ҰСТАЗ,ТӘРБИЕШІ, АРДАГЕР

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)

Loading...
«Берген адам – үндемесін, алған адам – айтсын».
(Сервантес)
Біздің бұл жолғы сұхбат-әңгімеміз ұстаздық ғұмырнамасы Сәкен Сейфуллин атындағы мектеп-интернатпен тығыз байланысқан ағарту саласының ардагері Рәшида Әбжәлімованың оқу-тәрбие қызметіне арналды.
Ұйымшыл ұжым директор Ғалы Асқарұлы Асқаровтың жетекшілігімен жалынды жігермен, құлшыныс ниетпен білек сыбана бірлесе жұмысқа кірісті. Мұғалімдер В.О. Гаммер, С.Д.Бәйкенов, М.С.Сейсенбаев үш қабатты жаңа ғимарат игілікке уақтылы қосылуы үшін құрылысшылармен бірге тәулік бойы аянбай еңбек етті. Ынтымақты қажырлы жұмыс нәтижесін берді. Келесі 1964 жылдың қаңтарында білім ошағы жаңа шәкірттерге өз есігін айқара ашты. Директор әрі оқу ісінің меңгерушісі лауазымын қоса атқарған Г.П.Таранованың басшылығымен тату ұжым оқу-тәрбие ісін бастады.
1994 жылға дейінгі жұмыс кезеңінде, дәлірек айтқанда, зейнеттік демалыс уақытына дейін білікті маманның қолынан бірнеше жүздеген түлек өмірге жолдама алып шықты. Олар сапалы білімімен халық шаруашылығының түрлі салаларында нәтижелі еңбек етті, қызмет жолын әлі жалғастыруда. Гүлсім Оразбаева, Бақыт Жүсіпова, Сәуле Қияшева өз ісінің білікті маманы болды, таңдаған мамандығына ғұмыр бойы адалдық танытты.Татьяна Бауэр бүгінде Ресейде тұрады. Әзиевтің, Мақашевтың, Мағұрыповтың, Әпеновтың, Тайбасқановтың, Сұлтаналиннің отбасыларының балалары және басқалары өмірден лайықты орнын тапты. Жаңағы әулеттің ұл-қыздарының өздері де әке-шеше атанды, тіпті ата-әже де болған шығар. Біздің түлектеріміздің бір ширегі осындай. Оқушыларымыздың негізгі бөлігі жетімдер мен аудан шаруашылықтарының мал жайылым учаскелеріндегі малшы-шопан отбасыларының балалары болатын. Арасында, сирек болса да, тәрбиесі «қиын» бала кезігетін. Сабақ оқытумен қатар, түнгілікте де, демалыс күндерінде де, оқу корпусында, тынығатын бөлмеде кесте бойынша кезекшілікке шығып жүрдік. Осылайша, каникул уақытынан өзге кезең бойы, тұтас оқу жылында ішкі тәртіп ережесінің сақталуын, оқушылардың сабаққа өздігінен дайындығын, тұрмыстық жағдайын назарымызда ұстадық. Оқушыларымыздың мәдени демалысы, тәрбие жұмысы әріптестеріміздің ойындағы мәселе болды. Қырық жылдық ұстаздық кәсіпте көптеген пән мұғалімдерімен, әдіскерлермен, басқару жүйеснің елгезек, білікті мамандарымен ниеттес- әріптес ретінде жақын араластық. Бәрінің ортақ мақсаты бір арнаға тоғысты, білімді, тәрбиелі ұрпақ оқытып шығаруға, Отанның шынайы патриотын өсіруге арналды. Іс жүзінде ұстаз еңбегі тиісті жемісін де берді.
.Ғалы Асқаров бертінгі уакытта Сәкен Сейфуллин атындағы Целиноград мемлекеттік педагогикалық институтының филология фпкультетін басқарды. Өзінің зерделі терең білімінің арқасында ұлттық мектепте орыс тілін оқыту әдістемесі бойынша кандидаттық диссертациясын сәтті қорғады, сол кафедраның доценті бодды. Тәлімгер ағаның көзінің тірісінде ауданымыздың, тұтас республиканың білім ордаларына педагог кадр даярлауға сіңірген еңбегі өлшеусіз. Ол кісіден кейінгі басшы әрбір екі-үш жыл сайын ауыса берді. Ал Бақыт Подкенова мектеп-интернаттың директоры, білікті маман-ұйымдастырушы ретінде ұжымды ұзақ жыл басқарды. Әріптес-мұғалімдер мен тәрбиешілер өз жетекшісінің сабақ оқыту әдістемесін жақсартуға, пәнді жүргізудің жаңа технологиясын қолдануға, тұтас оқу процесін шеберлікпен ұйымдастыруға арналған кез келген бастамасын бірлікпен қолдады. Сол кездегі облыстық білім басқармасының басшысы Галина Алексеева материалдық-техникалық әлеуетті нығайтуға, техникалық оқу құралдарымен жарақтандыруға өлшеусіз көмек көрсетті. Осылайша, орыс тілі кабинеті алғашқы лингафон кабинетімен жарақтандырылды, ол сыныбымызда жұмыс тәсілін түрлендіруге жол ашты. Ашық сабақ жүргіздім, филолог мамандар өзара тәжірибе алмасты. Бір кездері Қазақстан тарихын да қатар оқытудың орайы келді. Имантай Әлпейісов оқу орны қайта ұйымдастырылатын 1997 жылғы кезеңге дейін мектеп-интернаттың бүкіл оқу-тәрбие жұмысын біліктілікпен, тапқырлықпен дұрыс жолға бағыттап отырды.
Салалас министрліктің, облыстық басқарманың, аудан басшылығының бірнеше Грамотасы, естелік фотосуреттер – бәрі-бәрі Рәшида Әбжәлімованың өмірі босқа өтпегенін, жүрегінің бір бөлшегінің, саналы ғұмырының басым бөлігін балаға арнағанын, ұлағатты ұстазынан сабақ алған, тәлім көрген әрбір оқушының санасында, қызметтес әріптестерінің жадында айшықты із қалдырғанын анық байқатады. «Әдіскер-мұғалім» мәртебелі атағы, омырауға тағылған «Құрмет Белгісі» ордені кешегі мызғымас Одақ Үкіметінің ұстаз апаға осы ауданның, тұтас елдің ағарту саласына қосқан сүбелі үлесіне берген лайықты бағасы деп ұқтық.
Жерлесіміз әрбір күні кешегі әріптестерін ыстық ықыласпен, ізгі ниетпен еске алады, көзі тірі сала ардагерлеріне амандық, өмірден өткен қызметтестерге иман байлығын тілейді. Олардың бәрі біздің кейіпкерімізге сыйлас замандас, сырлас құрбы болған еді.
Аманшылық болса, санаулы уақыттан кейін айтулы дата кезек күтеді. Алтын ұя білім ошағының игілікке берілгеніне 55 жыл толады. Білікті тәлімгер өткен кезең ішінде әріптестерімен бірге, алдында айтылғандай, бірнеше жүздеген баланы оқытып шығарды. Рәшида апаның да ұзақ жылғы қарапайым қызметімен ереймендіктердің бірнеше буын ұрпағының келешегіне берік негіз қалап бергенін мақтан тұтуға толық хақысы баршылық.
Дайындаған Нұрлыбек ТӨРЕГЕЛДІ.