БАҚ ПЕН ЫРЫС ТАРТУ ЕТСІН ЖОМАРТ КҮЗ

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)

Loading...
Новомарковка ауылдық округінің аға буын өкілдері өткен аптада дәстүр бойынша «Бердалин» жеке кәсіпшілігінің тойханасына, мерекелік дәмге шақырылды. Кәсіпкер азамат жылда атаулы мерекені тойлауға өз ғимаратын тегін ұсынады.
Ата-әжелерге құттықтау тілегін арнаған округ әкімі Григорий Самойленко денге саулық, алаңсыз бейбіт өмір, шаңыраққа шаттық, жылылық шуағын тіледі. Еңбек ардагерлері Қызкен Биекеноваға, Лидия Овчаренкоға, Қадиша Бақаеваға, Әдебиет Байдолдаға Ерейментау ауданының 90 жылдығы құрметіне көпшіліктің қошеметімен мерекелік медаль табыс етті.
Ардагерлер кеңесінің төрайымы Лидия Овчаренко, мешіт имамы Ерлан Исмағамбетов, аудан әкімінің аппарат жетекшісі Ербол Құттыбаев, аудандық мәслихаттың депутаты Ержан Биекенов, «Новомарковка» ЖШС-нің директоры Әділхан Сейітжанов ізгі ниетті лебізін жалғады.
«Зустричи» вокалды тобы бүгінгі мерекеде тартымды өнерімен баршаның көңілінен шықты. Сахнада әр жылдардың танымал әуендері шырқалды. Концертті мектеп оқушылары жалғастырды. Еңбек ардагерлері әрбір әртісті қошемет сезімімен қарсы алды. Сүйікті ата-әжеге арналған ән орындалды, өлең шумағы оқылды. Көтеріңкі көңіл-күй, ыстық ықыласты жүздесу барша қауымды жағымды әсерге бөледі.
Мерекені жүргізушілер спорт әдіскері А.Ахметжанова, ән-күй сабағының маманы Ж.Рахметова жерлестеріне сахна төрінен сыйластық пен сергектік шуағын сыйлады
Округ әкімі сөз түйінінде ортақ іске жәрдем берген демеушілерге алғыс айтты. Олар: «Новомарковка» (директоры А.Сейітжанов), «Кеңөткел-НС» (С.Биімжанов) жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Хамзе» (Е.Биекенов), «Мақсат» (Ж.Төлепбергенов), «Манат» (М.Тілепов), «Глория» (С.Рыбалко) шаруа қожалықтары, жеке кәсіпкерлер: Ж.Дүйсембин, Т.Боромбаев, А.Кочубей, Г.Микша, Г.Кимишева, Г.Сәбитова, Б.Сәдуақасова, М.Сейсекеева, З.Бронникова, И.Рыбалко, Ю.Белоусова, А.Бақаева, М.Бәетов.
Людмила МАРКОВА.
Суретті түсірген автор.