ЖҮЗДЕСТІК. БОЙ ЖАЗДЫҚ. ШЫНЫҚТЫҚ

Олжабай батыр атындағы ауылдық округінде волейбол ойыны ұйымдастырылды. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен орайластырылған спорт бәсекесіне қатысуға алаң иелеріне қоса Еркіншілік, Күншалған мектептерінің әуесқой ойыншылары ықылас білдірді.
Ауылдық округінің әкімі Хасамхан Хавджалел және Олжабай батыр ауылы орта мектебінің директоры Сәуле Назарбекова барша қатысушыларды мерекемен құттықтады, шаршы алаңда сәттілік тіледі. Сайыс өте тартысты өтті. Басты мақсат жастар арасында саламатты өмір салтын насихаттауға негізделді.
Нәтижесінде біздің ауыл мектебінің командасы жүлделі бірінші орыннан көрінді. Өз қарым-қабілетіне лайықты дәрежеде біліктілік танытқан Күншалған мен Еркіншілік 2-3 орынды өзара тең бөлісті.
Жеңімпаздарға Мақтау қағазы, бағалы сыйлық, аспалы медаль ұсынылды.
Елбасымыз 2019 жылды «Жастар жылы» ретінде жариялағаны, ел болашағы тек жастардың қолында екенін қадап айтқаны баршаға аян. Сондықтан ауылдық жерлерде жастар саясатына айрықша мән берілгені, әртүрлі игі шаралардың жүйелі ұйымдастырылғаны дұрыс болар, сірә.
Унерхан АМАНГУЛ,
спорт әдіскері