АНА – АРДАҚТЫ ЕСІМ, ҚАСИЕТТІ ТҰЛҒА

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)

Loading...
Жұдырықтай жүрегіне жылылық пен ұлылық ұялаған әрбір әйел – өмірдің мәні, тіршіліктің сәні. Олардың қоғамдағы, жалпы адамзаттың өміріндегі алатын орны ерекше. Олай дейтініміз, әйел отбасының ұйытқысы, ең бастысы, “Ана” деген киелі ұғымның иегері, бір қолымен бесікті тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді.
Осындай ақ жаулықты аналарымыз Қамай Тошын, Қорабай Жәмила Халықаралық егде адамдар күні қарсаңында – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен «Күміс алқа» иегері атанды.
Ұлағатты ұл-қыз өсіріп, немере сүйіп отырған аналарды Олжабай батыр атындағы ауылдық округінің әкімі Хавджалел Хасамхан арнайы құттықтады, мойындарына «Күміс алқа» тақты. Қуанышты сәтте сый-құрмет иегерлері де баршаға ізгі тілегін білдірді, шашу шашты. Елбасының ардақты аналарға жасап отырған қамқорлығына ризашылық білдірді.
Ел ертеңі болар ұрпақты өмірге әкелетін «Алтын құрсақты» аналар ортамызда көп болғай!
Жанимхан КУЛАТАЙ,
кітапханашы