БҰЛ НЕҒЫЛҒАН КӨРІНІС…?

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...

Күзгі әсем көрініс, ағаш пен бұтаның аяқ астына үзіліп түскен, түрлі түске енген жапырағы жылы мезгілінің алмасқанын анық байқатады.

dav

Айта кететін жайт, қаламызда айналаны көріктендіруге, тазалық сақтауға арналған ауқымды іс тындырылды. Ұйымдастырылған сенбілік пен тазалық бейсенбісінде Ерейментау көлемі әжептәуір тазарып қалды.

Әттеген-ай дегізерлік жайттары да жоқ емес. Жерге түскен жапырақ, турасын айтар болсақ, біздің мәдениетсіздігімізді тағы бір мәрте паш етті. Мысалы, Әуезов көшесінің бойындағы табанжолмен жүріп өткен адам Бөгенбай батыр атындағы қазақ орта мектебіне қарама-қарсы жақтан рұқсат етілмеген қоқыс алаңын аңғарады. Әрине, оны орта мектеп жинап алмаған. Дәлірек айтар болсақ – бұл қалалық базар аумағының сыртқы жағы, оның әкімшілігі өзінің маңайына қоқысы мен бос ыдысын тау-теңіз етіп үйе салған. Бұл оқушы балаларымыз үшін қолайсыз көрініс әрі жаңағы қоқысты жапырақтың астына жасыра салудың амалы ғой деген ойға жетелейді.

Көптен толғандырып жүрген тағы бір сауал: қаланың орталығында контейнердің саны неге сонша көбейіп кетті? Біз әлде портта немесе жүк түсірілетін қоймада мекендеп жатырмыз ба? Жаңағы сауда орындарының сыртын неге көркімен көз тартарлық деңгейде қоршап қоймасқа? Ауданның қоғамдық кеңесінің мүшесі, қарапайым қала тұрғыны ретіндегі ой-пайымымыз осындай.

Раушан БАРЖАҚСЫ.

Суретті түсірген автор.