венгрияға, Румынияға, Израильге, Америкаға сапар шектім. Жұмыс бабында кадрлардың берік шоғырын қалыптастыруға ден қойдым. Оған әлеуметтік сала басшыларының еңбексүйгіштігі, басым бағытты біілктілікпен межелегені, іс-амал стратегиясы мен тактикасын дұрыс бағдарлағаны септесті.
Өмірімдегі игі жетістігімнің бәрі мекеме жетекшілері мен қызметкерлерінің ортақ еңбегінің, түсіністігі мен қолдауының нәтижесі.
Зейнеткерге зейнетақы, мұғалім мен дәрігерге жалақы төленбеген, шеру ұйымдастырылған кезең есте қалды. Сол сәтте барлық мәселені жылы сөзбен, реті келгенде ел ағаларының ақылымен шешуге тура келді.
Ол уақытта қаншама бала оқытылған 37 мектеп жұмыс істеп тұрды. Білім бөлімін біліктілікпен басқарған Ғ.С.Сырымбетова өзекті мәселе шешімінде адалдық пен ұқыптылық байқатты, мектеп директорлары басшысына қолдау көрсетті. Кертартпалықтан ада бола жүріп, заман жаңалығына ұмтылуға, ілесуге ден қойды. Қатарымызда зерделі шығармашыл педагог кадрлар, гимназиялық балабақша, мектеп-лицей болды. Оларды Г.А.Кулагин, Р.М. Жиенбаева, С.Н.Рыбалко, Г.О.Апракина, А.М.Молдабаев, Т.М.Ураскина, Б.С.Дүйсенов, Б.Ғ.Подкенова, Ж.А.Бөдешев, Б.Құсайынова басқарды.
Біздің кезеңімізде әлеуметтік қорғау бөліміне: Г.М.Тюкинаға, М.О.Нұртазинаға, С.Қ.Көшкінбаевқа уақыт ағымы жеңіл тимеген болар, сірә. Олардың әріптестері халықтың мұң-мұқтажымен бетпе-бет кезікті, мүгедектер мен зейнеткерлердің қиындығын көзімен көрді. Қаншама адаммен қалыпты жұмыс жүргізу үшін қайырымды да төзімді, елгезек те сабырлы болуға тура келгені айтпаса сда белгілі.
Өз ісін жанындай сүйетін нағыз еңбек майталмандарымен қатар үзеңгілес болғанымды бақытқа балаймын. Олар мәдениет, спорт бөлімін басқарған, осы салада жемісті қызмет атқарған Ө.Н. Нұржанов, М.Б. Әдірешев, А.А.Попов, С.И.Барлыбаев, А.С. Темірбаев, В.П. Рябуха, С.Т.Өтепов, А.Ф.Дуккардт.
Біз мәдениетте де, спортта да, ұдайы алдыңғы екі орынды иелендік. Ұдайы алда болуды міндетімізге айналдырдық. Бөгенбай батырдың 300 жылдық мерейтойын дүрілдетіп өткіздік. Тіпті ауыр кезеңнің өзінде білім беру, мәдениет, денсаулық сақтау саласына, спортқа көбірек көңіл бөлуге ниеттендік. Ұдайы қаржы жетпей жатса да, кәсіпкерлердің, шаруашылық басшыларының қамқор ниетті қолдауын сезіндік. Бірде-бір мекеме оңтайландырылмады. БЖСМ, Балалар музыка мектебі. Шығармашылық үйі, 17 кітапхана жабылмай сақталды. Бәрі бірінші басшылар Ө.Қ.Мұсабаевтың, Е.Я.Каппельдің және басқаларының арқасы.
Бүгінгі күні өз қоғамымыз үшін алаңдамауымызға әбден болады, өйткені ізбасар ұрпақтардың игі қадамы көз алдымызда.
Ауданның денсаулық сақтау саласында медициан мамандары да біліктілікпен еңбек етті. А.Ж.Сүгірәлин, А. Д. Хасенов, Б.М. Мейірманов, М.Қ.Мейірманов жалпы 30 жылдан астам уақыт бойы осы жүйенің жұмысын басқарды. Өңір халқы Ж.Х.Қанаевты, Ә.Ш.Подкеновты, Ш.Д.Бейсенованы, А.В.Шмидтті, А.П.Огайды, Г.Н.Анасованы алғыс сезімімен еске алады.
Ереймен тарихының парағы байырғы тұрғындардың қажырлы еңбекке толы ғұмырнамасымен толықты. Аға буын өкілдері ауданның қалыптасуына, өркендеуіне сүбелі еңбек сіңірді.Маған да жаратылысынан бойына елгезектік, адалдық қасиеті дарыған, ұдайы жаңалыққа, жасампаздыққа, шығармашылыққа құмар жандармен қызметтес болу бақыты бұйырыпты.
Біз бүгінгі күні аға буыннан құнды мұра болып ауысқан тарих беттерін парақтадық. Оның бәрі бағалы қазына, парасаттылық пен патриотизмнің жарқын үлгісі, өнегелілік тәрбие құралы.
Жаңалыққа құмарлық пен ұмтылыс сол кездегі басшылардың өмір салтына, кәсіби дағдысына айналды. Иелігіндегі сала жанашыры ретінде басқаға ұлгі көрсетуді өздерінің кәсәби парызына санады. Нәтижесінде барлық совхозда мектеп, аурухана, клуб, кітапхана сақталып қалды, әлі де өркендеу үстінде.
Өлкетану мұражайы заманауи деңгейде жөндеуден өтті. Оған С.Ж.Жалмағамбетованің жетекшілігімен облыстық құрылым басшылары Е.Дмитриенко, Н.С.Сейітжанова ауқымды көмек көрсетті.
Бөгенбай батыр стеласының маңында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты қарсы алғанымыз ауқымды мерекеге айналды.
Қымбатты жерлестер, достар!
Баршаңызды мерейлі датамен шын ниетпен құттықтаймын! Денсаулық пен тыныштық, туған өңіріміздің гүлдене беруін тілеймін!
Сара ДҮЙСЕНБАЕВА.
ЕРЕЙМЕНТАУ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ ТҰРҒЫНЫ