ОРТАҚ МАҚСАТ ҮЙЛЕСІМІНДЕ

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...

Ақмола облысының белсенді жастары өңірімізге келді. Топтың құрамына облыстық жастар ресурстық орталығының басшылары мен мамандары, оның аудандық филиал жетекшілері енді. Облыстық жастар ресурстық орталығы «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының жиналыс залында облысымыздың салалас орталықтарын дамытуға арналған үйлестіру кеңесінің IV отырысын өткізді. Жиынды «Ақмола облысы жастардың ресурстық орталығы» коммуналды мемлекеттік мекемесі бастығының міндетін атқарушысы Е.М.Мүсіпов ашты. Жұмыс мәжілісінің бағдарламасына сәйкес, облыстың Сандықтау, Жақсы, Біржан сал аудандарының және Степногорск қаласының өңірлік орталық басшылары: А.В.Жәмәлиевтің, Ю.И.Шарафутдиновтың, М.К.Дәулетхановтың, А.О.Насыровтың баяндамасы тыңдалды.
«E TOWN» жастар қоғамдық бірлестігінің жұмысы туралы осы ұйымның төрағасы Қазыбек Әлібек таныстырылым ақпарын баян етті. Е.М.Мүсіпов үйлестіру кеңесінің жұмысын қорытты, 2018 жылдың төртінші тоқсанына арналған жұмыс жоспарын ұсынды.
Ерейментау ауданының жастар ресурстық орталығы түстен кейін қонақтарға өңіріміздің киелі орындарын аралап көруді ұсынды. Экскурсия Бөгенбай батыр атындағы тарихи-өлкетану музейінен басталды. Меймандар мекеме қызметкерлері Ләззат Түгелбаева мен Манап Әдірешев арқылы аудан тарихына қатысты кең көлемді ақпар алды. Кеңеске қатысушылар қала мен ауданның көрікті жерлерін аралады. Жер электр стансасының жұмысын қызыға тамашалады. Орталық алаңда серуендеді. Батырлар аллеясына барды. Бөгенбай батыр атындағы қазақ орта мектебінің ауласындағы ашық аспан астындағы музей де назардан тыс қалған жоқ. «Құмай» этнопаркіне сапарға шыққанда «Үш найза» стеласының маңына аялдады. «Құмай» өңіріне барған бетте қонақтардың назарына Қазақстанның киелі орындарының республикалық тізіліміне енгізілген киелі орынның ашылымы жайында мәлімет ұсынылды. Ақмола облысының жастары жүргізілген шара нәтижесінде өлкеміздің байлығына, ортақ нәтижелі жұмысқа қайран қалды.
Зарина ХАБИБУЛИНА,
Ерейментау ауданының жастардың
ресурстық орталығының директоры.