ВОЛЕЙБОЛШЫЛАР ЕРЛЕДІ

Тайбай ауылдық округінде Тұңғыш Президент күні құрметіне, саламатты өмір салтын насихаттауға негізделген, волейбол бәсекесі ұйымдастырылды. Округ әкімінің жүлдесіне арналған жарыста бес команда бақ сынады. Мектеп директоры Асқар Ералинов, округ әкімі Талғат Кәрібжанов беташар сәтте ойыншыларды құттықтады, адал бәсеке, толымды табыс тіледі. Әрбір топтың өз көшбасшысы, тәжірибесі ойыншысы баршылық. Ақтық нәтижеде, жиылған ұпай саны негізінде, Елтай ауылының намысын қорғаған Ахметовтардың отбасы бірінші тұғарға көтерілді. Орта мектептің құрамасы мен Тайбай ауылының жастар командасы турнир кестесінің екінші-үшінші орнына жайғасты. Бірінші жүлделі орын иегерлеріне ауыспалы кубок, ақшалай жүлде, Грамота ұсынылды. Екінші-үшінші орын алған топтар да грамотаға қол жеткізді.
ӨЗ ТІЛШІМІЗ.