РИЗАШЫЛЫҚ БІЛДІРУГЕ ЛАЙЫҚ ЕҢБЕК

Азаматтарды әлеуметтік қорғау – мемлекетіміздің негізгі мақсатының бірі. Өмірінде қиындыққа тап болған адам мемлекет тарапынан қолдау көретініне сенімді болуы тиіс.
Сала өкілдері өзінің қызмет бабына қарай маңызды да сауапты іс тындырады. Жәрдемге мұқтаж, зардап шеккен жанды назарына алады. Күн сайын халықты әлеуметтік қорғауға, жұмыспен қамтуға негізделетін мемлекеттік саясатты жүзеге асырады.
Мән-жайды анық түсіне білген жанға – бұл жеңіл кәсіп емес. Екінің бірі бөгденің тауқыметін бөлісе алмайды. Жан жылуын сыйлауға екінің бірі бейімделе қоймаған. Әлеуметтік кепілдеме қамтылымы, тиімді әлеуметтік саясат жүргізілімі, әлеуметтік әлсіз, шағын ауқатты, жұмыссыз санатындағылармен жұмыс – бәрі-бәрі аталмыш бөлім ұжымының тікелей кәсіптік парызы.
Соңғы жылдары бұл салада көптеген өзгеріс орын алды: атаулы әлеуметтік көмек желісі жетілдіріліп келеді, кедейшілік шегі кеңейтілді, қазіргі таңда аз қамтылған 482 азамат жәрдемақы алып жүр (2010 жылғысы -140 болатын). Басқаша айтқанда, төмен деңгейлі күнкөріс шегі атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға мұрша бермейді. Биылғы аудандық бюджеттен әлеуметтік көмек ретінде қарастырылған қаржы – 23 миллион 439 теңге (2010 жылғысы -5 миллион 403,5 мың теңге). Бөлінген ақша онкологияға, туберкулезге шалдыққандарға, табиғи апатқа кезіккендерге, аудан әкімінің грантымен дәрігерлік жоғары оқу орнында, колледжде оқып жатқандарға, естелік және мерекелік даталарға үлестіріледі. Тұрғын үй жәрдемін берерде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкінің (жертөле, сыртқы төбе, кіреберіс) жөнделім шығыны ескерілуі ықтимал. Бұл саланың жұмысын меңгеруші Айгүл Рақымжанова мен бас маман Айтжамал Жапабаева атқарады. Әріптестердің жалпы қызмет өтілі 13 жылдан асып барады.
Мемлекет мұқтаж жандардың бәріне көмек қолын созады, мүгедектер мен ардагерлер назардан тыс қалмайды. Ауданда бүгінгі таңда соғыс ардагері жоқтың қасы (2010 жылы 17 майдангер болған). 116 тыл еңбеккері (2010 жылғысы – 403), 9 соғыс мүгедегінің жесірі (2010 жылғысы – 27), 3856 зейнеткер (2010 жылғысы – 3697) қоныстанған. Мемлекеттің саясаты тек егде жандардың әл-ауқатын жақсартуға, зейнетақы жүйесін жетілдіруге арналған. Дәстүрлі айлық уағында аға буынды әспеттеу желісі кеңейе түсуде. Минималды зейнетақы алатын барлық мүгедектер мен зейнеткерлерге биыл аудандық бюджеттен 4810 теңге көмек көрсетілді. Жалпы жәрдем қаржы қосындысы – 4 миллион 964 мың теңге. 2010 жылғысы – 844,7 мың теңге. Сырттан тартылған қаржыны санағанда аудан бойынша ол 16 миллион теңгеден асты. 2010 жылғысы – 6 миллион 852 мың теңге.
Жалпы еңбек өтілі 15 жылдан асатын әріптес Елена Кашаед жұмыспен қамту және мүгедектермен, ардагерлермен жұмыс бөлімінде қызметте. Ол халықтың жұмыспен қамтылымын, квота белгіленімін талдайды, болжайды. Техникалық көмекші құралдар мен арнаулы қозғалыс құралының техникалық құжатын ресімдейтін, қолға беретін маман Қарлығаш Бабақызы Айдапкелованың еңбек өтілі бес жылдан асып барады. Бұл жүйедегі жас маман Ольга Яворская стационар, үй жағдайындағы арнаулы әлеуметтік қызметті ресімдейді. Бөлімді басқаратын, еңбек өтілі 13 жылдан асатын Жанар Әмірованың жұмыс ауқымы санқырлы. Әлеуметтік әріптестік жөніндегі аудандық комиссияның жұмысын; қылмыстық жазасын өтеп келген жандарға әлеуметтік және өзге көмек ұйымдастыратын кеңесшілік-ақылдастар органының; мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесінің жұмысын жолға қояды.
Үй жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін, жалпы ісін Қымбат Назарбекова 2010 жылдан бері басқаратын, 21 әлеуметтік қызметкер үйлестіретін бөлімнің жұмысы жетілдіріле түсуде. Гүлзада Нұржанова, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетіліміне сұранысты бағалайтын, анықтайтын әлеуметтік қызметкер, жеті жылдан астам уақыттан бері өмірлік қиын жағдайдағы жандарды зерттеп келеді. Әлеуметтік қызметкерлер аудан бойынша 88 адамға өз қызметін ұсынады. Олардың 68-і жалғызілікті тұрғын, үшеуі жалғызілікті мүгедек, оған қоса 18 жастан асқан, жүйке неврология дертіне бой алдырған он адам, жеті мүгедек бала баршылық.
Әлеуметтік қызмет көрсетілім жүйесінің реформасы жағдайында жұмыстың жаңа әдіс-тәсілі іске енгізілуде. Ұсынылатын қызметтің сапасы мен тиімділігін жақсартуға мақсат көзделетіні анық. Еркіншілік ауылында 4 бала баратын «Үміт» жартылай күндізгі стационары екінші жыл жұмыс істеп тұр. Оны «Бұланды» корпоративтік қоры үкіметтік емес ұйымының төрағасы Серік Әкімбаев сүйемелдейді. Ерейментау қаласында да Рымтай Жақинаның иелігіндегі «Диас» жекеменшік балабақшасында 4 бала тәрбиеленетін салалас бөлім баршылық. Жаңағы мекемеде балалар дамып-жетіледі, өзіне-өзі қызмет көрсетуге, теңдесімен араласуға дағдыланады, ал ата-анасы жұмысын істеуге, дем алуға уақыт табады.
Әрине, бөлімнің өндірістік жұмыс жүйесі бухгалтерлік есеппен тығыз байланысты. Оны жас маман Ботакөз Аманбек жүргізеді. Мемлекеттік сатып алу ісіне жауапты Елена Хужинаны (сәби күтіміндегі демалыста) уақытша Әсемгүл Біләлова алмастырған. Техник мамандар Айжан Әбжікова, Галина Польченко, Гүлнұр Қазбекова өз міндетін ұқыпты атқарады.
Саналы ғұмырын аудан көлемінде әлеуметтік қорғау жүйесінің қалыптасуына, дамуына арнаған ардагерлерімізге ризашылығымыз шексіз. Қиындыққа мойымаған, іс-тәжірибесін жастарға берген, еңбегі таңданыс сезіміне жетелейтін әріптестерімізге көптен-көп рахмет. Олар: Г.М.Тюкина, Н.И.Ласкавая, Қ.С.Елемесова, Н.И.Ревенко, Н.С.Заварыкина, И.А.Полторацкая, Л.А.Назаренко, Н.И.Якубец, Ш.К.Жолдыбаева, Ғ.С.Сабыржанова, Т.П.Касьянова, Ж.М.Қашағанова, Г.А.Кольцова, М.К.Бекеева, Р.Н.Дүйсембаева, Н.Қ.Айтмағамбетов, К.А.Бәкеева, С.Х.Әубәкірова, А.И.Исетова, Л.В.Пазухина.
Халыққа әлеуметтік көмек көрсетілімі алдағы уақытта да мемлекеттің тұрақты назарындағы мақсатты іс болады. Бұл саладағы жаңалықтың бәрі адамдардың әл-ауқатына, қоғамдағы тұрақтылыққа септесетініне бек сенімдімін.
Құрметті әріптестер, әлеуметтік қорғау жүйесінің қызметкерлері!
Игі еңбектеріңіз ұдайы қанағат сезіміне, өздеріңіз жан жылуын сыйлайтын жандардың алғыс ықыласына жетелесін. Бәріңізге қиындыққа толы, көпшілікке қажетті ортақ істе биік белес, межелі тапсырманы орындауда мол табыс, денге саулық, отбасыларыңызға түсіністік пен амандық тілеймін!
Кәсіптік мереке құт сыйласын!
Марина СЕРДЦЕВА,
жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы.