ТЕРІС ПИҒЫЛ, ҚАТЫГЕЗДІК БІЗГЕ ЖАТ

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)

Loading...
Біздің бір ерекшелігіміз: елімізде қоныстанған түрлі ұлт өкілдері, діни сенімі әркелкі болса да, тату тірлігі арқылы сыйластық ниетін өзара нығайтып келеді.
Елдің рухани тұрақтылығы дәстүрлі ислам мен православиемен тығыз ұштасуда. Бұдан бөлек, Қазақстанда өмірдің басты құндылығы – айрықша назарда. Сол себепті ұлтаралық татулыққа, халықаралық дінаралық келіссөзге көп көңіл бөлінеді. Әлемдік және дәстүрлі дінбасыларының жуырда Астанада өткен VI съезі Қазақстан Президентінің «Әлем ХХІ ғасырда» манифесіне арналды. Дін жетекшілерінің құжат мазмұнын терең пайымдағаны, бітімгершілік әлеуетін, түпкі идеясын анық түйсінгені жаһандық тұрақтылық пен қауіпсіздіктің сақталуына қосылатын лайықты үлес болмақ. Шаршы топта дін көшбасшыларына бейбіт өмірдің, өзара түсіністік пен сыйластықтың құнын бағалауға, барлық діннің уағыздық, қасиетті орындарында алауыздық пен зорлық-зомбылыққа жол бермеуге үндеу арналды.
Біртұтас Қазақстан халқы 18 қазанда Рухани келісім күнін атап өтеді. Ол – дінаралық өзара сыйластық пен өзара түсіністіктің нышаны. Бұған қоса дау-дамай мен қақтығыс мораторийі мен татулықты, мейірімді, елгезектікті, жақсылықты, ізгілікті іздестіретін күн.
Ауданымызда 37 ұлттың өкілі тату-тәтті ғұмыр кешуде. Екі православие шіркеуі, он мешіт пен намазхана нәтижелі қызмет атқарады.
Қазақстан 1992 жылы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Бүкіләлемдік рухани келісім конгресін өткізетін, Еуропа мен Азия елдерінің түрлі дін өкілдері қатысатын орынға айналды. Шара 1893 жылы Американың Чикаго қаласында өткізілген әлемдік дінбасыларының І Съезінің жүз жылдық мерейтойымен орайластырылды. Ол жұртшылықтың қызығушылық ықылас шеңберін кеңейтті. Конгрестің ашылған күні сол уақыттан бері жылда елімізде Рухани келісім күні ретінде аталып келеді. Конгреске қатысушылар қабылданған манифесте оған тоқталуға шақырды.
Қазақстандағы мәдениет диалогының дін диалогы екені де белгілі. Елімізде тәуелсіздіктің арайлы таңында шақырылған рухани келісім идеясы жер бетіндегі бейбітшіліктің алғышарты ретінде көрегендік стратегиясына айналды. Қазақстан осы уақыттан бері тыңдай да, келісе де білудің өзі өмір шындығы екенін бүкіл әлемге ауық-ауық хабарлап отырады.
Қазақстан бұрынғы кеңес еліндегі алғашқы мемлекет ретінде діни сенім бостандығы және діни бірлестіктердің қызметі туралы арнаулы заң қабылдады. «Бүкіл әлемдік дін қазақ жерінің бойымен өтті, сондықтан теріс пиғыл, қатыгездік бізге жат. Бұл рухани дәстүр, бұл Жаратушының сөзіне кез келген сәттегі айшықтылық – Қазақстандағы дінаралық татулықтың маңызды негізінің бірі…», – деп айтылған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ел халқына Жолдауларының бірінде.
Шындығында, көпұлтты, көпдінді Қазақстанның толеранттылығы елдің басты құндылығының бірі. Мемлекет басшысы оны еліміздегі мәдени құндылықтар мен нормалардың бірыңғай жүйесін қалыптастыратын базис ретінде қарайды. Айта кететін жайт, Қазақстанда дін бәсекелестік бастама көзі емес, өзін этникалық, саяси қауымдастыққа қарсы қоймайды. Дін ел тұрғындарының санқырлылық, жекешелік сипат беретін, рухани мәдениетін толықтырушы элемент.
«Санқырлылық олқылық емес, керісінше, Тәңірдің баға жетпес сыйы, оның арқасында өзара баюымызға, түпкілікті дамуымызға қол жетіп отыр, – дейді Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев. – Бізге қазіргі өмірде түрлі діни ағымдар өзінің бай тарихында жинақтаған жасампаздық мол тәжірибесін пайдаланғанымыз аса маңызды. Астанада әлемдік дін съезін өткізуге арнайы салынған Бейбітшілік пен келісім сарайы баршылық. Пирамида пішіндес ғимарат көптеген діндердің үш негізгі түсінігін қамтиды: қара түспен безендірілгені жер асты белгісі; орта бөлігі – бейбітшіліктің нышаны, аспан – пирамиданың шынылы ұшы. Шынылы үлкен күмбезінде – Қазақстан халқын айшықтайтын 130 кептер кескінделген. Қазіргі таңдағы Бейбітшілік пен келісім сарайы – Елордамыздың көрікті орнының бірі. Түрлі дін, ұлыс пен мәдениет бірлігінің, халық пен мемлекеттің бүкіл әлемге құшағының кеңдігінің нышаны.
Рухани келісім күні ауданымызда осы датамен орайласқан түрлі шаралар: теологтармен, негізгі діни ағым өкілдерімен кездесу, азаматтық қоғам өкілдері қатысатын «дөңгелек үстел» жиыны, жастардың флеш-мобы, діни экстремизм мен лаңкестікке қарсы күреске арналған плакат конкурсы, түрлі сенім мен ұлыс өкілдерінің бейбіт тату көршілігіне бағытталған өзге де шаралар өткізіледі.
Раушан БАРЖАҚСЫ.