ЖАҢА ЖАҒДАЙДА ҮЙДІ ҚАЛАЙ АЛАМЫЗ?

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)

Loading...
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бағдарламалар қарапайым тілмен әзірленбеген деседі. Ал олардың бір-бірін қалай жылдам алмастыратынын ескерсек – ізінше тағы да көптеген сауал туындап жатады. Біз жағдайды түзетуді, тұрғын үй бағдарламасына қатысты барлық қағидаларға мұқият зер салуды ұйғардық. Осы негізде сәулет және қалақұрылысы бөлімінің басшысы Нұрлан Көшербайұлы Бәтеновты әңгімеге тарттық.
-Н.Б. Үстіміздегі жылдың қаңтар айында бұл тақырып аясында оқырмандарға анықтама берген едім. Енді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша жобаланған «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасының кейбір жаңалығына тоқталғым келеді. Ол алдында қабылданған мемлекеттік және салалас құжаттарды: 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік инфрақұрылымдық даму бағдарламасын және 2020 жылға дейінгі өңірлердің даму бағдарламасын сүйемелдеудің жаңа тетігін бір арнаға тоғыстырады.
Бағдарлама ел тұрғындарының түрлі санатының тұрғын үй мәселесін кешенді шешуді негізге алып отыр. Жаңа мемлекеттік бағдарлама 2016 жылдың 31 желтоқсанында бекітілді. Алдыңғы: «Нұрлы жер: мемлекеттен қалай үй алуға болады?» мақаласында біз оның негізгі бес бағытын сипаттадық. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі олардың екеуінің операторы болып табылады. Бір нұсқасы әкімдікке тұрғын үй кезегіне тіркелуге негізделеді, келесі нұсқасы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшысы болуға, 10 сотық жер учаскесін алу үшін жергілікті атқару органына құжат өткізуге арналады. Әрмен қарай дайын үйді сатып алу үшін банктен несие алуыңыз қажет.
Қос бағыттың екеуі де тұрғын үй құнының 30 пайызын жинақтауды негіздейді. Басқаша айтқанда тіпті бірінщі нұсқаның өзінде қаржы мекемесінен депозит ашқызуды, оған бастапқа жарна қосуды көздейді. Осыдан кейін банк жылдық бес пайыздық сыйақысымен несиенің еекі түрін ұсынады.
Несие берілісінің шарттары депозитті жаңа ғана ашқан және уақыты үш жылдан асқан адамдар үшін өзгереді. Енді 2018 жылдың 22 маусымындағы «Нұрлы жер» бағдары аясындағы қос тәсілді талдап көрейік.
Егер депозиттің мерзімі кемінде 39 ай болса, онда алдын-ала несие берілісіне қол жеткізе аласыз. Несие қаражатының шамасы -1,2 – 45 миллион теңге аралығында. Сыйақы мөлшерлемесі – пәтердің әлде үйдің бүкіл құнын санағанда 5 пайыз. Пайызын есептегенде бастапқы жарна ескерілмейді. Несие мерзімі – 3 жылдан 8,5 жылға дейін.
Басқаша айтқанда, егер банк несиенің бүкіл қосындысын тұтастай берсе, осындай сыйақысын өндіріп алады. Алғы қарыз мерзімі біткен шақтв, несие барынша жеңіл шартқа – тұрғын үй тәртібіне ауыстырылады.
Депозитте 39 айдан артық уақыт жиылған ақша және шекті бағалау көрсеткіші бар болса, онда тұрғын үй несиесі беріледі. Несие қаражатының шамасы – 0,6-дан 100 миллион теңгеге дейін. Сыйақы шамасы – несиеге алынған ақша қосындысының жылдық 3,5-5 пайызына тең. Несие мерзімі – 25 жылға дейін.
Несиенің әрбір түрінен байқалатын артық төлем арасындағы алшақтығы барынша айшықты болуы үшін, тұрғын үй және алғы/тұрғын үй несиесінің есебін жүргізуге болады.
– Л.М. Нұрлан Көшербайұлы, Ерейментау қаласында «Нұрлы Жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы қалай жүзеге асырылуда?
– Н.Б. Ерейментау қаласында бағдарлама асында межеленген тиісті жоспары бойынша Автомобилистер көшесінің бойында (Әлжанов тұйығынан Әл-Фараби тұйығына дейінгі аралықта) коттедж қаласының құрылыс орны белгіленді. Жер учаскесінің жалпы саны -37. Бір үй салынды. 8 учаскенің иесі, 28 бос учаске баршылық. Аталған учаскелерде бірыңғай сәулет стилінде 28 жеке үйдің құрылысы жоспарлануда.
Ерейментау қаласында бүгінгі таңда коттедж қалашығы салынарда «Нұрлы Жер» бағдарламасына үн қосуға ниеттенген 19 отбасы баршылық. Сондай-ақ 2018 жылы қалада аталмыш бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында облыстық бюджеттен Ерейментауда 60 пәтерлі бір, 45 пәтерлі екі тұрғын үй салғызатын жобалық-сметалық құжаттама жобалауға қаржы бөлінді.
Жазып алған Людмила МАРКОВА.