АСТЫҚ ОҢАЙЛЫҚПЕН ӨСІРІЛМЕЙДІ

Ежелгі дәстүр бойынша қарашаның үшінші жексенбісінде Ауыл шаруашылығы еңбеккерлері күні аталып өтеді.
Бұл уақытта егін де жиылады, шөп те үйіледі. Мал да қысқы күтімге алынады.
Мейрам қарсаңында ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Абылай Төлеубайұлы Иманжүсіповке жолықтық. Егін орағының қорытындысы, аграршылардың қол жеткізген табысы жайында мәлімет сұрастырдық.
-А.И. Аудан диқандары биыл жалпы 63,3 мың тонна астық жинады, былтырғыдан 34,4 мың тоннасы артық. Орташа гектар өнімділігі 10 центнерден айналды. Өткен жылы аудан көлемінде жалпы 28,8 мың тонна түсім алынды, орташа өнімділік 4,6 центнер болды.
Егіні барынша бітік шыққан шаруашылықтар да баршылық Олар: «Ерейментау Ақбас» ЖШС (басшысы М.О. Шамшинуров) – 22,3 ц/га, «Серноводск» ЖШС ( В.В. Кекаев) – 12,0 ц/га, ТОО «Алиби Павловка» ЖШС (Б.С. Дәргенов) – 14,2 ц/га, КХ «Қаратал» шаруа қожалығы (А.Меньшаков) -24,0 ц/га. Өңіріміздің өзге шаруашылықтары да жақсы нәтижеге жетті, бәрі де орта есеппен әр гектардан 9-10 центнерден өнім алды. Келесі 2019 жылдың егініне 9,0 мың тонна тұқым құйылды. Бұл тиісті сұранысты толық өтейді.
2019 жылдың алғы жоспары қазірден қарастырылуда. Егістік алаңының биылғыдан кем болмайтынына үміттімін. Малазықтық дақылға лайықталатын егістікті кеңейтуге ниет баршылық. Өйткені ауданда мал басының көбейгенін ескеруіміз шарт. Ал күзгі дақыл себілімі өңірімізде қарастырылмаған.
-Енді кіріске тоқталайық. Рентабельді жұмыс жүргізген ұжымдар бар ма?
-Астықты мол жинаған шаруашылықтар табысқа кенелді. Әрине, бәрі өнім өткізілім нәтижесіне қарай есептелуі тиіс. Бәрі нарықта қалыптасатын астықтың бағасына байланысты. Диқандар жылды тәмамдап жатса, мал өсірушілердің атқарар міндеті әлі алда. Он айдың қорытындысы бойынша ірі қара – 41,2 мың бас. Өткен жылғы деңгейдің 112,9 пайызы, соның ішінде сиыр -22,1 мың бас/ 101,4 пайыз. Қой-ешкі -78,6 мың бас/ 94,4 пайыз. Жылқы -23,6 мың бас/101,6 пайыз, шошқа -2,1 мың бас/124,9 пайыз, құс -28,8 мың/97,0 пайыз. 2018 жылдың қарашасына дейінгі өндіріс ауқымы: тірідей салмақ есебімен алғанда мал-құс еті 7369,7 тонна немесе 98,9 пайыз. Сауын көрсеткіші -32878,9 тонна немесе 100,7 пайыз. Тауық жұмыртқасы -5332,1 мың дана немесе 100,0 пайыз.
Ағымдағы жылдың қаңтар-желтоқсаны ішінде жалпы 13123,8 миллион теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі шығарылды. Оның 3287 миллион теңгесі егіншілік саласының, 9807 миллион теңгесі мал шаруашылығының үлесінде. Жалпы деңгейі -111,7 пайыз.
-Фермерлік-шаруа қожалықтары алдағы жылы қандай мемлекеттік көмектен үміт күте алады?
-Шаруашылық иелеріне егін баптауға да, мал күтіміне де, мемлекеттен субсидия бөлінісі қарастырылған. Бұл қаржы алдырылатын тұқымның, тыңайтқыштың, гербицидтің құнын арзандатуға лайықталады. Мал шаруашылығына тиесілі субсидия ірі қара мен қой тұқымын сұрыптап-асылдандыруды, алдырылатын бұзау, қой, жылқы, тұқым түрленіміне лайықты бұқа құнын арзандатуды, мал шаруашылығы өнімі өткізілімін көздейді. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы техникасы мен құрал-жабдық алдырған шаруаларға инвестициялық субсидия беріледі. Үстіміздегі жылы ауылдас-әріптестерімізге жалпы 200,9 миллион теңге төленді. Оның 42,2 миллион теңгесі диқандардың, 158,7 миллион теңгесі мал өсірушілердің үлесінде.
-Саланы дамытудың 2019 жылға межеленген қандай басымдықтары баршылық?
-Бүгінгі таңда агроөнеркәсіп кешенін өркендетудің 2018-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде негізінен мал шаруашылығына, етті мал өсіріліміне көбірек ден қойылып отыр. Ол – отбасылық үлгідегі фермерлік шаруашылықты дамыту бағдарламасы.
Ауыл шаруашылығы өнімі ұқсатылымының да мән-маңызы ерекше. Бүгінгі күні бұл мәселенің шешіміне назарды күшейтуіміз қажет. Ержан Биекенов басқаратын «Хамзе» шаруа қожалығы осы бағытта Новомарковка ауылында сүтті буып-түйетін цехты іске қосуды жоспарлауда. Ерейментау қаласында осындай цех салынды.
Ауданда 2018-2021 жылдарға агроөнеркәсіп кешенін дамытуға арналған бағдарлама жобаланды. Біз бүгінгі күні осы негізде жұмыс жүргізіп жатырмыз.
-Мереке қарсаңында ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің атына қандай лебіз арнайсыз?
-Барлық ауыл еңбеккерлеріне оптимистік сенім, денге саулық, берік төзім, қажымас қайрат тілеймін. Өйткені ауыл шаруашылығы – ең жауапты сала, жұмысы да жеңіл емес. Бұл жүйеде туған елді, Жер-Ананы аялайтын жандар еңбек етеді. Сіздердің саланы өркендетуге қосқан үлестеріңіз өлшеусіз. Білікті механизатордың, мал өсірушінің, сауыншының, комбайншының, жетекшінің бәрі мақтанышымыз, алтын қорымыз. Демалыссыз, тынымсыз еңбек етіп жатқан барша қауымға ізетіміз, қадірлі ардагерлерімізге ризашылық алғысымыз шексіз. Бәрінің шаңырағына шаттық, зор денсаулық, амандық пен ризық молшылығын тілеймін.
Мерекелеріңізбен, қымбатты ауыл еңбеккерлері!
ЛЮДМИЛА МАРКОВА
Әңгімелескен