ЖАҢА АЛФАВИТКЕ НЕГІЗДЕЛГЕН ДИКТАНТ

Латын қарпімен диктант жазуға жалпы екі миллионға жуық қазақстандық қатысты, – деп хабарлайды Мәдениет және спорт министрлігі, – жалпыхалықтық диктант елдің бүкіл өңірінде өтті.
Акцияның басты мақсаты, ұйымдастырушылардың бастамасы бойынша – латын қарпіне негізделген қазақтың жаңа алфавитін көпшілікке танытуға арналды. Оған қоса түйсінуі, жазылуы анағұрлым қиын әріпті, дыбысты анықтауды негізге алды. Жаңа алфавитке 32 әріп енгізілген. Спецификалық дауысты, дауыссыз дыбысы арнаулы белгімен таңбаланған және Ш,Ч әрпін білдіретін Sh, Ch екі дифтонгы бар.
«Рухани жаңғыру» тақырыбына арналған диктант оқушыдан бастап аға буынға дейінгі барша қауымға қиындық тудырған жоқ, қолжетімді болды. Мәтінге 80 сөз енгізілген. Диктант жазып шығуға 30 минөт уақыт берілді.
14 қарашада ауданымыздың барлық мектептерінде, мекемелерінде өткен республикалық диктантқа жалпы 4 мыңнан астам адам қатысты. Олардың құрамына мемлекеттік қызметкерлер, әлеуметтік сала, үкіметтік емес ұйым, кәсіпорын, мекеме қызметкерлері, аудан мектептерінің жоғарғы сынып оқушылары кірді. Тіл оқыту орталығының оқытушылары оқып берген мәтінді «Шалқар» , «Қазақ радиосы» радиостанциясының тікелей эфирінен және emle.kz, tilalemi. kz. сайттарынан тыңдауға мүмкіндік берілді. Акцияға қатысушылар латын қарпінің үлгілерін пайдалануға рұқсат алды, ол үстелге қойылды. Диктант жазуда өз мүмкіндігін сынап көруге ниеттілер де табылды, неміс, ағылшын тілі сабағын еске түсірді, жазба жұмысын қашықтықтан орындап берді.
Акция тәмамдалғанда, қатысушы қауым emle.kz, tilalemi. kz. сайтын ашып көрді, осылайша қазақтың жаңа алфавитін өзінің қаншалықты жетік меңгергенін бағалады, тексерді. Аға буын өкілдері 2025 жылғы ресми енгізіліміне дейін жаңа үлгіні үйрене бастаған жөн екенін, осы қаріппен оқуға, жазуға бейімділік қажеттігін атап айтты. Жаңа жүйеге ауысым бәрін біртіндеп әрі салмақтап ойлануды талап етеді.
Раушан БАРЖАҚСЫ.