НЕГІЗІМІЗ БӘРІБІР КОМСОМОЛ ҒОЙ

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)

Loading...
2018 жылдың 29 қазанында Комсомолдың 100 жылдығы аталып өтеді. Осы оқиғаға орай редакцияға жолығуыма тура келді. Біріншіден, ол әрбір бұрынғы комсомолдың жан-дүниесінен орын алады. Иә, бұл ұйым өз заманында әлеуетті жастар бірлестігі болды. Өз айналасына миллиондаған қыз-жігітті топтастырды, құрамына бұрынғы Одақ елдерінің жұмысшысы да, зиялысы да, енгізілді. Біз бәрімен достық қарым-қатынаста өсіп-өндік, білім мен тәлім алдық. КСРО атты ірі мемлекетті қоныс ететін көптеген ұлыс өкілінің арасында еркіндік, бауырластық, теңдік, достық, бірлік пен татулық қалыптасқанын анық білдік. Енді мен де Коммунистік жастар одағы атанған ұйым, біз өткерген қызықты кезең жайындағы естелігіммен бөліскім келеді.
Мен көзіме ыстық көрінетін, жаныма жақын өңірде – Торғай ауылында туып-өстім, білім алдым, еңбек еттім. Қазір 72 жастамын. Балалық-жастық шағым, қызмет жолым осында өтті. Алғашқы жұмысым кеңшарда егін себетін уақытта басталды. Ертеректе сеялкаға қызмет көрсетілетін. Себетін агрегатты алқаптың басында және соңында іске қосатын едік. Үйге үсті-басымыз шаң басқан қалыпта шаршап оралатынбыз. Дегенмен игі іс тындырғанымызға көңіліміз көтеріңкі болатын.
Бертін мені кітапханаға жұмысқа шақырды. Бұл жүйеде жалпы 12 жыл жұмыс істеппін, бұл да бір дәурен екен ғой! Мирас Алашпаев, Уахит Ботпаев ол уақытта комсомол комитетін басқаратын. Комсомолдар мен ауыл жастарының арасында бірталай әртүрлі жұмыс жүргізетін едік. Диспут, тақырыптық әдеби кеш, КТК ойыны өткізілетін. Көркемөнерпаздарымыз көпшілікке танылды. Тіпті бір жылы біздің жетістіктеріміз арқылы тұтас ауданның намысы облыстық деңгейде де, сол кездегі Целиноград қаласында қорғалды. Ауылдық кеңестің төрайымы Фаина Михайловна Гайнутдинова мен хатшысы Вера Николаевна Шпеттің басшылығымен ауданда алғашқы болып, жаңа салт-дәстүрді қалай жаңғыртқанымыз еске түседі. Мен өзіме жетекшілік жүргізген тәлімгерлеріме шексіз ризамын. Облыстық мәдениет бөлімінің сол кездегі бастығы Борис Геннадьевич Маевский маған Челябинск мәдениет институтына түсуге жолдама берген еді. Оқуымды сәтімен тәмамдап алдым. Аудандық мәдениет бөлімінің бастығы Өмірбай Нұржанұлы Нұржанов, аудандық кітапхананың меңгерушісі Полина Ивановна Стригунова өңіріміздің мәдениетін дамытуға сүбелі үлес қосты. Біздің Торғай ауылдық кітапханасы «Үздік жұмыс атқаратын мекеме» ретінде бағаланды, Қазақ КСР-ының мәдениет министрі қол қойған «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен марапатталды. Әрмен қарай парткабинетке қызметке ауыстым, меңгерушілік қызмет атқардым. Бұл бағыт партия қызметіне, негізінен еңбеккерлерге жақын болды. Облыстық идеологымыз Мағауия Сейілқызы Исмағамбетованың, аудандық салалас ұйым жетекшілері Валентина Алексеевна Волкованың кеңесшілігімен іс атқардық. Серік Сыздықұлы Сыздықов, Алексей Иванович Захаров, Сара Нүрпейісқызы Дүйсембаева, Иван Иванович Мележик, Балкен Хасенұлы Омаров және көптеген басқалары қызмет атқарды. Біз өз жауапкершілігімізді сезіндік, жұмысымызға бағыт-бағдар алдық. Бірге әріптес болған бірінші хатшылар Қасым Аппасұлы Тәукеновты, Төлеген Қашқынбайұлы Ошағановты, Владимир Федорович Ерохинді қалай еске алмасқа?! Ол кісілердің бәріне алғысым шексіз. Өткен уақыттан санамда тек жарқын естелік қана қалды. Мақалама арқау болған, есіме түсірген жандардың бәрі – Отанға, заман қағидаларына шынайы берілген бұрынғы комсомолдар. Комсомолдың алдағы 100 жылдық атаулы датасы құрметіне әлі көзі тірі, өзінің комсомолдық жастық шағын, өткен өмірін жадында ұстайтын жандарға көңіліміз мәңгілік комсомолдық жас күйінде болатынын айтқым келеді. «…Комсомолдан қол үзбеймін, мәңгі жас боп қаламын!», -деген ән жолдары әлі құлағымызда. Бұрынғы комсомолдарды мерейлі оқиғамен құттықтаймын, көңілімізде тек жақсы күннің естелігі сақталсын.
Құрметпен, Валентина ШЕПЕЛЮК.
Торғай ауылы.