САЙЛАУШЫ СЕНІМІ – ДЕПУТАТ ҰСТАНЫМЫ

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)

Loading...
Тарих үшін 90 жыл дегеніңіз – тек қас-қағым сәттік кезең ғана. Ал ауданның тарихи жолына үңілер болсақ – ол аз мерзім емес.
Аудан аумағы, экономикалық және әлеуметтік-мәдени даму жолы өзгерді. Мерейтой аталып өтетін шақта біз елдің бостандығы мен тәуелсіздігін қорғаған, Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен жерлестерімізге ілтипат білдіреміз. Ауданның негізін қалаған аға буынды алғыс сезімімен еске түсіреміз. Бұл – еңбегімен ел іргесін бекіткен жандардың, тағдырын ауданмен тоғыстырған барша қауымның, бүгіні мен болашағын көздейтін, оны жақсартуға ден қойған жұртшылықтың атаулы мейрамы.
Біздің негізгі күш-әлеуетіміз – туған жерін жанындай сүйетін, қажырлы да іскер жандар. Арасында еңбегі сіңген ұстаздар, дәрігерлер, әлеуетті кәсіпкерлер, энергетика, сауда, әлеуметтік және мәдени сала мамандары баршылық. Тұтас өңіріміздің әл-ауқаты мен өркендегені түптеп келгенде жаңағы адамдардың еңбегі. Барлық сайланымдағы мәслихат депутаттарының кәсіптік біліктілігі мен жауапкершілігінің нәтижесінде де ауданның дамуына барынша ден қойылды.
Мәслихаттың аудан өміріндегі рөлі мен орны жайында айта келе, оның тіршілік қызметіне қатысты маңызды мәселенің бәрі міндетті түрде ауданның өкілетті билік органы арқылы реттелетініне нық сенім білдіре аламыз.

Мәслихаттың сессияларында атқару органдарының ұсынысына сәйкес Ауданның даму бағдарламасы, тиісті кезеңге арналған бюджет бекітіледі, атқару органдары басшыларының есебі тыңдалады, өзге де аса маңызды мәселелер шешіледі.
Ауданның жергілікті өкілетті органдарына алғашқы сайлау өткен 1994 жылдың наурызынан бері, қазіргі таңда алтыншы сайланымдағы депутаттар тобы қызмет атқаруда. Әрбір сайланым депутаттары ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуын жақсартуға өздерінің сүбелі үлесін қосты. Айта кететін жайт, халық қалаулылары ең өзекті, әлеуметтік мәнді мәселеге баса назар аударды. Жергілікті бюджетті қалыптастыруға, атқаруға, халықтың медициналық және әлеуметтік сақтандырылымына, жолдың, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы объектілерінің жөнделімі мен құрылысына, ауыз сумен қамсыздандыруға арналған, өңір экономикасы үшін аса маңызды көптеген жайттарға лайықталған мәселелер ұдайы депутаттардың назарында ұсталды.
Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиялары да бірталай құптарлық тәжірибе жинақтады. Олар жылда ауданымыздың тіршілік қызметінің түрлі саласына қатысты жалпы жиырмаға жуық мәселе қарайды.
Депутататтың міндеті халықтың еркін білдірумен қатар оны жүзеге асыратын тетікті айқындауға, іспен пысықталуын тұрақты қадағалауға арналады. Алда әлі көптеген жауапты міндет пен тапсырма өз кезегін күтіп тұр. Аудандық мәслихат депутаттарының өз сайлаушыларының сеніміне сай болу үшін алғы күнде де белсене жұмыс істейтініне кәміл сенімдімін.
Қымбатты жерлестер! Ауданның 90 жылдығына шын жүректен арналған ыстық ықыласты құттықтауымды қабыл алыңыздар! Ауданымыздың гүлденуі мен әл-ауқатының нығаюын тілеймін. Бәріңізге шын ниетпен деннің саулығын, мал-жанның амандығын, келер күнге берік сенім, әрбір шаңыраққа баянды бақ, игі жақсылық орнығуын тілеймін!
Қайрат МАХМЕТОВ,
Ерейментау аудандық мәслихатының хатшысы.