«БІЗ ЕЛДЕ ТЫНЫШТЫҚТЫ ЖАҚТАЙМЫЗ!»

«Толеранттылық пен келісімге дайындық біздің жан жүрегімізде; мешіт, православие храмы, костел мен синагога қаламызда қаз-қатар тізілген; ортақ үйіміздегі тыныштық пн татулық – қазақстандықтардың шынайы өмір келбеті, бет-бейнесі».
Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ
Қазақстанда 18 қазанда аталып өтетін Рухани келісім күні шеңберінде №8 Агротехникалық колледжде «Мы разные – в этом наше богатство. Мы вместе – в этом наша сила!» жастар акциясы өтті. Оған оқу орнының студенттері мен қала мектептерінің оқушылары қатысты. Бүкіл шара аясында дағдылы дәстүрімізді бұрмалайтын, экстремистік пиғылды насихаттайтын жат дінді ағымды іске араластырмауға бастама көтерілді.
Жастардың ресурстық орталығы жылда ішкі саясат бөлімімен бірге тұрғындармен, әуелгі кезекте жастармен сақтық жұмысын қолға алады. Діни сауатсыздықты реттеуді көздейтін, рухани төзімділік тақырыбы қамтылатын әңгіме, дөңгелек үстел жиыны, акция өтеді.
Залдың фойесі түрлі-түсті шармен, жалаушамен көмкерілген. «Біздің достар – бейбітшілік пен келісім» – «Мы за мир и покой в нашем государстве!» ұранын әзірлеген.
Аудан әкімінің орынбасары Абай Әлжанов баршаны Қазақстан халқының рухани келісім күнімен құттықтады.
-Халық бірлігі – түрлі ұлт арасында тыныштық пен татулықтың сақталуын негіздейтін әлеуетті күш. Елдің бірлігі бізге достық, саяси, экономикалық, әлеуметтік қарым-қатынас жүргізуге септеседі. Оған қоса жаһандық проблема шешімінің, соғыстың, лаңкестіктің, зорлық-зомбылықтың алдын алудың басты кепілі әрі Жер бетіндегі проблема шешімінде ортақ мәмілеге келуге негіз болады.
Абай Еламанұлы жастарды салтымызға жат діннің насихатына бой алдырмауға, елікпеуге шақырды. Саламаттылыққа бейімділік, қайырымдылық, ізеттілік, өзара сыйластық дағдысы бала жастан қалыптасуы тиіс.
Тыл және еңбек ардагерлерінің аудандық кеңесінің төрағасы Төлеген Әбдин, Тоқан хазірет мешітінің имамы Жандос Базарбеков, лаңкестікке қарсы жұмыс бойынша бас инспектор Гаухар Омарова, Жастардың ресурстық орталығының директоры Зарина Хабибулина құттықтау лебізін жалғады.
Акция соңында осы тақырыпқа арналған үздік суретшілер конкурсының жеңімпаздары белгілі болды. Олжабай батыр ауылы орта мектебінің оқушысы Жұлдыз Азатқызы, №2 орта мектеп-лицейдің 9 «А» сыныбы және №3 орта мектептің оқушысы Вероника Юрченко үшінші орынды өзара бөлісіп алды. Тайбай орта мектебінің оқушысы Сәдуақас Манас пен Бөгенбай батыр атындағы қазақ орта мектебінің 5 «А» сынып оқушылары екінші орынды иеленді. Бірінші орын №8 АТК студенті Хожек Айгүлге бұйырды. Жеңімпаздарға Жастардың ресурстық орталығының грамотасы ұсынылды. Өзге оқушыларға Алғыс хат табыс етілді.
Людмила МАРКОВА.
Суретті түсірген автор.