ҰСТАЗ,ТӘРБИЕШІ, АРДАГЕР

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...
«Берген адам – үндемесін, алған адам – айтсын».
(Сервантес)
Біздің бұл жолғы сұхбат-әңгімеміз ұстаздық ғұмырнамасы Сәкен Сейфуллин атындағы мектеп-интернатпен тығыз байланысқан ағарту саласының ардагері Рәшида Әбжәлімованың оқу-тәрбие қызметіне арналды.
Ұйымшыл ұжым директор Ғалы Асқарұлы Асқаровтың жетекшілігімен жалынды жігермен, құлшыныс ниетпен білек сыбана бірлесе жұмысқа кірісті. Мұғалімдер В.О. Гаммер, С.Д.Бәйкенов, М.С.Сейсенбаев үш қабатты жаңа ғимарат игілікке уақтылы қосылуы үшін құрылысшылармен бірге тәулік бойы аянбай еңбек етті. Ынтымақты қажырлы жұмыс нәтижесін берді. Келесі 1964 жылдың қаңтарында білім ошағы жаңа шәкірттерге өз есігін айқара ашты. Директор әрі оқу ісінің меңгерушісі лауазымын қоса атқарған Г.П.Таранованың басшылығымен тату ұжым оқу-тәрбие ісін бастады. Aры қарай оқу

ҮЛКЕНДЕРДІҢ АЛҒЫСЫНА БӨЛЕНДІК

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...
Күншалған өңірінің: орталық қоныспен іргелес Қаратал, Шәкей ауылының аға буын өкілдері межелі уақытта жылы да жайлы клубқа жиналды.
Атақоныста ауыл шаруашылығы өнімі өндірісін еселеген, аудан экономикасын нығайтуға еңбегі сіңген қарапайым еңбеккерлер – бүгінгі ақылшы ата-әжелер ортамыздың көркі. Иә, әрқайсысының туған жерде – кешегі «Ленинский» совхозында қалдырған өзіндік айшықты ізі, өнегелі қолтаңбасы баршылық. Егемендік кезеңінде елге құт қондырған, алыстан атамекенге ту тіккен қандас ағайындар -ортамыздың сәні. Қажырлы да даналы, қазыналы да саналы үлкендеріміздің бәрі әрдайым төрден орын алуға әбден лайық.
Міне бұл жолы баршасы құрметті де құтты орынға жайғасты. Көтеріңкі көңіліне, ризашылық пейіліне сырттай көз сүйсінеді. Әңгімеге тартсаңыз – қызықты естелігі іле құнды ақыл-кеңеске ұласып жүре береді, тіпті сөзін бөлмей – тыңдай бергің келеді.
Округ әкімі Айланыш Тілекберді, №6 Күншалған сайлау округі бойынша аудандық мәслихаттың депутаты Асқар Ерғали шай дастарханында қадірлі қарттарымызды шын ниетпен құттықтады. Олардың жүрекке жетерлік жылы лебізі аға буынның елге сіңірген еңбегіне, келер ұрпаққа жасаған игілігіне ұрпақ атынан айтылған ризашылық алғысы ретінде қабыл алынды. Aры қарай оқу

ДОЙБЫШЫЛАР БАҚ СЫНАҒАН ЖАРЫС

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...
Қалалық ардагерлер кеңесінің демалыс бөлмесінен ешқашанда жан үзілмейді. Зейнеткерлер шарша топта өзара сырласады, тың жаңалығымен бөліседі.
Бұл жолы үкіметтік емес ұйым дене тәрбиесі және спорт бөлімімен өзара ақылдаса келе, егде әйелдердің арасында дойбы жарысының өткізілетінін жария етті. Зияткерлік ойын бәсекесі жуырда тәмамдалған Егде адамдар айлығымен орайластырылды.
Бас төреші Александр Котляренконың қарамағына шоғырланған нәзік жандылар үстел ойынынан бақ сынауға ықылас танытты. Сонымен бес жұпқа жіктелген жерлестеріміз айналым жүйесі бойынша бәсекеге кірісті. Aры қарай оқу

ӨМІРІ – МӘҢГІЛІК ҮЛГІ

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...
Жуырда Целиноград ауданының орталығы Ақмолда ауыл тұрғындары және «Шаңырақ Басқарушы компаниясы» ЖШС-нің құрылтайшылары А.А.Лоренц пен М.В.Божконың бастамасымен даңқты жерлесіміз, Социалистік Еңбек Ері Иван Иванович Шарфқа ескерткіш мүсін орнатылды.
Мерекелік салтанатты шараға ауыл тұрғындары мен аудан басшыларынан бөлек, Қазақстандағы неміс диаспорасының өкілдері, Парламент, облыстық мәслихат депутаттары, сондай-ақ еліміздегі Германия Федеративтік Республикасының төтенше және өкілетті елшісі Тило Клиннер қатысты.
Ақмола облысының айтулы азаматы Иван Иванович Шарфтың ауыл шаруашылығын өркендетуге қосқан үлесі орасан. Оның өмірлік ұстанымы «Бәрі де адамдардың игілігі үшін» ұраны болды.
Бүгінгі астаналық өңірдің ең ірі құс фабрикасын басқарған кездерінде ол биік өндірістік жетістіктерге қол жеткізді. Сол үшін Иван Иванович Шарфқа сол кездегі КСРО-ның ең жоғарғы наградасы – Социалистік Еңбек Ері атағы беріліп еді. Aры қарай оқу

ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕ НАЗАРҒА АЛЫНДЫ

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (1 оценок, среднее: 5,00 из 5)
Loading...
Аудан әкімдігінде Зейнеп Жүсіпованың жетекшілігімен қоғамдық кеңестің өкілдері жүздесті. ТКШ, автокөлік жолдары, жолаушылар көлігі бөлімінің өкілдері, жеке кәсіпкер Игорь Гашек шақырылды. Бұл жолы балаларды мектепке және үйге тасымалдауға арналған қызмет көрсетілім сапасы әңгімеге негіз болды.
Зейнеп Байбаққызы жиынды ашқан сәтте қоғамдық кеңес мүшелерінің қала мектептеріне бала тасымалы қызмет көрсетілім сапасын зерттегенін баяндады. Кеңес мүшесі Раушан Нұрғазинова бағалау ақпарын ұсынды. Ол негізінен қалалық №1, №2 бағыттағы автобус жүргізушілерінің сапар кестесін ескеретінін айтты. Дегенмен жұмыс уақыты басталғанда автобустың іші жинастырылмағанына, пердесінің, орындық жабуының, ауа райы, жаңбырсыз, ашық болғанымен, көліктің сыртының да адам көргісіз күйіне назар аударды. Әңгіме тақырыбы оқушыға арналып отыр. Сондықтан Заготзерно, Қарасу, Известковый мөлтекауданына апаратын жолдың сапасы сын көтермейді, ой-шұңқыры да аз емес. Ересектерге орнын берген бала салонда түрегеп тұрады. Ал көлік күрт тоқтай қалса – кез келген шәкірт жарақат алуы әбден мүмкін. Aры қарай оқу

ЗЕКЕТ – ӘЛЕУМЕТТІК ТЕПЕ-ТЕҢДІК КЕПІЛІ

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...
Адамзат тарихына көз салсақ: әр кез, қайсы бір қоғамда адамдар әлеуметтік тұрғыдан бай-кедей болып, екі топқа бөлінген. Материалдық тұрғыдан теңдік болмаған екі тап арасында қарама-қайшылықтардың болатыны бесенеден белгілі. Байлар өздерінің мал-дәулетіне сүйеніп кедейлерді менсінбей тәкәппарлықпен қарауы, кедейлер болса дәулетті адамдардың алдында өздерін төмен санап, ыңғайсыз жүруі кейбір қоғамда қалыпты жағдайға айналған.
БҰҰ даму бағдарламасының кедейлікке арналған жылдық баяндамасына сүйенсек 2 миллиард 200 миллион тұрғыны кедейлік құрсауының зардабын тартуда. Бұл көрсеткіш бүкіл адамзаттың 14 пайызына тең. БҰҰ-ның тұжырымына сәйкес, күніне 1 АҚШ долларына күн көретін адам кедей саналады, ал 1 доллардан аз ақшаға күнелтетін адамды пақыр кедей немесе қайыршы деп атауға тура келеді. Адамдар арасындағы теңсіздіктің өсуін ауыздықтау турасында The Guardian газеті сараптама мақала жариялап, зерттеудің қорытындысы бойынша жер шарындағы байлардың қолында әлемдегі барлық байлықтың 44 пайызы шоғырланғанын жазған болатын. Ал соңғы жылдары бұл көрсеткіш 48 пайызға жеткен.
Алла Тағала тарапынан жіберілген соңғы дін – Исламның ұстанымы теңдікке негізделіп, әр заман мен уақытқа бейімделген. Асыл дініміз адамдарды ұлтына, тегіне бай- дәулетіне қарай бөліп жарып қарастырмайды. Әсіресе қоғамда адамдар арасында материалдық теңдікті сақтауды алдыңғы орынға қойған. Оны мұсылмандарға парыз болған, бес парыздың бірі зекет құлшылығынан анық байқауға болады.
Зекет Алланың әмірімен хижраттың екінші жылы парыз болған құлшылықтың бір түрі. Зекет тілдік тұрғыда араб тілінен аударғанда «Өсу», «көбею», «тазалану», «берекелену» деген мағыналарды білдіреді. Ал, шариғатта: «нисап мөлшеріне жеткен мұсылмандарға белгілі мал-дүниесінен Құранда келген арнайы адамдарға беруді міндеттеуден тұратын құлшылық». Сондықтан-да бұл ғибадаттың зекет деп аталуы қалған байлықтың көбеюіне, берекеттенуіне әрі берушісінің күнәларынан тазаруына себеп болғандығынан. Aры қарай оқу

КЕЛЕР ЖЫЛЫ АМАН-САУ ЖҮЗДЕСКЕНШЕ

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...

Елді мекенге табан тіреген сәттен халықтың қысқа даяр екенін анық аңғарасыз. Аулаға шөп үйілген, көмірін де, картобын да қоймаға енгізуде. Жалпы бәрінің көңіл-күйі жақсы. Еркіншілік ауыдық округінде аға буын өкілдері құрметтелген күні ауа райы шуақты да жылы болды. Жеке кәсіпкер Хазез Бақытжанның тойханасына округтің түрлі сала ардагерлері жылы жүзбен, сыйластық пейілмен жинала бастады. Құлаққа жағымды әуен, мектеп оқушылары мен Мәдениет үйінің қызметкерлері даярлаған концерт көпшіліктің көңілін көтерді. Бәрі де өзара емін-еркін шүйіркелесті, әзілдесті, өткенді сеске түсірді. Aры қарай оқу

СПОРТ – ДЕНСАУЛЫҚ, БІРЛІК КЕПІЛІ

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...
Еркіншілік ауылдық округінде бәріміз аға буынды құрметтеуге мақсат қойған сәтте ауа райы халыққа жайлы болды, күннің жылы шуағы айналаға молынан төгілді.
Таңсәріден Мәдениет үйінің жанындағы спорт залында абсолюттік салмақ дәрежесіндегі қазақ күресінен бүгінгі мейраммен орайластырылған жарыс жүріп жатты. Бастама иесі -ауылдық округтің әкімі. Aры қарай оқу

«ҮМІТ ЖҰЛДЫЗДАРЫ»

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...
Көңіл толарлық жайт: оқушылардың басым көпшілігі жылда сабағына қоса, спорт, музыка, өнер саласында топ жарып, жарқырай көрініп жүр. Олар ізденіс пен еңбекке қоса өз арманына қол жеткізуге талпына да біледі.
Әрине, табысқа жетуіне, бірінші кезекте, ілім-білімге құштарлық ниеті, қажырлылық, жаңалыққа ұмтылыс дағдысы септеседі. Сөз жоқ, мұғалімі де, ата анасы да, айтарлықтай дем береді. Бұл айтарлықтай психологиялық елеулі жәрдем.
Ауданымызда талантты жастар аз емес. Олар: әншілер, аспапшылар, бишілер, спортшылар, суретшілер, ақындар, актерлар т.т. Дарынды ұл мен қыздың жетістігі жайында баспасөз бетінде мақала жарияланып жатады. Бәрі де көңілге мақтаныш пен қуаныш сезімін ұялатады. «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы мен Астанамыздың 20 жылдығы шеңберінде аудандық білім бөлімінде түрлі жобалар жүзеге асырылып келеді. Түпкі мақсаты балалардың түрлі салада қол жеткізген жетістігін насихаттауды көздейді.
Әдістемелік кабинет меңгерушісі Қатима Әубәкірованың басшылығымен қолға алынған алғашқы жоба ғарышкер Тоқтар Әубәкіровпен өткізілген жүздесу болды. Балалар ғарышты меңгеру тақырыбы аясындағы ғылыми жұмысын, макетін дайындады. Келесі жолы ортамызға танымал айтыскер ақын Айбек Қалиев келді. Оған тума дарын иелері, жазба ақындар шақырылды. Aры қарай оқу

ТҰРМЫСЫМЫЗ РЕТТЕЛІП КЕЛЕДІ

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...

Бестоғай ауылдық округіне қарасты Байсары ауылына ортақ ауыз су желісі тартылғаны, әрбір үйге жеке-жеке құбыр енгізілгені баршаға белгілі. Елді мекенге бұрылыстағы қымызхана жақтағы төрт үйге де су тартқызу мәселесі күн тәртібіне қойылған болатын. Аудан әкімі Виктор Радченкомен жүздескенімізде ол жөнінде құлаққағыс жасалды да. Міне, жуырда игілікті іс қолға алынды. Аудандық мәслихаттың бір жолғы сессиясында жаңағы мақсатқа 730 мың теңге бөлінді. Қыркүйектегі тендерде жеңіске жеткен, облыстық мәслихаттың депутаты Темірболат Оразақов басқаратын «ЕрейменТАУ-2005» ЖШС бірден іске кірісті. Өз шаруасын тиянақтап та қалды. Aры қарай оқу