Ақмола облысында мемлекеттік қызметшілер арасында облыстық спартакиада басталды

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі мемлекеттік орган ұжымдарында бұқаралық спортқа аса жоғары мән береді. Себебі ол мемлекеттік қызметшілердің денсаулығын нығайтады. Сонымен қатар атқарылып жатқан жұмыстың сапасы мен өнімділігін арттыруға ықпал етеді. Спорттық рух ұжымды біріктіреді, нәтижелі жұмысқа икемдейді. Түптеп келгенде мемлекеттік қызметші көздеген өз мақсатына, меже биігіне қол жеткізеді.

Бүгін Ақмола облысында мемлекеттік қызметшілер арасындағы ІХ облыстық «Отан» спартакиадасының салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Игі шара мемлекеттік басқару органдары өкілдерінің арасында бұқаралық спортты насихаттау, мемлекеттік қызметшілерді спортқа жүйелі түрде тарту, саламатты өмір салты ұстанымын енгізу және спорт арқылы ұжымдардағы достық қатынасты нығайту мақсатында өткізіледі.
«Облысымыздың мемлекеттік қызметшілері жеке тұлғаның жан-жақты дамуын қолдайтындарын тағы да көрсетті. Президент атап өткендей, спортпен айналысу денсаулықты нығайтып қана қоймай, жігерлі болуға, жетістіктерге қол жеткізуге тәрбиелейді, жоғары моральдық-рухани қасиет қалыптастырады. Сол себепті спортты дамытуға еліміз жоғары көңіл бөледі» – деп өз сөзінде Департамент басшысының орынбасары Р. Братаева айтып өтті.
Спартакиада бағдарламасына тоғызқұмалак, волейбол, үстел теннисі, оқпен ату, шахмат, жүзу, футбол, шаңғы жарысы енгізілді. Оған облыстық басқармалар мен департаменттердің мемлекеттік қызметшілерінің құрамасы қатысады.
Қатардағы қызметшілермен қатар спартакиадаға мемлекеттік органдарының басшылары мен олардың орынбасарлары да үн қосатынын атай кеткен жөн. Олар өздерінің осы әуестігімен қызметкерлерге қолдау көрсетпек ниетте. Елбасының бұқаралық спортпен айналысушылар қатарын 2020 жылға қарай 30 пайызға дейін жеткізу жөніндегі тапсырмасын орындауға үлес қоспақ.
«Мемлекеттік қызметшілер үшін саламатты өмір салтын ұстану бастапқы міндеттердің бірі. Мемлекеттік қызметшінің дені сау, күш-жігері мол болса, ол іске әлдеқайда белсенді және жұмысы да тиімді болады.
Осынау спорттық тартыста әріптестеріміз өздерінің жеңіске деген жоғары талпынысын көрсететініне сенімдіміз», – деп Р. Братаева ой қорытты.
Ақмола облысының мемлекеттік қызметшілері арасында бұндай іс-шаралар ұжымдарды біріктірудің және саламатты өмір салтын қалыптастырудың өзіндік бір дәстүріне айналды.