МЕРЕКЕНІҢ ТҮПКІ МӘНІН ҚАЛАЙ ТҮСІНЕМІЗ?

Жылда 1 қазанда басталатын, тұтас бір ай бойы сәтімен жалғасатын Егде адамдарды әлеуметтік сүйемелдеу айлығының тойлану реті жайында ой қозғауды, пікір білдіруді, ұсыныс жолдауды жөн көрдім.
Айлық басталысымен әрбір округтің әкімі өз әріптестерімен, демеушілермен, ауыл зиялыларымен бірге дайындықтың қамына кіріседі. Сөз жоқ, баршасының осындай сәттегі ұйымшылдық-бірлігіне көз сүйсінеді.
Әрмен қарай ауылдастар мерекеге шақырылады. Үлкендер дәм ала бастағанда оқушылар шағын сахнадан мерекелік концерт пердесін ашады. Ал дәл жаңағыдай сәтте оқушы ұл мен қыздың да, көбі дәлірек айтсақ – өз немерелеріміз ғой, дастархандағы тәттіге аңсары аумайтынына кім кепіл?! Бұл әрбір елді мекенде жылда қайталанатын жаттанды көрініс, тіпті көшірмелі сценарий десек те еш айыбы жоқ. Кешіріңіздер, мен бұл жерде сүттей ұйыған ел ішіне іріткі салуды, ауыл әкімінің, бүкіл ұйымдастырушылардың еңбегін жоққа шығаруды көздемеймін. Негізінен мұндай жиын өткізгенге қарсы емеспін. Ертеректе бір кездері дастарханға ара-тұра ащы су да әкелінетін. Аллаға шүкір, соңғы уақытта бұл үрдіс пышақ кескендей тыйылды. Оған да қуанамыз. Тіпті жаңағыдай концерт барысында дәм дастарханына өнерпаз ұл-қыздарымыз да, ұйымдастыру алқасы да, бірге шақырылғанда – бұл жиын өзінен-өзі үш ұрпақтың: атаның, бала мен немеренің кездесуіне айналып жүре бермей ме? Бөлісіп жеген тағам да жұғымды болады, үлкендердің ғибратты әңгімесі де баянды, ғұмырлы болады. Continue reading “МЕРЕКЕНІҢ ТҮПКІ МӘНІН ҚАЛАЙ ТҮСІНЕМІЗ?”

«ҚАН”

Бала кезімізде “қаны бір ғой» , «қаны тартып тұр ғой» деген сөзді жиі естіп өстік. «Қанына тартпағанның қары сынсын», тағы басқа «қан» деген қасиетті ұғымдардың астарында туыстық жақындықтың нышаны жататынын аңғаратын едік.
Бірақ қазақ неге осы сөзге тоқтаған? Мұның ғажап құпиясы мен терең мәнін қарапайым ғана қазақ шалы дәлелдегенде халықтың даналық көрегендігі мен өмірдің адам біле бермейтін, кез келген ғұламалардың өзі шеше алмайтын сансыз сырларына көз жеткіздік.
Сонымен қан … .
1895 жылы әйгілі Бұқара медресесін бітіріп дәмолла атағын алған Кәтен 1899 жылы Мекке мен Мәдинаға барып қажы атанды. Туған жеріне келіп медресе ашты. Әкесі де, өзі де, дәулетті өмір сүрді.
1917 жылы Алашорда өкіметіне ер-тұрманымен жүз жорға ат берді. Байлығымен де, мырзалығымен де, молдалық, көріпкелдік қасиеттерімен де, аты көпке жайылды.
1928 жылы бүкіл мал-мүлкі кәмпескеге ұшырап, талауға түсті. Өзі жатарда бар, таңертең жоқ боп шықты. Сол кеткеннен мол кетті.
Артында қалған әйелі мен балалары 1932 жылы аштан қырылды. Інілері 1937 жылы «халық жауы» болып ұсталып, атылды. Сөйтіп қара суы қатық болып ұйыған, жақсы істерімен елді аузына қаратқан бүкіл бір әулеттің оты сөніп, аты өшті. Continue reading “«ҚАН””

РИЗАШЫЛЫҚ БІЛДІРУГЕ ЛАЙЫҚ ЕҢБЕК

Азаматтарды әлеуметтік қорғау – мемлекетіміздің негізгі мақсатының бірі. Өмірінде қиындыққа тап болған адам мемлекет тарапынан қолдау көретініне сенімді болуы тиіс.
Сала өкілдері өзінің қызмет бабына қарай маңызды да сауапты іс тындырады. Жәрдемге мұқтаж, зардап шеккен жанды назарына алады. Күн сайын халықты әлеуметтік қорғауға, жұмыспен қамтуға негізделетін мемлекеттік саясатты жүзеге асырады.
Мән-жайды анық түсіне білген жанға – бұл жеңіл кәсіп емес. Екінің бірі бөгденің тауқыметін бөлісе алмайды. Жан жылуын сыйлауға екінің бірі бейімделе қоймаған. Әлеуметтік кепілдеме қамтылымы, тиімді әлеуметтік саясат жүргізілімі, әлеуметтік әлсіз, шағын ауқатты, жұмыссыз санатындағылармен жұмыс – бәрі-бәрі аталмыш бөлім ұжымының тікелей кәсіптік парызы.
Соңғы жылдары бұл салада көптеген өзгеріс орын алды: атаулы әлеуметтік көмек желісі жетілдіріліп келеді, кедейшілік шегі кеңейтілді, қазіргі таңда аз қамтылған 482 азамат жәрдемақы алып жүр (2010 жылғысы -140 болатын). Басқаша айтқанда, төмен деңгейлі күнкөріс шегі атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға мұрша бермейді. Биылғы аудандық бюджеттен әлеуметтік көмек ретінде қарастырылған қаржы – 23 миллион 439 теңге (2010 жылғысы -5 миллион 403,5 мың теңге). Бөлінген ақша онкологияға, туберкулезге шалдыққандарға, табиғи апатқа кезіккендерге, аудан әкімінің грантымен дәрігерлік жоғары оқу орнында, колледжде оқып жатқандарға, естелік және мерекелік даталарға үлестіріледі. Тұрғын үй жәрдемін берерде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкінің (жертөле, сыртқы төбе, кіреберіс) жөнделім шығыны ескерілуі ықтимал. Бұл саланың жұмысын меңгеруші Айгүл Рақымжанова мен бас маман Айтжамал Жапабаева атқарады. Әріптестердің жалпы қызмет өтілі 13 жылдан асып барады. Continue reading “РИЗАШЫЛЫҚ БІЛДІРУГЕ ЛАЙЫҚ ЕҢБЕК”

КОМСОМОЛ – ӨМІРІМІЗДІҢ БӨЛШЕГІ

Партияның, комсомолдың, пионердің өзара іс-қимылына тікелей басшылық жүргізген БЛКЖО Жарғысының қағидасы әлі күнге дейін еске түседі. Ұрпақ сабақтастығы сақталды. Нәтижесінде белсенді партия, кеңес кадрлары біртіндеп өсіп-жетілді. Турасын айтайын, өзгерген саяси жағдайға орай партияның, комсомолдың, Кеңестің, сол кезеңде атқарылған істің тарихтан өшірілуіне өз басым қарсымын. Бұл ұйымдар тұрмысымыздың барлық саласын қамтыды. Ол жөнінде тереңге бойлаудың мәні жоқ. Әйтседе Ерейментау аупарткомының, кеңестің, комсомол комитетінің ғұмырнамасында елеулі із қалғанын айтуымыз орынды. Өйткені бұл салада тың идеяға, игі бастамаға сенген, өз ісіне шынайы берілген адалниетті жандар еңбек етті. Олар: аупарткомның бірінші хатшысы лауазымын иеленген Қ.А.Тәукенов, аудандық комитеттің хатшылары В.Р.Рамут, Д.М.Агафонов, В.А.Волкова, аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшылары І.А.Қанапиянов, Н.Н.Серова, А.Грибушенко тағы басқалары.
Іс жүзінде менің бүкіл өмірім, еңбек қызметім Торғай орта мектебінде ағылшын тілі мұғалімінен басталған Ерейментаумен тығыз байланысты. 1974 жылы аудандық комсомол комитетіне келдім. І. А. Қанапиянов ол кезде бірінші хатшы қызметінде болатын. Мінезі қатаң болса да, жауапкершілікті өзіне алудан жүрексінбейтін, батыл жан еді. Ізінше бұл мәртебелі ұйымды Н.Н.Серова басқарды. О.О.Айдаболов екінші хатшы ретінде идеология мәселесіне жетекшілік етті. Үшінші хатшы ретінде маған мектептің жастары сеніп тапсырылды. Бөлім және сектор меңгерушілері Қ.Н.Сырымбетов, Т.Г.Матюшкова және статист Н.П.Домащенко бізбен бірге жұмыс істеді. Аппараттың ұжымы тату болды, сенімділік пен өзара түсіністікті негізге алды, 1981 жылға дейін өз ісін атқарды. Continue reading “КОМСОМОЛ – ӨМІРІМІЗДІҢ БӨЛШЕГІ”

ШАБЫТ ПЕН АЛБЫРТТЫҚ КЕЗЕҢІ

Комсомолдың тарихы халқымыздың қайсарлық ерлігімен тығыз ұштасып жатыр. Өткен ғасырдың 20-30 жылдарындағы нәубетін, Ұлы Отан соғысының ауыртпалығын, тың және тыңайған жерді игеру кезеңін, қала мен елді мекендердің гүлденген дәуірін өткерген аға буынның шежіреге толы тұтас ғұмырнамасы баршылық. Аудан жастарының көбі 1941-1945 жылдары басқыншы жаудан Отанын қорғады. Тылда жан аямай қажырлы еңбек етті. Көптеген жігіттер Вьетнамда, Египетте, Ауғанстанда болған локалды соғыста, сондай-ақ Чернобыль атом стансасындағы апат зардабын жою кезінде батырлықтың үлгісін танытты. Комсомолдың 100 жылдығы қарсаңында 70 жылдың ортасынан 80 жылға дейін аудандық комсомол комитетінің екінші хатшысы қызметін атқарған жерлесіміз Олжахан Омарұлы Айдаболовпен жүздестік.
– Олжахан Омарұлы, аудандық комсомол комитетінің екінші хатшысы лауазымын иеленген бастапқы еңбек жолыңыз жайында не айтасыз?
– Стратегиялық мақсаттағы ракета әскері қатарындағы қызмет мерзімім, педагогикалық жоғары оқу орнындағы сабағым тәмамдалғаннан кейін мені Усамбай негізгі мектебіне оқу ісінің меңгерушісі ретінде жұмысқа жіберді. Дегенмен, арада қысқа уақыт өткенде Ерейментау аудандық комсомол комитетіне қызметке шақырды. Сол уақытта, әңгімелесу барысындаупарткомның бірінші хатшысы Қасым Аппасұлы Тәукенов менің алдыма нақты міндет қойды. Мал, егін шаруашылығында, өңір экономикасының өзге салаларында комсомол-жастар бригадасының құрылуына айрықша назар аударуымды тапсырды. Continue reading “ШАБЫТ ПЕН АЛБЫРТТЫҚ КЕЗЕҢІ”

«ҚАРТТАРЫН ҚАДІРЛЕГЕН ЕЛ АЗБАС»

Олжабай батыр ауылындағы жеке кәсіпкер Мұрат Асқаровтың дәмханасына айнала қаз-қатар үстел қойылған.
Орталық қоныстан бөлек, округ аумағындағы Ынтымақ, Алғабас, Бәймен ауылының тұрғындары – ата-аналарымыз Егде адамдар күніне арналған мерекеге жиналып жатыр. Төскейінде батыр-бидің ізі қалған, аға буынның игі еңбекпен бағы жанған, бір кездері қамбасы астыққа, төскейі малға толған өңірдің «Рухани жаңғыру» аясындағы қазыналы тылсым сыры ешқашанда толастамайды. Кешегі «Қазақстан» совхозының қажырлы еңбеккерлері мемлекетке астық, ет, сүт, жүн өткізуде ұдайы алдыңғы қатардан көрінді. Игі еңбектің қос майталманы Шәмшит Байтуаров пен Егінбай Шошанов Қазақ КСР-ы Жоғарғы Кеңесінің депутаттығына ұсынылды.
Елді мекенде билік пен халықтың арасы жақындағанының нышанын анық аңғарғандай болдық. Бүгінгі күні жергілікті ардагерлер кеңесінен бөлек, Ақсақалдар, Алқабилер, Әйелдер кеңесі іске кіріскен. Ынтымақта орын алған төтенше жағдайда Ақсақалдар кеңесінің жылу беру дәстүрін жаңғыртқан жағымды хабары жүрегімізге жылы тиді. Бұл өзге ауылға үлгі боларлық игі қадам. Осылайша ел ағалары, қазыналы қариялар өңір өміріне белсене араласады, ауыл тірлігіне қатысты түйінді мәселені бірлікпен шешуге ақыл қосады. Ынтымақ ауылында ауыз су мәселесі шешімін тапты. Келешекте әрбір үйге құбыр енгізілмек. Облыс әкімі Мәлік Мырзалиннің де күні кеше тікелей эфир арқылы халықпен жүздескеніне куәгер болдық. Көпшіліктің көкейіндегі сауалдарға тұжырымды жауап алынды. Бәрімізге енді келер күнге мол үміт, зор сеніммен қарауымыз қажет.
Аудандық ветеринария бөлімінің бастығы Орал Төлеуов, округ әкімі Хасамхан Хавджәлел барша ауылдастарға амандық, толымды табыс тіледі. Тыл ардагері Темірбай Дүйсембаев, медиатор Наил Хужин, бұрынғы совхозрабкооп қызметкері Анна Посохова, Ардақты ана Орынбасар Назарбекова жерлестерге ізгі лебізін арнады.
Тағы бір жан сүйсінерлік жағымды рәсімге куәгер болдық. Continue reading “«ҚАРТТАРЫН ҚАДІРЛЕГЕН ЕЛ АЗБАС»”

ТАПСЫРМА ОРЫНДАЛУЫМЕН ҚҰНДЫ

Аудан әкімі, «Нұр Отан» партиясы Ерейментау аудандық филиалының төрағасы Виктор Радченконың жетекшілігімен көшбасшы партияның XXVIII есеп-сайлау конференциясы өтті. Бұл форум ауыл, ауылдық округ, кәсіпорын, ұйым, мекеме бастауыш ұйымдарында өткен жаңағадай жиынның қорытындысына айналды.
Тиісті регламенті бойынша күн тәртібінің қарауына үш мәселе ұсынылды. Партияның Ерейментау аумақтық филиалының есепті кезең ішіндегі жұмысы туралы есебі және ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Қазақстан халқына Жолдауынан туындайтын міндеттер туралы Виктор Радченко сөз сөйледі. Баяндамашы шаршы топта аудандық партия ұйымының жұмысын бүкіл қырынан қамтып шықты. Партияның «Қазақстан-2021» Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» сайлауалды тұғырнамасының, «Нұр Отан» партиясының саяси доктринасының, бес институционалды реформаның жүзеге асырылымы шеңберіндегі «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының негіздерін басшылыққа алды. Continue reading “ТАПСЫРМА ОРЫНДАЛУЫМЕН ҚҰНДЫ”

ЕЛ ИГІЛІГІ КӨЗДЕЛГЕН ҚҰЖАТ

Елбасының әр жылғы Жолдауы – тарихи құжат. Қайсысын алып қарасаңыз да, стратегиялық маңыздылығы мен белгілі бір мерзімде нақты міндеттер мен мәселелерді шешуге бағытталғанын көреміз. Биылғы Жолдау да осы тұрғыдан сипатталған: бәрімізді еліміздің жаңғыру жолындағы жарқын істерге жұмылдырып отыр. Жасампаздыққа жетелеп, еліміздің еңсесін биіктетіп, ғаламдық өркениет көшіне бастауда.
Жолдау әрбір тұлғаны жауапкершілікке шақырады, жақсы бастамаларға жетелейді. Елбасы Н.Ә.Назарбаев болашағына сенімді, азаматтық мақсаты анық елде ғана толыққанды мемлекет құрылатынына сенім білдірді. Ол үшін өз бойымызда және өскелең ұрпақ бойында жаңа қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу өзекті мәселе екенін алға тартты.
Әрбір адам еңбекқор, өз саласында кәсіпқой болса, лайықты жалақы алады немесе өз бизнесін ашуға және дамытуға қабілетті екеніне келісемін. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап 28-ден 42 мың теңгеге дейін ең төменгі жалақыны 1,5 есеге арттыруды үлкен қуанышпен қабылдадық. Бұл меншік нысандарының әртүрлі салаларында жұмыс істейтін 1 миллион 300 мың адамға тікелей әсер етеді, бұл жағымды жаңалық бюджеттік ұйымдардың 275 мың қызметкерін қамтиды екен. Continue reading “ЕЛ ИГІЛІГІ КӨЗДЕЛГЕН ҚҰЖАТ”

ҚАРИЯНЫҢ КЕЛЕЛІ КЕҢЕСІНЕН

«…Даламның исі бұрқырап қарттарым аман сау жүрші».
(Сағи ЖИЕНБАЕВ)
1.Ауылын аялаған ақсақал.
Қарағым жақсыдан ұқ, жаманнан без,
Әрбір іс жер жаһанға тарайды тез.
Ақсақал іштегісін ақтарды бір,
Кешқұрым самал желде, отырған кез.
Тоздырдық біраз жейде ерте туып,
Отаннан, жау әскерін шықтық қуып.
Нанымыз көбейсін деп тың игердік,
Шыдадық аштыққа да белді буып.
Әжім торлап беттерін із тастаған,
Деп тұрғандай: тау бар ма, біз аспаған?!
Досқа адал, жауына қатал тұрып,
Ынтымағы, айбары жау жасқаған.
Қонақ келсе қуанып төрге оздырған,
Жылы шырай ниетпен қой сойдырған.
Сәби келсе өмірге – арқа-жарқа,
Азан айтып балаға ат қойдырған.
Ақсақал баяндады көргендерін,
Ертеде төл бекіткен көгендерін.
Ойланып бәрін түгел айтып отыр,
Теріден түрлі бұйым өргендерін.
Өрім өрген теріден таспа тіліп,
Естігенін айтатын кеңес қылып,
Үй салады бірлесе ауыл болып,
Шөп шабады шалғыны қолға іліп.
Бүгін болса ертеңге жимағаны, Continue reading “ҚАРИЯНЫҢ КЕЛЕЛІ КЕҢЕСІНЕН”

ҚҰТҚАРУ ҚЫЗМЕТІ – МӘРТЕБЕЛІ ІС

19 қазан – Құтқарушы күні. Ол – өз денсаулығын, тіпті жеке өмірін қатерге тігетін, алғашқы телефон хабары түскенде зардап шегушіге көмекке асығатын өртке қарсы қызмет өкілдерінің кәсіптік мерекесі.
Біз өткен жұмада Ақмола облысы бойынша Төтенше жағдайлар қызметінің аудан орталығы аумағында қоныстанған 10-өрт сөндіру бөлімінде болдық. Тәуліктік кезекшілікке кіріскен жаңағы гарнизонның кезекші қарауыл жауынгерлері №1 орта мектептің тоғызыншы қазақ-орыс сыныбының оқушыларын экскурсияға шақырды. Дене тәрбиесі сабағының маманы Сергей Киянский шәкірттер делегациясын басқарып келді.
Мекемеге келген ұл-қыздар бөлімнің бүкіл жұмыс бөлмесін аралап көрді. Адам өмірі мен қауіпсіздігіне жауапты мамандардың жұмыс ыңғайымен танысты. Кез келген телефон хабары әлде дабылды ақпар әуелі байланыс бөліміне түседі. Оны кезекші тіркеуге алады да, ізінше кезекші қарауылдың жауынгерлеріне, жедел іске кірісетін көлік жүргізушісіне жеткізеді. Шақыру түскен және бөлімге кері оралған уақыт Бірыңғай сотқа дейінгі тексеріс тізілімі жүйесіне тіркеледі. Біздің серуеніміз дәл осы басқару пультінен басталды. Заманауи байланыс құралдарын көзімізбен көрдік. Continue reading “ҚҰТҚАРУ ҚЫЗМЕТІ – МӘРТЕБЕЛІ ІС”