ОРМАН ӨРТІ: СЕБЕБІ МЕН ЗАРДАБЫ

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)

Loading...
Өрт – адамның өмірі мен денсаулығына, қоғам мен мемлекетке зиянын тигізетін, қоршаған ортадағы заттарды құртатын апаттың бірі. Орман – биосферадағы оттегі және көміртегінің маңызды қоры. Орман топырақты эрозиядан қорғайды, топыраққа атмосфералық жауын-шашынды жібереді, оны бөрік басында ұстап тұрады да топырақтың қорғаныс функциясын атқарады.
Орман өрті – абайсыз жағылған от, сөнбей қалған шоқ, кейде найзағадан да пайда болатын тосын оқиға. Ол көбінесе құрғақшылық жылдары, ерте көктемде және күзде болады. Негізгі себебі – ауыл шаруашылығы қалдықтарын өртеген кезде қауіпсіздік талаптарының бұзылуынан туындайды. Орман өрті ағаш қорын кемітумен қатар, ағаштың өсімін нашарлатады, жалын шарпыған ағаш қурайды, жел, дауылда сынғыш келеді. Орманда зиянды жәндіктердің, ағаш ауруларының таралуына қолайлы жағдай туады.
Орман өртінің туындауы, таралуы және өрбуі, – негізінен, бедерлі-ландшафтық, өсімдіктер мен ауа райына және басқа да шарттарға байланысты. Бұл шарттарды – өрт сөндіруді мақсатқа сай ұйымдастыру, орман өртін сөндірушілер мен осы іске қатысушы өзге де адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ескеруіміз қажет. Өрт мінезіне әсер ететін негізгі шарттар мен факторларды, яғни жану барысына, оның қарқынына (таралу жылдамдығының өсуі) және бағытына себеп болатын факторларды білу – ерекше қажет. Ормандағы жанғыш материалдардың өртенуі. Орман өрттің таралу себептері – бұл белгіленген жерлерден тыс жерлерде жағылған және бақылаусыз қалдырылған от, тұтандырылған темекі тұқылы неме¬се сіріңке, әр түрлі механизмдердің газ шығаратын түтіктерінен шыққан жалын, еткен жылғы шөп-шалам қалдықтары мен жанғыш күл-қоқысты ертеу, адамдардың қызметіне байланысты езге де от кездері және найзағай түсуі. Жану барысында кеп мөлшерде бөлінген жылу қоршаған ортаға төмендегі жолдармен тарайды: конвекция – жоғары температураның ыстық ауа көлемін өртеніп жатқан жердің үстінен конвекциялық (қызған) бағана түрінде көтеру жолымен таралуы; сәуле шашу – жоғары температураның от жанған кезден барлық бағыттарға сәуле энергиясы түрінде айналаға таралуы;
Ауа райы жағдайының өрттің таралуында шешуші маңызы бар, өйткені жауын-шашын мен жоғары ылғалдылық жануды шектейді және тоқтатады. Күшті жел, керісінше, өрттің өршуіне себеп болады. Тымық ауа райы, төмендеген температура, әсіресе түн мерзімінде, өрттің бәсеңдеуіне септеседі. Құрғақ, ыстық ауа райы оттың шығуы мен таралуына аса қолайлы жағдай туғызады. Жұмыс тәжірибесі керсеткендей, ерттің таралуына әсер ететін. негізгі есепке алынатын факторлар – жел, ылғалдылық, ормандағы жанғыш материал қоры, ауа температурасы және жер бедері.
Е.АЙДАБУЛОВ,
«Бұйратау» МҰТП» РМК
«Ерейментау» филиалының
мемлекеттік инспекторы.