АППАРАТ КЕҢЕСІНЕН

Осы аптаның аппарат кеңесі аудан әкімі Виктор Радченконың басшылығымен өңір активінің қатысуымен өтті.
Экономика және қаржы бөлімінің жетекшісі Амантай Хасеновтың ақпары ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына дейінгі атқарылым болжамын қамтыды. Дербес бөлімдерге, ауылдық округ әкімдіктеріне талдау жүргізілді, рейтингтік баға берілді. Есепшот төлемінің жүргізілімі, салық аударымы, атқарушылық тәртіп әңгіме тақырыбына айналды. Бөлім бастықтары Марина Сердцева, Жәмәлиден Түгелбаев, Сәуле Куркина, Ербол Мәшкенов бюджеттің атқарылым реті мен жыл соңындағы болжамын негізге алды.
Ішкі саясат бөлімінің басшысы Кәмила Ахмедиярова республикалық, облыстық, аудандық газетке жазылым жағдайын сипаттады. Жаңағы идеологиялық жұмысқа жауапкершілік ниет байқатқан жандарды даралады. Өз қарамағындағы өңірде бұл іске енжар қарайтын әріптестерді де атап берді. ОТАУ ТВ желісіне жалғаным жағдайы да түсіндірілді.
Ерейментау ауданы бойынша кіріс басқармасының жетекшісі Жанат Түбеков қала мен ауылдық округтер бойынша салық түсімінің орындалымына болжам жүргізді.
Шаршы топта мереке күндеріне, коммуналдық саланың қалыпты жұмысына, жазылым науқанының нәтижесіне, кейбір бөлімдердің көлікпен қамтылу мәселесін шешуге арналған әңгіме өрбіді.
Кеңесті қорытқан аудан басшысы орынбасарлары мен жекелеген бастықтарға нақты тапсырма белгілеп берді.
ӨЗ ТІЛШІМІЗ.