ЖАҢАРТЫЛҒАН ЖҮЙЕ – УАҚЫТ ӨЗЕГІ

Уақыт ағымына қарай сабақ оқытылым үдерісіне де, ұстаздар қауымының жұмысына да, жаңартылған жүйе кеңінен енгізіліп келеді. Бұл Елбасының Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бәсекеге қабілетті, зерделі де терең білімді ұрпақ оқытып-тәрбиелеуді, келешекте дарынды балаларға жоғары оқу орнында грантпен білім алғызуды негізге алған тапсырмасының бір парасы.
Пән мұғалімдері деңгейлік оқыту әдістемесіне қоса қолдағы техникалық құралдар арқылы оқушысының сабақ тақырыбын терең меңгеруіне ықылас танытуда. Жуырда өзіміз білім алып жатқан қаламыздың Төлеу Шаханов атындағы №3 орта мектепте арнайы ашық сабақ өткізілді.
Сыныбымызда тиісті кесте бойынша өтетін кезекті пәніміз – Математика. Тақырыбы: «Аралас сандарды қосу және азайту». Ұстаз ағайымыз, тәжірибелі маман Ермұқан Жапабаевтың ұсынысымен бес топқа бөліндік. Іле интерактивті тақтамыз, ноутбук-компьютер іске қосылды. Бізге берілген сұрақ-есептің шешуі жылдам табылып жатты. Алғыр топ сәт сайын қаламақы ретінде бір-бір постерді иеленді. Aры қарай оқу

ӘЖЕМІЗ – АҚЫЛШЫМЫЗ, ТІРЕГІМІЗ

«Қарты бар үйдің – қазынасы бар» дейді дана қазақ халқымыз. Қария – отбасы ұйтқысы, жанашыры, ақылшысы. Ол тек жалғыз отбасының ғана емес, тұтас елдің де қазынасы. Ақиқатты саралай білетін, ақ пен қараны ажырата білетін, өмірдің тәттісі мен ащысын татып, бар қиындыққа төзе білген әжелеріміздің орны ерекше қадірлі. Биыл сексен жастың белесіне шығатын өзімнің ардақты да аяулы әжем Нағима Нұрмағамбетова жайлы біраз сөз толғайын.
Әжеміз өзінің өткен өмірінде уақыттың талай қиындығын бастан кешті. Аласапыран кезеңде дүниеге келген жанның балалық шағы сұрапыл соғыс заманында өтті. Соғыс зардабы сол кездегі қарапайым халық үшін ауыр соққы болды. Жас қыз осылайша жоқшылық пен ауыр жұмыстың не екенін жастайынан сезініп өсті. Себебі, әке-шешесімен бірге жер жыртып, егін салуға қолғабысын тигізуге, қара жұмыс атқаруға мәжбүр болды. Сол кездегі жеті сыныптық біліммен, әкесінің ауыр сырқатының салдарынан оқудан қол үзуге, отбасындағы барлық тауқыметті өз мойнына алуға тура келген. Ізінен ерген кіші бауырларының тәрбиесіне ден қойды, ата-анасына қолғанат болды. Өмірінің осы шағында бөгде туыстарының үйін қоныстанған әжем уақыт өте келе сол кездегі аудан орталығы – Благодатқа көшіпті.
Он жеті жасында аудандық баспаханада қолмен әріп теруші ретінде жұмыс атқарған. Сол кездегі «Еңбек туы», «Прогресс», қазіргі «Ереймен»-«Ерейментау» газетін жарыққа шығаруға, безендірілуіне бір кісідей өлшеусіз еңбегін сіңірген. Aры қарай оқу

НУЗАПАРДЫҢ ТУЫСТАРЫ БАР МА ЕКЕН?

Қазақстан Республикасы Президентінің әкімшілігінен Ақмола облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің атына хат келді. Онда Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан боздақ, сержант шеніндегі мерген, 1923 жылғы Нузапар ҚАЛИЕВТЫҢ туысқандары жайында мәлімет сұратылыпты. Н. Қалиевтың бейнесі суретте оң жақ қатарда бірінші кескінделген. Жауынгердің туысқандары табыла қалса, Ерейментау қаласы, Әлжанов көшесі, 9 үй мекен-жайындағы аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге жолығуларыңызды сұраймыз.
Ерейментау ауданының қорғаныс істері
жөніндегі бөлім бастығы подполковник
Н. БАЛЫҚБАЕВ.

ЕЛІНЕ ЕЛЕУЛІ ЕЛБАСЫ

Сілеті ауылдық кітапханасында еліміздің Тұңғыш Президенті күніне арналған мәдени-танымдық, ақпараттық-насихат деңгейінде бірқатар шара ұйымдастырылды.
Айтулы мерекеге орай алдын-ала арнайы безендірілген, Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбек ғұмырнамасына қатысты әдеби кітап, баспасөз материалы, түрлі құжаттар топтастырылған «Еліне елеулі Елбасы» тақырыптық көрмесіне шолу жүргізілді. Сөреміз фотосурет топтамасымен, жекелеген эпизодтармен байытылды. Мектеп оқушылары Ұлт көшбасшысының ел тәуелсіздігін баянды етуге лайықты бүкіл қызмет жолы толық қамтылған, түрлі дерекпен сипатталған материалдарға қызығушылық ниетпен ықылас қойды. Айтылған әңгімені де ұйып тыңдады.
Жоғарғы сынып оқушыларына арналған шара – «Тұлға әрі саясаткер келбеті» кітапхана сағаты да тартымды өтті. Шәкірттерге Президенттің өмірі мен қызметіне қатысты көптеген қызықты да тың мәлімет берілді. Әңгіме барысында жуырда баспасөз бетінде жарық көрген, көпшіліктің құптарлық лебізін иеленген «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласына да оқушы жастар ықыласпен зейін қойды. Бұл еңбектің тарихи құндылығын, қазіргі жаһандану дәуірінде алатын орнын, мән-маңызын баршасы жоғары бағалауда.

Зылиха ӘДІЛОВА,
ауыл кітапханашысы.

АУЫЛ АҒАЛАРЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ

Аптаның бір сәтті күнінде Жаңажол ауылына жиналдық. Жергілікті мектеп ғимаратында ауылдас аға-апалармен жүздестік. Бастама иесі – осы өңірдің төлтумасы Абай Әлжанов.
Ауыл азаматы бұл күні өткен айда өзге өңірлерде тойланған Егде адамдар айлығы аясында көзкөргендермен бір мәрте жүздесуді ұйғарған. Ойда жүрген игі істің қасиетті Мәуліт айымен тұспа-тұс келгенін де жақсылыққа жорыдық.
Ел ағалары Мақсұт Баймұрынов, аудандық ардагерлер кеңесінің жетекшісі Төлеген Әбдин өткен кезеңде бөлімше басқарушысы, ел жанашыры Еламан Әлжановтың қарамағында еңбек еткен барша қауымға жылы лебізін арнады. Заман ағымымен бір кездері бұрынғы Сілеті ауданының аумақтық бағынысына енген, бертін Торғай ауылдық округіне ауыстырылған өңірдің тыныс-тіршілігі аудан әкімінің орынбасары қызметіндегі Абай Әлжановқа етене таныс. Бүгінгі мерекелік жиында да көзкөргендер, барша аға-апалар жылы жүздесті, ой бөлісті, бой сергітті, шаруашылық игілігіне еңбек еткен, алқапта, фермада өзара әріптес болған кезеңін, өмірден өткен замандастарын еске түсірді. Кешегі атышулы 37-нің зобалаңында қуғын-сүргінге іліккен Перуаш Кәрімұлының Ақмоладағы НКВД түрмесінде жазылған шығармасын жатқа оқыған мектеп оқушысы Бикүл апамыз – бүгінде жасы тоқсаннан асқан абыз әже, ауылымыздың үлкені. Aры қарай оқу

КҮЙЛІ ТҮЛІК – ОРТАҚ ИГІЛІК

Шәкей ауылының іргесіндегі «Савелий қыстағы» атанған өңірге ат басын бұрдық. «Нур Ali» ЖШС-нің директоры Қуаныш Жасаров бізді жылы қарсы алды. Бүгінде шаруашылықтың иелігіндегі қой мен ірі қара табыны осында қыстатылуда. Жазда мал басына 1000 тонна шөп, күзгі егін орағы уағында қажетті шамада арпа үйіліп алынған. Бұл дақыл арнаулы электр жем үктіргіш арқылы уатылған күйде қосымша азық ретінде беріледі. Мал суаруға лайықты тереңнен су тартатын насосымен екі скважина баршылық. Күзде қыстаққа тасылып алынған сабан малдың астына төсеуге пайдаланылады.
Мал күтуші ауыл азаматтары Талғат Әкімбаев, Руслан Шкиев, Владимир Казначей, Рим Хатмулин, Дмитрий Лотарев, Базарбек Ошақбаев өз кәсібін адал атқарады. Түліктің ұқыпты күтіміне, тиісті рационға сәйкес уақтылы азықтандырылуына ықыласпен мән береді. Жылқышы Мұрат Бекарыстановқа бүгінде жылқы бағылымына жауапкершілік жүктелген. Жұмыскерлер қажырлы еңбегімен малың қоңын жоғалтпауды, алдағы көктемге дейін шығынсыз аман өсіруді көздейді. Шаруашылық басшылығы келешекте қазақтың ақбас, симментал, абердино-ангус тұқымды түлігін өсіруге, тұқым жаңартылымына ден қоймақ ниетте.
Аспаз Сәуле Бекарыстанова Малшылар үйінде жұмыскерлерге күніне үш мезгіл: таңғы, түскі, түстік дәмін әзірлейді. Жұмыстан қол босаған сәтте, бөлмеде бір сәт теледидар тамашалауға, үстел ойынын ойнауға мүмкіндік баршылық. Жалақы төлемі, зейнетақы аударымы – серіктестіктің құзыретіндегі іс. Бұл мәселе де көңіл толарлық деңгейде шешілген.

ЖАСТАРҒА ӨЗІМІЗ ҮЛГІ БОЛАМЫЗ!

Елбасының Жолдауында келесі 2019 жыл Жастар жылы болып жарияланған. Айтулы дата – Тұңғыш Президент күні қарсаңында Балабек Жақин атындағы Новомарковка орта мектебінде волейболдан ашық турнир сәтті өтті. Ойынға алаң иелерінен бөлек, Т.Шаханов атындағы №3 орта, Өлеңті, Ақмырза, Бөгенбай батыр атындағы қазақ, Еркіншілік, Бозтал, Олжабай батыр орта мектебі қатысты.
Командалар жалпылама сап түзеді. Тәуелсіз еліміздің мемлекеттік Әнұраны әуеледі. Мектеп директоры Азамат Жүсіпбек әріптестерге құттықтау лебізін арнады. 9 сынып оқушысы Хайрат Тохтар «Көк тудын желбірегені» әнін шырқады. Жеребе әдісімен командалар екі топқа бөлінді. Төрт команда Новомарковка мектебінде ойынға кірісті. Өзге төртеуіне Ақмырза мектебі қонақжайлық ниет танытты. Әріптестерімізге алғысымыз шексіз.
Волейбол – баршаны бірлікке, ортақ жанкүйерлікке жетелейтін қызықты ойын. Жеңіс қуанышы да баршасына бірдей. Ойыншысын дәлдікке, ұстамдылыққа, тепе-теңдікке жетелейді. Командалық рух береді. Шаршы алаңға осы секцияға қатысатын оқушылар шақырылды. Шәкірттерді жас маман Таңат Бургумбаев жаттықтырады. Aры қарай оқу

«ЖАС БАРЫС» ЖЕҢІМПАЗЫ

Қарашаның 23-26 жұлдызы аралығында Щучинскіде қазақ күресінен Жас Барыс» республикалық турнирі өтті. Оқушылар мен жастар үш түрлі салмақ дәрежесі бойынша белдесті. Ақмола облысының командасы ішінде Ерейментау БЖСМ-нің палуаны Олжас Еренғайыпов 55 келілік салмақ дәрежесінде мәртебелі бірінші орынды иеленді, маңғыстаулық қарсыласын ұтып шықты. Тәжірибелі жерлесіміз аудандық, облыстық, республикалық жарыста, чемпионатта мәртебесі үстем болып жүр. Олжастың ұстазы – тәжірибелі бапкер Самат Тілеубергенов.

ӨЗАРА СҮЙЕМЕЛДЕУ

Қылмыстық жазасын өтеп келген, бүгінде пробация қызметінің есебіне алынған жандарды әлеуметтік тұрғыда және өзге сипатта сүйемелдеу ісі жергілікті атқару органдарының, жалпы жұмыс орындарының ортақ парызы.
Аудан әкімінің орынбасары Абай Әлжановтың төрағалығымен, аудан прокуроры, аға әділет кеңесшісі Қанат Әмриннің қатысуымен өткен ақылдастар алқасының жиыны жаңағы өзекті мәселені бірлесіп талқылады.
Адам баласы бұл өмірде алғаш рет кездейсоқ қателесті. Соттың үкімімен белгілі бір мерзімге қоғамнан аластатылды. Бұл кісілер, әлде мерзімінен бұрын, әлде жағымды амалымен бостандыққа шыққаннан кейін тұрғылықты жерінде есепке алынады да, құзырлы орындардың, пробация қызметінің есебіне ілігеді. Жерлестерімізбен жүргізілген жеке әңгіме комиссияға қазіргі кәсібін, болашақ ой-жоспарын, тұрмыстық жағдайын, өмірден өз орнын табу ретін білуге септесті. Сәйкес негізде қоғамға кірігуі, келешек баянды тірлігі үшін дұрыс жолға түсуі жұмыс берушілердің, жергілікті учаскелік уәкілдердің, атқару билігінің бірлескен іс-қимылына тікелей тәуелді. Aры қарай оқу

«ЖАС ФЕРМЕРЛЕР» КЛУБЫНЫҢ ЖЕТІСТІГІ

Бізге жеткен қуанышты жаңалық: Новомарковка орта мектебінің «Жас фермерлер» клубының өкілдері жастардың қоғамдық қозғалысы мен «Агрофорум-2018. Болашақ кәсіби шеберлердің қолында» оқушылардың өндірістік бригадалары көшбасшыларының XIV слетіне қатысты. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы шара Красный Яр ауылының №3 агротехникалық колледжінде өтті. Слетке облыстың Ерейментау, Атбасар, Қорғалжын, Шағалалы, Қатаркөл өңірінен 9 арнаулы орта оқу орны, оған қоса Балабек Жақин атындағы Новомарковка орта мектебінің клуб мүшелері жиналды. Сегіз бозбала мен бойжеткен түрлі конкурста, шығармашылық тұсаукесерде, түрлі аталымда жақсы нәтиже байқатты. 10 сынып оқушылары Меңдіғара Еркебұлан «Үздік механизатор», Арина Қайырбекова «Әлеуметтік бағыттағы ғылыми жоба қорғалымы», әдіскер Шынар Біләлова «Үздік әлеуметтік серіктестік» жобасында, Айсұлу Иманбаева шығармашылық конкурста табысқа жетті. Әлішер Серіков, Қасым Арнаш, Рахат Мәдиев, Мақсат Жәкішев жеңіс қоржынына өз үлесін қосты. Aры қарай оқу