ДӘСТҮРЛІ ЖАТТЫҒУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ КӨП

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)

Loading...
Ауданымызда жылда қыс қарсаңында арнаулы техника мен еңбек адамының жыл мезгілімен орайласқан төтенше жағдайға дайындық деңгейі тексеріледі.
Ерейментау қаласында «Қыс-2018» оқу-жаттығу сағаты өтті. Шара барысында әлдеқалай қар қалың түскенде, күн күрт суытқанда әлде тас жолдың бойында, әлеуметтік маңызды объектілерде апатты оқиға байқалған сәтте жедел қолға алынатын амалдар тағы бір мәрте пысықталды. Авариялық-құтқару қызметіне берілген тапсырма, сәйкес негізде орындалған амалдар жасандылықтан ада, ақиқатқа барынша жақын болды.
Аудан әкімі Виктор Радченко тактикалық жаттығу басталарда техника байқауын өткізді. Өңір басшысы коммуналдық қызмет пен төтенше жағдайлар бөлімінің техникалық әлеуетімен танысты.
Жаттығуға қатысушыларға нақты міндет жүктелді. Жылумен жабдықтайтын кәсіпорында тосыннан шығатын өртпен, оның тигізетін зардабымен орайласқан амалды орындауға тура келді. Сонымен бірге қолайсыз ауа райына байланысты тас жолда адам өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін төтенше оқиға орын алған.
Төтенше оқиға қызметінің тапсырмасы зардап шеккен халықты құтқаруға, апат ауыртпалығын бәсеңдетуге бүкіл адам күші мен техника әлеуетін іске жұмылдыруға лайықталған жан-жақты шара қолдануға, шаруашылық субъектілері мен жергілікті атқару органдары арқылы бақылау-басқару ісін жүйелі ұйымдастыруға тапсырма берілді. Ауданның авариялық-құтқару қызметі мен құрылымдары қыс мезгіліндегі төтенше оқиға зардабын жою жоспарына лайықталған тапсырманы орындауға даяр тұрды.
Тәжірибелік амалдар тиісті жоспарына сәйкес жеделдетілген қарқынмен атырылды. Іс барысында техника қауіпсіздігі талаптары да қатаң сақталды, мұқият ескерілді.
Барлық мекемелер жалпы жаттығу қорытындысында тиісті тапсырмасын сәтімен орындады.
ӨЗ ТІЛШІМІЗ.