ӨҢІР ЖАҢАЛЫҒЫ

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (1 оценок, среднее: 2,00 из 5)

Loading...
Мәлік Мырзалин: «Мемлекет басшысы ел экономикасының драйвері ретінде агроөнеркәсіп кешенін өркендетуге арналған міндет қойды».
Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру шеңберінде Ақмола облысының қол жеткізген негізгі жетістіктері, оған қоса өңірдің 2018 жылдың 9 айы ішіндегі әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелері туралы арнайы әңгімеледі.
Ағымдағы жылы барлық негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер бойынша айтарлықтай деңгейде өсім байқалды. Өнеркәсіп – 103,8 пайыз, жұмыссыздық – 4,8 пайыз, орташа айлық жалақы – 108,3 пайыз.
Негізгі қорға жалпы 200 миллиард теңгеден астам инвестиция қосылды, 6,7 пайызға өсті, Құйылған қаржының 70 пайызға жуығы нақты басымдық берілген салаларда игерілді.
Индустрияландыру қадамы өңір экономикасын әртараптандырудың негізі болып қала береді. Биыл өнеркәсіп орындары технологиялық жаңғыртуға инвестиция тартылымын жандандырып келеді. Олар жыл басынан бері 52 миллиард теңге игерді, меже 1,8 есе өсті.
Жалпы саны жиырмадан астам өнеркәсіп компаниясы бүгінгі таңда өндірісте сандық технологияны қолданып келеді.
Жолдауда экспортқа бағдарланған индустрияландырудың рөлі қамтылған. Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы бойынша енгізілген жалпы құны 300,5 миллиард теңгелік 81 жобаның 27-сі экспортқа бағдарланған, есесіне бәрі де өнім өңделімі мақсатын көздейді. Олар: «Capital Projects Ltd» (құс еті өндірісі), «Үш Бұлақ», «КазГерқұс» (тауық жұмыртқасы), «Астана Агропродукт» (шұжық шығарылымы), «Көкшетауминводы», «Көкше Цемент» тағы басқалары.
Елбасы бұған қоса инновациялық, сервистік саланы дамытуды міндеттеді. Бәрінен бұрын, баламалы энергетика, блокчейн секілді сала «болашақ экономикасының» бір тармағына айналады. Облысымызда жаңағы бағытты өркендетуге лайықты әлеует те, ғылыми негіз де, баршылық.
Степногорскіде Ұлттық биотехнология орталығы мен «ВIOTRON Group» ЖШС филиалы жұмыс істеп жатыр. Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде Өңірлік ғылыми-зерттеу технопаркі құрылды. Былтыр Целиноград ауданында Вig-Data орталығы ашылды.
Ерейментау, Аршалы, Целиноград, Зеренді аудандарында баламалы энергетика дамытылуда.
Елбасы ел экономикасының драйвері ретінде агроөнеркәсіп кешенін өркендетуге арналған тапсырма берді. Қолайсыз ауа райы жағдайына қарамастан, облыс орақ науқанын табысты тәмамдады. Біз егіннен мол өнім жиып алдық. Жалпы 5,6 миллион тонна астық алынды, орташа гектар өнімділігі 13 центнерлен айналды.
Мал шаруашылығы саласын өркендетуге арналған жұмыс мақсаткерлік сипатқа ие. Биыл якорлы кооперация енгізіліміне орай мал семіртетін алаңның қуаттылығы 10 мың орынға жеткізілді. Осындай шаруашылықта бес жылдың ішінде жалпы 16000 бас мал бордақыланатын 700-ден астам ферма ашылатын болады.
Сүтті мал шаруашылығында, өткен жылды ескергенде, жалпы 1000 бастан астам мал күтілетін отбасылық 18 тауарлы-сүт фермасы құрылды. 7000 бас сауын сиыр ұстайтын 5 ірі тауарлы-сүт фермасын салуға жоспар көзделген.
Ауыл шаруашылығы өнімін ұқсататын салада мол көлемді инвестиция игерілуде. Жыл басынан бері игі мақсатқа (7,3 еселік өсімімен) 19 миллиард теңгеден астам қаржы берілді. Республикалық меженің 25 пайызына тең келетін шама (жалпы республика бойынша азық-түлік тағамы өндірісіне 76,8 миллиард теңге инвестиция құйылыпты).
Жылдық қуаттылығы 50 мың тонналық (құны 43,6 миллиард теңгелік) Макин құс фабрикасының құрылысы өңірімізге қоса бүкіл республика бойынша ауқымды жобаның бірі болып отыр. Жоба импортты алмастыратын құс өнімін дайындауға арналған. Қуаттылығы 25 тонналық бірінші кезегі тамызда іске қосылды. Келесі жылы толық қуатында жұмыс істемек. Жобалық әлеуетке жеткенде, бұл өндіріс орны ел бойынша құс етінің 30 пайызын өтейді (жылда 170 мың тонна құс еті сырттан тасылады).
«Вavaria Product» кәсіпорны құны 11,2 миллиард теңгелік, жылдық қуаттылығы 5,5 мың тонналық ет өңделімімен шошқа күтілетін ірі кешеннің құрылысын жалғастыруда.
«Урожай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі биылғы жылдың қарашасында жылдық қуаттылығы 18000 тонналық, құны 1,7 миллиард теңгелік, ассортименті он түрден астам жарма өнімін дайындайтын зауытты іске қосады. Аршалы ауданының «Аян» ЖШС былтыр астықты тереңдете өңдейтін, жылдық қуаттылығы 6000 тонналық осындай өндіріс орнын ашып берді.
Азық-түлік өндірісінде қалыпты өсім қарқыны сақталып келеді. Есепті кезең ішінде жалпы деңгей 110,8 пайызға көтерілді. Соның ішінде шұжық тағамы мен ұн шығарылымы 113, ет -117, өсімдік майы -132,сары май даярланым көрсеткіші – 135 пайыз.
Елбасы өз Жолдауында атап өткендей, шағын және орта бизнес экономиканы гүлдендіруге негіз болады. Мемлекет бұл саланың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға дем беріп, әлеуетті қаржылай қолдау көрсетіп келеді. «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы жүзеге асырыла бастаған 2010 жылдан бері өңірге 16,5 миллиард теңге бөлінді. 800-ден астам жоба қолдау тапты. 15 мың адам жұмысқа алынды. Нәтижесінде, бағдарлама әкімгерлері 2010-2017 жыл аралығында 69 миллиард теңге салық төледі.
Шағын несие берілісі мемлекеттік тиімді көмекке айналды. Бес әлеуметтік бастаманың жүзеге асырылымы аясында жалпы кәсіпкерлікті өркендету мақсатымен саланы қаржыландыру ауқымы 1,7 есе (4 миллиард теңгеге дерлік) көбейді. Бүгінгі таңда 2 миллиард теңгеден астам 630 шғын несие берілді. Бұл кәсіпкерлік саланың әлеуетін арттыруға айтарлықтай дем береді.
Гүлмира САРБАСОВА.