ӨЛШЕУСІЗ ЖӘРДЕМ КӨРСЕТТІ

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)

Loading...
Күншалған ауылдық округінің бастамасымен «Мектепке жол» республикалық акциясына қатынасуға, бізде де жылдағыдай, белсенділік байқалды. Мектеп пен ауыл әкімдігі бірлесе отырып, шағын ауқатты отбасылардың балаларын қатарынан қалдырмаудың, қамкөңілсіз қалмай мектепке зор қуанышпен жіберудің қамын ойластырды. Қорытындылай келсе, 4 балаға демеушілік көмекпен мектепке жіберу ұйғарылды. Әр мекеме: Күншалған ауылдық округінің аппараты, әкім Айланыш Тілекберді және Күншалған орта мектебінің мұғалімдер ұжымы, басшысы Ораз Сетаев бір оқушыдан 2 балаға жәрдем көрсетсе, «Ақдім» ЖШС басшысы Бауыржан Аралтаев және «Нұр-Әли» ЖШС директоры Бекім Әкімов бір оқушыдан 2 балаға қуаныш сыйлады.
Жыл сайын өтетін республикалық акцияға аталмыш демеушілер ықыласпен көмек қолын созады. Осындай жомарт жандардың арқасында 1 қыркүйекте шәкірттеріміз толығымен оқуға баруға даяр болып мектеп есігін ашты. Демеушілерімізге алғысымызды айта келе, отбасыларына амандық, еңбектеріне жеміс тілейміз!
ГҮЛМИРА САҒЫНБАЕВА
Күншалған орта мектебінің
іс меңгерушісі