ӨНЕР ИЕЛЕРІНІҢ АЛҒЫСЫ ШЕКСІЗ

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...

Үшінші қазанда Балалар музыка мектебінде Егде адамдар күні мен Мұғалім күніне арналған концерт өтті. Қаламыздың білім беру саласының ардагерлері, шәкірттердің ата-аналары, ата-әжелері құрметтің мейман ретінде шақырылды. Аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Қатима Әубәкірова, Балалар музыка мектебінің директоры Асқар Өсіпов қонақтарды құттықтады. Вокал бөлімінің шәкірттері әуезді әнімен көпшіліктің көңілінен шықты. «Ақ бұлақ» қобызшылар ансамблі, домбырашылар ансамблі, жоғарғы сыныптың хоры баршаның қошеметіне бөленді. Фортепианоның бой сергітерлік жанды әуені шынайы ләззат сыйлады. Концерт көрермен қауымның көңіліне жағымды әсер етті.

Ағарту ісінің ардагері Қайрат Өсіпов өнер ордасының оқушылары мен ұжымына ризашылық ниетпен ағалық алғыс айтты. Бүгінгі мереке үлкендердің де, балалардың да, жүзіне нұр, көңіліне шуақ сыйлағандай әсер қалдырды.

Айнұр РҮСТЕМОВА,

директордың оқу ісі бойынша орынбасары.

Суретті түсірген автор.