МЕРЕЙТОЙҒА БІЗ ДЕ ЖЕТТІК АЯҢДАП

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)

Loading...
Ауданның бүкіл спортшылар қауымы тамыздың соңында Спорт күнін атап өтті. Мереке құрметіне дүбірлі жарыс, әртүрлі турнир ұйымдастырылды. Оқырман қауым бұл күндері тілшілеріміз арқылы аудан спортының тарихынан мол мағлұмат алуда. Дене тәрбиесі және спорт бөлімінің басшысы Алмагүл Мейрамқызы Әлжановаға жолыққанымызда, әуесқой спортшыларымыздың айтулы дата қарсаңындағы жетістігі туралы мәлімет алдық.
Қазіргі уақытта аудан көлемінде спортпен айналысуға арналған 107 алаң мен ғимарат баршылық. Атап айтқанда 1500 орындық 1 стадион, тир ататын 5 бөлме, 22 спорт залы, олардың 17 – сі мектепте, 2-уі колледжде, 2 -уі ауылдық округте іске қосылған. 68 жазық алаң, 46 спорт алаңы, оның 1-уі жасанды төсемді спорт алаңы, 21 футбол алаңы, 4 ашық хоккей корты, 7 жапсарлас бейімделген спорт залы ел игілігінде.
Штаттағы дене тәрбиесі қызметкерлерінің жалпы саны – 80 адам, олардың ішінде 51 маманның дене тәрбиесі саласынан жоғары білімі баршылық. Дене тәрбиесі мен спорт ұжымдарында 7452 адам жаттығады. Аудан бойынша 465 спорт секциясының жұмысы қамтамасыз етілген.
Дене тәрбиесі және спорт бөлімі биыл пневматикалық винтовка алдырды.
Үстіміздегі жылдың алғашқы жартыжылдығы ішінде белгілі нәтижеге қол жетті. 18-19 мамырда Бурабай ауданында «Акмола Барысы» турнирі өтті. Ербол Нурланұлы шаршы алаңда үшінші орынды иеленді. 25 мамырда Кокшетауда футзалдан Ақмола облысының кубогы өткізілді. Жарысқа қосылған Ерейментау ауданының командасы құрметті бірінші орынды олжалады. 30 наурызда Сандықтау ауданында шаңғы жарысынан ұйымдастырылған «Белый марафон» бәсекесінде спортшы жерлесіміз Гүлжан Иманова бірінші тұғырға көтерілді. 25-28 шілдедегі Президенттік көпсайыста жалпыкомандалық 7 орынға шықтық. Жекелей есепте Ольга Пырхқа 2 орын, Павел Дроботқа 3 орын бұйырды.
11-13 тамызда Бурабай ауданында жағажай волейболынан Ақмола облысының чемпионатына жиналдық. Құрман Ахметов, Мұхамед Сағымбаев екінші орын алды.
«Ак Бидай-2018» жарысында стритбол ойынынан (Данияр Мырзағұлов, Мейірхан Оспанов, Мерей Атамбаев, Азамат Сабыржанов) он сегіз команданың арасында төртінші тұғырдан көріндік. Анастасия Ольхова 1500 және 800 метрлік жеңіл атлетика жүлдегері атанды.
«Құлагер» спартакиадасында жалпыкомандалық 6 орын алдық. Ерхан Ғаббасов, Мақсат Мағұрыпов қазақ күресінен жүлделі орынды иеленді.
БАЛАЛАР-ЖАСӨСПІРІМДЕР СПОРТ МЕКТЕБІНІҢ ҮЗДІК НӘТИЖЕЛЕРІ
Ерхан Ғаббасов – 2017 жылы Анталияда 2000-2001 жылғы жасөспірімдер арасында дзюдодан өткен Еуропа кубогының жүлдегері. Назгүл Махметова – 2018 жылдың 18-22 сәуірі аралығында Жезқазғанда қазақ күресінен өткен 2001-2002 жылғы бойжеткендер арасындағы Қазақстан Республикасы чемпионатының қола жүлдегері. Олжас Еренғайыпов – 2018 жылдың 18-22 сәуірі аралығында Жезқазғанда қазақ күресінен өткен 2001-2002 жылғы бозбалалар арасындағы Қазақстан Республикасы чемпионатының күміс жүлдегері, 2018 жылдың 14-17 наурызы аралығында Павлодар қаласында қазақ күресінен өткен 2003-2004 жылғы бозбалалар арасындағы Қазақстан Республикасы чемпионатының чемпионы.
Айбек Жұмагұлов – 2018 жылдың 14-17 наурызы аралығында Павлодар қаласында қазақ күресінен өткен 2003-2004 жылғы бозбалалар арасындағы Қазақстан Республикасы чемпионатының қола жүлдегері.
Диас Поезбаев – 17 жасқа дейінгі бозбалалар арасында дзюдодан өткен «Огни Магнитки» халықаралық турнирінің чемпионы.
Анастасия Ольхова – шаңғы жарысынан Қазақстан Республикасы чемпионатының, облыстық және республикалық жарыстың бірнеше дүркін чемпионы және жүлдегері.
Мирас Айдарханов, Әлішер Тілегенов, Дамир Аманжолов, Тілек Ерасыл, Саттар Досхан, Сейітхан Хасенов, Анатолий Алексеев, Дамир Мырзағұлов, Таңатар Нұрахметов, Дмитрий Кибасов, Амангелді Темірлан, Әділет Поезбаев, Максим Қалиев – футболдан облыстық және республикалық жарыс жүлдегерлері.
Надежда Хадарковская, Дана Матрехина, Лаура Романцова, Камила Жанысова, Ильнара Кенжебаева, Әйгерім Секен, Евгения Лыско, Дина Айтымова, Дариға Ахметова, Айсұлу Құсайынова, Анастасия Зинич, Венера Қуатова – волейболдан облыс чемпионатының чемпиондары, облыстық және республикалық жарыстың бірнеше дүркін чемпиондары мен жүлдегерлері
Сабина Уажанова, Рахат Құдайбергенов, Сабыр Қуанышбек – ұлттық спорт-тоғызқұмалақ ойынынан облыстық, республикалық жарыс чемпиондары мен жүлдегерлері, фестиваль жүлдегерлері.
Мақсат Касымбеков, Дамир Бөкешев, Мирас Әлжанов, Айбек Жұмағұлов, Виктор Неплюев, Диас Поезбаев, Олжас Еренғайыпов – дзюдо күресінен республикалық турнир жүлдегерлері.
Осы спортшылардың бәрі аға буын бастап берген дәстүрді жалғастыра жүріп, аудан спортшыларының намысын асқақ ұстап келеді.
Ауданның барлық тұрғындарын, әуесқой спортшыларды аты аңызға айналған батырлар мен ақындар елі шежіресіндегі мерейлі мерекемен құттықтаймын.