МЕМЛЕКЕТ ПЕН ҚОҒАМНЫҢ ДӘНЕКЕРІ

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)

Loading...
Азаматтық қоғам институтының дамуына лайықталған қолайлы жағдай – мемлекеттік саясат басымдығының бірі. Мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың бұл бағыттағы жемісті әріптестігіне елеулі мән беріліп келеді. Түпкі бағыты Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен өмір сапасын арттыру» Жолдауы негізінде адамның құқығын қорғауға, гендерлік теңдікке, саламатты өмір салтын насихаттауға, жастардың әскери-патриоттық тәрбиесіне, шығармашылық бастамасына дем беруге арналады. Мемлекет пен үкіметтік емес ұйымның еліміздегі өзара іс-амалы диалогқа негізделетін жалпыұлттық әріптестік шеңберіндегі тең әріптестік ұстанымын көздейді. Азаматтық форум оның басты тетігі болып табылады. Форум бейкоммерциялық ұйымдар мен мемлекеттік орган өкілдерінің ауызекі әңгіме алаңына айналды. Қоғамның әлеуметтік жаңғыруы үшін өз ісімізді, бизнесімізді кеңейтіп, дамытуымыз шарт, әлеуметтік бағытқа лайықталған түрлі жобалар жүзеге асырылғаны абзал. Форумның жұмысына ең белсенді үкіметтік емес ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер, кәсіподақ жүйесі қатысты. Іс нәтижесін бағалауға түрлі аталым бойынша марапатқа іліккендердің жалпы саны, Астанада өтетін республикалық Азаматтық форум делегаттарының сайлауы негіздеме болады. Ақмола облысының азаматтық альянсы, «Шаңырақ» әлеуметтік-психологиялық және зерттеу орталығы» қоғамдық қоры маңызды шараға ұйтқы болды. Олар Елбасының Жолдауын және «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асырудағы азаматтық қоғам институттарының рөлі; «Азаматтық қоғамның жасыл экономиканы дамытуға қатысуы»; «Әлеуметтік кәсіпкерліктің дамуы» секциясының жұмысын ұйымдастырды.
Облыс әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова, ҚР Қоғамдық даму министрлігі азаматтық бастама басқармасының басшысы М.Қасқырбаев, Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының басшысы Г.Шөкеева, Қазақстанның азаматтық альянсының вице-президенті Д.Көшім, Көкшетау қалалық мәслихатының хатшысы Е.Исімбаев, облыстың үкіметтік емес ұйым және қоғамдық қор өкілдері форумның пленарлық бөлімінде құттықтау лебізін арнады.
Бірінші топта секциялық жұмыс жүргізілген сәтте оған қатысушылар делегаттардың ақпарына қызыға ден қойды, көбінесе олардың пікірімен бөлісті. Мысалы, Қазақстанның азаматтық альянсының вице-президенті Дос Көшім қазақтардың тегінің жазылымына дәстүрлі -ов, -ев жалғауын пайдаланбай, өзгеріс енгізіліміне қатысты өз пікірін білдірді. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының қолданыс аясын кеңейтуге, Павлодар қаласындағы даңғыл атауының өзгертілімі үлгісінде, ономастика комиссиясының түсндірме жұмысын жандандыруға ден қойылды. Қазақтың музыка өнеріне, мәдениетіне, қазынасы мен ғылымына өз үлесін қосқан танымал сазгерлер, этнограф-ғалымдар Затаевичтің, Брусиловскийдің, Гумилевтың есіміне Қазақстанның ешбір тұрғыны қарсылық білдірмейді. Өйткені жаңағы атаулардың қаланың көшелері мен жоғары оқу орындарына беріліс негізділігін растауға арналған ауқымды идеологиялық жұмыс жүргізілді. Мемлекеттік қызметкерлердің мемлекеттің тілді біздің ауданның үлгісінде үйрену проблемасын қамтыды. Сөзін сабақтай келе, атқару билігінің, демократиялы қоғамда теңдік пен ел мүддесінің ескерілім ұстанымымен амалдауы тиісті болса да, қазіргі таңда жоғары тұрғаны жайында айтты. Жер реформасының талқыланымына қатысты мысал келтірді. Мемлекет халықтың пікірін қабыл алуы тиіс, әйтпесе реформа жүзеге аспайды. «Ел бірлігі» қоғамдық бірлестігінің басшысы Бақыт Смағұл тәуелсіздік жарияланған уақыттан бері ел экономикасын дамытуға көп көңіл бөлінгені, ал идеологияның сырт қалғаны туралы ой өрбітті. Рухани құндылықтарымыз бірізді жолмен насихатталуы үшін қоғам бірігуі қажет. Баршаға ой салатын: Шағын ауылдарды жапқаннан нендей пайда?, деген сауалды қойды. Жаңағы елді мекеннің тұрғыны, сірә, лайықты баспана мен жұмыс таба ала ма? Ол тек жалдамалы пәтерде көшіп-қонып, әлеуметтік әлсіз санаттағылардың қатарын толтыратын болады. Өзекті мәслені қозғай келе, мемлекеттік «Рухани жаңғыру» бағдарламасын, цифрлы Қазақстан бағытын жүзеге асырудағы жетістіктерді, азаматтық қоғамның алдында тұрған міндеттерді тізбектеді.
Владимир Советов, Степногорск қаласындағы «Десантное братство» әскери-әуе десанты ардагерлері қоғамдық бірлестігінің басшысы, интернационалист-жауынгерлер қоғамдық бірлестігінің мәртебесін анықтауға, өскелең ұрпақ тәрбиесіне лайықты әскери-патриоттық тәрбие жүргізу үшін педагогикалық білім болуына қойылған талапқа қатысты пікірімен бөлісті. Балалармен жұмыс жүргізілетін клубқа керекті бұйым алдыру үшін мемлекеттік сатып алуға қатысу қажеттігін әңгімеге негіз етті. Жас степногорлықтардың әскерге дайындығы, «Панфилов дивизиясының жауынгерлік даңқ жолымен» ізденіс жұмысы, қоғамдық ұйым өкілдерінің еңбекақы төлемі, алдағы дата – Ауғанстаннан әскер шығарылғанына 30 жыл толатыны туралы қысқаша баяндады. Өз сөзін: Азаматтық сектор – бизнес емес, идеология, әскери-патриоттық тәрбие біздің мемлекетте болуы тиіс, деген оймен тәмамдады. Алдыңғы өкілдің ойын Астрахан ауданынан келген әріптесі сабақтады. Сөзінің мазмұны шара өткізуге лайықты есепшот ашқызуға, интернационалист-жауынгерлерге емхана қызметінің жеңілдікпен көрсетіліміне, қоғамдық көлікке сапар құжатын бергізуге, дәрі-дәрмекпен, пәтермен қамсыздандыруға, «Әскери қимылға қатысушы» жазуымен куәлік әперуге арналды. Әрмен қарай кадет сыныптарының мәртебесін шұғыл айқындауға, дене тәрбиесі мен алғашқы әскери дайындық сабағы мұғалімдерінің жалақы төлеміне негізделген ұсыныс енгізілді.
«Ақмола облысының мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Серік Әкімбаев «Рухани жаңғыру» бағдарламасының қағидасын жан-жақты насихаттауға, облыстың 9 ауданында өзі жүзеге асырған жобаға, БЛКЖО-ның 100 жылдығына берілген мемлекеттік бағаға, бала тәрбиесіне, «Өзгенің игілігіне жақсы іс тындыр» ортақ ұранымен мемлекеттік бағдарлама мен бизнестің әлеуметтік бағыттылығына қатысты өз пікірін білдірді.
«Sara» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Сара Баймағамбетова мемлекеттік органдар мен отбасы жұмысының өзара байланысына, әсіресе спортты дамытуға, секция мен алаң ашылымына қаржы бөлінісіне, тәрбиені отбасынан бастау қажеттігіне, ұрпақ сабақтастығына қатысты әңгіме өрбітті.
Ауызекі әңгіме алаңының жұмысына қатысқан үкіметтік емес ұйым өкілдері тек мемлекет пен қоғамның бірлігімен ғана толғақты мәселені шешуге болатынын, бұл орайда тараптардың мүдде мен жауапкершілік үйлесімі сақталуы қажеттігін негізге алды.
Дос Көшім секцияның жұмысын, ізінще Ақмола облысы азаматтық форум өткізілімінің өзіндік ұранына айналған, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың: «Тек еркін, демократиялық қоғам ғана біздің тұрақтылығымыз бен бақытты өміріміздің түпкілікті болашақ кепілі бола алады», деген сөзімен тәмамдады.
Раушан НҰРҒАЗИНОВА. Суретті түсірген автор.