БІЛІМ ЖҮЙЕСІНЕ ҚАМҚОРЛЫҚТЫ СЕЗІНДІК

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...

Перуаш Кәрімұлы атындағы Малтабар орта мектебінің ұжымы биылғы жылдың 5 қазанында эфирден жария етілген Елбасының Қазақстан халқына кезекті Жолдауын зейін қоя тыңдады.

Мемлекет басшысының «Жұмыспен қамтудың жол картасы» мемлекеттік бадарламасын 2025 жылға дейін ұзартуды көздеген бастамасы жұмыссыздар мен өздігінен кәсіп атқаратындарға мамандық алуға жаңа мүмкіндік бермек. Осы бағдарламаның арқасында жаңа мамандық бойынша қайта дайындықтан өтуге, өз кәсібін ашуға, жерлестерін жұмысқа орналастыруға мүмкіндік туындайды. Бүгінгі таңда жаңа мамандық пен бейімділікке төселуге ғаламтор желісінің мүмкіндігі жан-жақты пайдаланылуда. Бұл да ниет білдірген жандарға өз бизнесін ашуға мол септеседі.

Мектеп жасына дейінгі балалардың 95 пайызы балабақша мен шағын орталықта оқу-тәрбиемен қамтылған. Жолдауда балабақша қызметкерлерінің жалақы өсімі туралы сөз қозғалған. Осылайша бүлдіршіндердің оқу-тәрбие сапасын жақсартуға, әсіресе ауылдық жерде тәрбиеші мамандығының мәртебесін еселеуге жол ашылмақ. Бағдарламалық құжат адамдарды толғандырған бірталай сауалдарға жауап қайтарды. Атқару органдарының алдына табысты молайтуды, өмір сапасын жақсартуды негіздейтін нақты жаңа міндет белгілеп берді.

Руслан ХАМЗИН,

Перуаш Кәрімұлы атындағы мектептің директоры.