ӘҢГІМЕ ӨЗЕГІ – КЕЛЕШЕК, БЮДЖЕТ, ЖОСПАР

Қалалық қауымдастық өкілдерінің кезекті жиыны төрайым сайлауынан басталды, ортақ ұсыныс бойынша бұл қызметке Анастасия Иващенко ұсынылды.
Қаланың әкімі Төлеутай Мұхамеджанов қауымдастық алдындағы өз есебін статистикалық деректермен сәйкеспейтін қала тұрғындарының жалпы санынан бастады. Қаланың жалпы әлеуметтік-экономикалық даму деңгейіне, бюджетіне, қалыптасу ретіне, шығыс тармағына назар аударды. Қаражаттың басым бөлігі жаз мезгілінде игілікке жұмсалды. Ол жөнінде қалалықтарға алдыңғы жиналыста хабарланды. Ереймендіктер аңғарғандай, жарнама ілетін жаңа тумба, Заготзерно аймағында аялдама орнатылған. Ағаштың қу бұтағы шабылды. Шағын сәулет үлгісі – барыс кескінделді. Ескерткіштердің төңірегі көріктендірілді. Жоспарланған өзге іс тындырылды. Әкім алдағы жылға арналған жобаға тоқталды. Дербес бюджетті толықтыратын негізгі қаржы көзін тізбектеді. Олар: салық түсімі, әкімшілік құқық бұзушылық үшін салынатын айыппұл, аудандық бюджеттен бөлінетін субвенция. Үнемделген қаражатты пайдалануға арналған ұсыныс, мерекелік шаралар, жүргізілетін жұмысқа қалалықтардың белсенділігі сипатталды.
Қауымдастықтың мүшелерін толғандыратын бірқатар мәселе баршылық. Атап айтқанда Зеленый хутор мөлтекауданына жарық шамы, су құбыры қажет. Каменный карьер өңіріне баратын жолда күтім жоқтың қасы. Демалыс күндеріндегі автобус бағыты, қоғамдық тәртіп бұзылысы, бейнебақылау камерасының жұмысы, плотина жағынан қаланы су басу қатері сұрақ қоюға негіздеме болды. Олардың бәрі тиісті шешімін іздестіруге назарға алынды.
Жергілікті қауымдастықтың мүшелері қала әкімінің есебін жалпы мақұлдады.
Раушан БАРЖАҚСЫ.