МАУСЫМДЫҚ ЖҰМЫС ТӘМАМДАЛУҒА ЖАҚЫН

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)

Loading...
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының ақпары бойынша облысымыздағы дәнді дақылдардың орташа гектар өнімділігі – 12,5 центнер. Атбасар, Жарқайың, Қорғалжын аудандарының диқандары науқандық жұмыстың көш басында келеді. Бұл өңірлердің егіні толық жиылып алынған. Зеренділіктер рейтингтік өнім көрсеткішінде көш бастап тұр. Олар егіннің әр гектарынан 16,3 центнер, бурабайлықтар -14,7 центнер астық жинаған. Рекордшылар қатарында гектар өнімділігі 16,5 центнерден айналған сандықтаулықтар да баршылық, деп хабарлайды «Акмолинская правда» газеті.
Енді ауданымыздағы орақ жұмысының жағдайына келейік. Ауыл шаруашылығы бөлімінің оперативті мәліметі бойынша, дәнді және дәнді-бұршақты егістік алаңы – 63234 гектар. Бидай мен жемдік астық дақыл егістігі де осы санатқа кіреді. 1540 гектар алқапқа майлы дақылдың тұқымы егілген.
9 қазанға дейінгі мезгілде бүкіл егіннің 88,4 пайызының дақылы орылған, бастырылған. Егер ауа райы бірнеше күн ашық болса, онда орақ жұмысы тәмам болады. Аудан бойынша орташа гектар өнімділігі – 9,7 центнер.
Бүкіл егістіктің майлы дақылы жиылып алынды, әр гектары 4,6 центнерден түсім берді. Сүрлемдік жүгері 100 пайыз жиылды. Жалпы 4710 тонна балғын азық даярланды, орташа өнімділігі 90,6 центнер.
Барлық алқаптың картобы мен көкөнісі толық жиналды, орташа гектар түсімі -150 центнер.
Ауданның барлық шаруашылығы, жеке қосалқы шаруашылық мал қыстату кезеңіне толық даярланды, қажетті шамада шөбін үйіп алды. Ауылмен бірге қаладағы аула иелері де шөппен қамтылды. 2018-2019 жылдың қыс мезгіліне облыстан жалпы 121,8 мың тонна шөп жинауға жоспар белгіленген болатын. Қолдағы малдың жалпы санына сәйкес, аудан бойынша жылдық сұраныс – 151,6 мың тонна. 6 қазанға дейін даярланғаны – 152,6 мың тонна, яғни жылдық қор 101,0 пайызға толықтырылған.
Раушан БАРЖАҚСЫ.