ӨҢ-ЖҮЗІНЕН ПАРАСАТТЫҢ ЛЕБІ ЕСКЕН

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (1 оценок, среднее: 4,00 из 5)

Loading...
Еліміздегі өзге мерекелермен бірге, баршаға ой саларлық әрі көңілді мейрам – Егде адамдар күні аталып өтеді.
Балаға білім шуағын себуге күні кеше ғана оқу ордасының босағасын аттаған тәрізді еді. Жүрдек уақыт-ай десеңізші. Олар енді бүгін мектепте, колледжде талай жылды өткеріпті. Зейнеттік демалысқа шығыпты. Ағарту саласының ардагерлері атаныпты. Б.Қ.Ыбыраев, М.А.Қабжанова, М.Х.Халмұратова, Н.П.Чернушенко, К.К.Жәкиенова, Н.П.Лыско, А.Ф.Потанин, Ж.Д.Шахатов және басқалары ортамызды толтырды.
Бүкіл өмірін еңбекке, бала тәрбиесіне арнаған бұл кісілерге №8 АТК директоры Руслан Хамзин мен тәрбие жұмысы бойынша орынбасары Бибігүл Батталованың басшылығымен ұжым мен студенттер мерекелік концерт ұйымдастырды. Ардагерлеріміз өздерін елеп-ескергені үшін қатты қуанды. Қадірлі аға буынның атына шаршы топта көптеген жылы лебіз жолданды. Тартымды әуендер жүрекке жылы тиіп жатты. Бәрінің көңіл-күйі көтеріңкі болды. Музыка әуенімен бір сәт жастық шақты еске түсірді, бой сергітті. Жан жылуымен, ізгілік төзімімен жастарға өнеге көрсеткендей әсер берді. Келешекке мол игілік жасаған үлкендерге ризашылық алғысымыз шексіз. Алтын күздің жылы шуағы әрдайым баршаңыздың жүректеріңізге жылылық нұрын ұялатсын. Мереке құтты болсын, өмірдің бар жақсылығына кенеле беріңіздер.
А.ЫБЫРАЕВА,
№8АТК оқытушысы.