АУДАННЫҢ НАМЫСЫН ҚОРҒАДЫ

Қарашаның алғашқы онкүндігінде Ақмола облысы Целиноград ауданының Родина округінде волейболдан ерлер командасы арасында өңірлік турнир өтті. Спорт ойыны Қазақстанның Еңбек Ері, есімі елде көпке танымал «Агрофирма «Родина» ауыл шаруашылығы кәсіпорнының директоры Иван Адамович Сауэрдің жүлдесіне арналды.
Көрермендер мен жанкүйерлер тартымды да танымдық шараның куәгері болды. Спортшылардың, Қазақстан спортына еңбегі сіңген ардагерлердің дүбірлі бәсекесін тамашалады. Турнирге Ерейментау ауданының, Елордамыздың («Қаһарман ұрпақ»), Қорғалжынның, Родина округінің командалары қатысты. «Агрофирма «Родина» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бас директорының орынбасары Андрей Павлович Веревкин барлық ойыншыларға құттықтау лебізін жолдады.
«Родина» кіші буын бишілер ұжымы қонақтарға сазды сәлемін арнады.
Бас төреші Ержан Рүстемханов ауқымды шара ашылар сәтте команданың құрамын, капитандары мен Қазақстан Републикасына еңбегі сіңген спортшыларды жария етті. Ол бәріне шаршы шаршы алаңда сәттілік пен табыс тіледі.
Ақтық нәтижеде Ерейментау қаласының командасы (капитаны Өмірзақ Ахметов) алдыңғы қатардан көрінді. Қорғалжындықтар екінші, Астананың командасы үшінші орынды иеленді.
Жеңімпаздар медальмен, кубокпен көтермеленді. Турнирдің үздік ойыншылары мен жүлделі орын алған командалары «Агрофирма «Родина» серіктестігі тарапынан толымды ақшалай жүлдеге қол жеткізді.

АНАСТАСИЯ ЕНЬШИНА.
Астана қаласы.