ОҢТАЙЛЫ АМАЛ ҚАРАСТЫРЫЛДЫ

Аудан әкімі Виктор Радченко осы аптада аудан әкімі орынбасарының міндетін атқарушысы Әнуарбек Олжабайұлы Айтпаевты аудан активіне таныстырды.
Торғай сайлау округінен аудандық мәслихаттың депутаты болған, «Тиянақ-Трэйд» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры қызметін атқарған, халық арасында ілтипат пен беделге бөленген азаматтың өмірбаянын жария етті.
Аудан әкімі орынбасарының міндетін атқарушысы Әнуарбек Олжабайұлы Айтпаевтың алғашқы жұмыс күні Абай Құнанбаев көшесінің бойындағы Чкалов, Абылайхан көшесінің қиылысындағы үйлерді, айта-айта әбден жауыр болған, су басумен орайласқан мәселенің шешіміне арналды. Құрамына қаланың әкімі, коммуналдық мекеме, әкімдіктің сәйкестелген бөлім бастықтары енген комиссия істің мән-жайын жан-жақты талқылады, оны шешуге лайықты әртүрлі амалдарды қарастырды. Табиғи суды ағызуға лайықты құбыр қосылатын арна төсеуге тікелей бұрғылау ісі ең оңтайлы тәсіл ретінде ұсынылды.
Раушан БАРЖАҚСЫ.