«ЖОМАРТ КҮЗ» МЕРЕКЕСІ

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)

Loading...
Еркіншілік ауылының «Мақсат» бөбекжайында «Жомарт күз» атты ертеңгілік өтті. Оған ата-аналар, балалар белсене үн қосты. Сахналық қойылымға, ән мен биге кезек берілді. Тіпті шағын жеміс-жидектен жасалған бұйым көрмесі безендірілді. Балалар «Шалқан» ертегісін сахналады.
Тәрбиешілер Асима Омарова, Айсұлу Төңкерқызы ертеңгілікті жүргізді. Бұл жолы шаршы топта болашақ өнер иелері, Астанадағы «Шабыт» білім беру-әдістемелік орталығы» ЖШС жариялаған сырттай республикалық «Күз бояуы» конкурсының жеңімпаздары көтермеленді. Атап айтқанда, «Сурет» аталымында Шарихан Мирас бірінші, Асанәли Жұматаев екінші, Асхабыл Айару үшінші орынды иеленді. Өрендеріміз сәйкес негізде орталықтың мөрі соғылған, директоры А.Камзинаның қолы қойылған I, II, IIІ дәрежелі диплом мен сертификатқа қол жеткізді. Оларды өнерге баулыған жетекшілері: Қаршыға Бағила, Төңкер Айсұлу, Асылбек Ақсұңқар.
Суретшілеріміздің тырнақалды талабынан, келешегінен күтер үмітіміз зор.
Алтынардақ БАЙТҰРСЫНҚЫЗЫ,
«Мақсат» бөбекжайының тәрбиешісі.