ДӘСТҮРДЕН ТЫС ПЕДКЕҢЕС

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...

Аға буынға, өндіріс, сала ардагерлеріне арналған дәстүрлі сый-құрмет, қамқорлық айлығы, міне, тәмам болды.

Өткен аптаның соңында қаламыздың «Асылсат» тойханасына аудандық білім бөлімінің бұрынғы қызметкерлері, Сәкен Сейфуллин атындағы мектеп-интернатының ұстаздары шақырылды. Әріптестерді құттықтаған аудандық білім бөлімінің басшысы Совет Нұрғазин баршасына алғыс-тілек лебізін арнады.

Денге саулық, туысқаны  мен ұрпағының жан жылулығына, мейірім шуағына бөленуін тіледі. Білім қызметкерлері кәсіподағының төрайымы Рымтай Жақина  да құттықтай келе, бәрінің де әлі де қажыр-қайраты мол екенін атап өтті, өз атынан сазды сәлем жолдады. Әрбір қонағымыз барлық әріптестерге ризашылық лебіз білдірді, бұрынғы басшыларды есе түсірді, жұмыс бабындағы қызықты оқиғаларымен, өмірлік іс-тәжірибесімен бөлісті, ұсыныс-тілегін жолдады. Осылайша шай дастарханында дәстүрден тыс педкеңес өткендей әсерге берілдік. Өйткені олардың көбі ағарту саласында 30 жылдан артық уақыт қызмет атқарды. Оқу-тәрбие жұмысында қол жеткізген толымды табысы үшін Алғыс хатпен, өзге марапатпен көтермеленді. Сала ардагерлері, қызмет көрсетуші өкілдер көтеріңкі көңілмен лирикалық әуенге, әзіл әнге кезек берді. Әріптестерімен аман-сау, жылы жүздескеніне бәрінің көңілі толды, бөлім басшылығы мен кәсіподақтың мерекеде елеп-ескергеніне риза болды.

Раушан НҰРҒАЗИНОВА. Суретті түсірген автор.