«АЛТЫН КҮЗДІ» ТОЙЛАДЫҚ

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...

Ырысы мен молшылығын арқалап күз келді. Жылдың әр мезгілі өзіндік ерекшелігімен, табиғи құбылысымен жаныңды баурайды. Әйтсе де күздің орны ерекше. Бау-бақшада жеміс-жидек піседі, егін жиналады, ел ырысқа кенеледі, баршасы алдағы қыстың қамына кірісе бастайды.

Дәл осы кезде шапағын төккен күн нұрымен бірге «Алтын күз» мерекесі аталып өтеді. Ауылымыздың «Әсем-ай» бөбекжай-бақшасында да әр топта тақырыптық шара ұйымдастырылды. Қолда бар көкөніс пен жеміс-жидектен, жаратылыстың құдыретімен түрлі-түске боялған жапырақтан, жерден өсіп-өнген дәнді дақылдардан әртүрлі бұйым жасалды. Бәрі көрмеге қойылды. Ортақ іске ата-аналар да бірлікпен үлес қосты.

Тәрбиешілердің бастамасы мен тиісті жұмыс жоспарына сәйкес ертеңгілік өтті. Бүлдіршіндер жатқа тақпақ оқыды, ән шырқады, би биледі. Ертегіден қойылым әзірледі, киім үлгілерін көрсетті. Баланы жан-жақты тәрбиелейтін, дүниетанымын, ой-өрісін кеңейтетін шығармашылыққа баулитын барша тәрбиешілерге ата-аналардың алғысы шексіз.

Жаңағыдай мерекелік шара мектепте де жалғасын тапты.

Жанимхан КУЛАТАЙ,

Олжабай батыр ауылының кітапханашысы.