БАСТЫ НАЗАРДА – ТАЗАЛЫҚ ПЕН ТӘРТІП

Ерейментау аудандық мәслихатының депутаты Талғат Қалиевтың төрағалығымен өткен депутаттық өкілеттік және этика, жастар ісі, ұлтаралық қатынас, халықтың денсаулығын сақтау, білім, мәдениет, заңдылық және құқық тәртібі мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының жиынында қарауға Ерейментау қаласы мен елді мекендердегі экологиялық ахуалға қатысты мәселе ұсынылды. Аудан әкімі Виктор Радченко мәжілістің жұмысына қатысты.
Жуырда көпке танымал басылымдардың бірінен жылына жан басына шаққанда орта есеппен 500 келіге дейін тұрмыстық қоқыс шығарылатыны туралы мәлімет оқыдым. Қалдықты кәдеге жарату мәселесі, Қазақстаннан бөлек, бүкіл әлемде өткір қойылып отыр. «Ерейментау ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушысы Ербол Мәжкенов тұрақты комиссияның өкілдеріне тұрмыстық қалдықтың қалай жиылатыны, қоқыс жиылымын, кәдеге асырылым ісін кімнің қолға алғаны, кәсіпорынның негізгі қызметі, түйткілді мәселелер жайында ақпар ұсынды.
Ербол Матайұлының мәлімдемесі қысқа да нақты болды. 2016 жылы құрылған «Эко Жәрдем» коммуналды кәсіпорны, қатты және тұрмыстық қалдықты жинаумен, кәдеге жаратумен орайласқан жұмысты, өзге кәсіпорындар секілді, қолға ала алмады, өйткені олардың негізгі кәсібі сәйкес келмейді. Кәсіпорынның қызмет көрсетілім тарифі 2000 жылы орташаоблыстық көрсеткіш бойынша бекітілген. Негізгі кәсібі Жарғыда көрсетілген. Яғни тұрмыстық қатты қалдықты көметіні, жолды жөндейтіні, ағаш-саябақ аймағын күтетіні айтылған, алайда тіршілік қызметі қалдығын жинастырмайды, бұл іс бәсекелес ортаның кәсібіне жатқызылған. Өкінішке қарай, бізде мұндай кәсіп тіркелмеген. Ербол Матайұлы кәсіпорынның қалыпты жұмысына, жүктелген тапсырмасын орындауға мүмкіндік бермейтін түйінді мәселесіне тоқталды. Атап айтқанда электрмен жабдықтайтын жүйесі, электронды таразысы, белгіленген тереңдіктегі экологиялық жағдайды бақылайтын үш ұңғымасы жоқтың қасы. Халыққа арналған тариф, жеке және заңды тұлғалармен арадағы келісім-шарт, тұтынушыға ықпал ететін тетіктің жоқтығы жайында айтылды. «Эко Жәрдемнің» кәсібін жандандыруға қаржы бөлінісі туралы мәселе қарауды ұсынды, өйткені қала қоқыстың астында қалуы әбден мүмкін.
Коммуналды кәсіпорынның басшысы Николай Кравченко жұмыскерге жалақы төлеміне, техниканың күтімі мен тозуына, қайталама шикізаттың бөлек жиналымы мен өңделіміне, арнаулы пресс, пластикті, шыныны, металл мен қағазды бөлек үйетін бөлме қажеттігіне қатысты проблемасын ортаға салды. Қоқыс-қалдықты көмудің қазіргі әдістемесі мен ережесі, қала мен ауылда шектеулі санда ұйымдасқан қоқыс алаңын құруға, қоршаған орта эмиссиясына, қоқысты бөлек жинап алатын арнаулы техника мен жәшік алдыруға қатысты мәселе әңгіме тақырыбына айналды.
Аудан әкімі әрбір адамға тиесілі жиналым нормасы, тиісті ережеге сәйкестелетін нақты есептің қажеттігі жайында айтты.
Тұрақты комиссияның жиынында қаралған мәселе өз шешімін талап етеді. Өйткені қала мен ауылдық округ тұрғындары жайлы да таза елді мекенді қоныс етуі тиіс.
***
Осы құрамда депутат Талғат Қалиевтың төрағалығымен «Нұр Отан» партиясы депутаттар фракциясының мәжілісі өтті.
Көпшіліктің талқысына 2019-2021 жылдарға арналған аудандық бюджеттің атқарылымы туралы мәселе ұсынылды. Экономика және қаржы бөлімінің басшысы Амантай Хасенов тақырып аясында ақпар ұсынды.
Амантай Қабыкенұлы аудан бюджетінің әлеуметтік бағыттылығын атап өтті. 1,2,3 санаттағы кіріс, кейбір бөлімдерде кіріс тармағының бәсеңдегені туралы баяндады. Жергілікті өзін-өзі басқару органдары бойынша толықтырылым және олардың бюджетінің 6 бағыты бойынша шығыс тармағына толық сипаттама берді. Аудан бюджетінің жобасы бағдарлама әкімгерлерінің қатысуымен комиссияда талқыланған болатын, ол мемлекеттік мекемелердің сұранысын қанағаттандырады. Фракция депутаттары Ержан Биекеновты, Нұртас Маңдаевты, Надежда Горончконы, Қанат Масұғытты Новомарковка ауылындағы балабақшаның қызметі, нөсер жауын кәрізінің салынуы, қалада сумен жабдықтауға, тазарту қондырғыларына арналған жобаның жүзеге асырылымы, саябақты көріктендіруге ақша бөлінісі, ТКШ бөлімінің жұмысы, Сілеті, Ақмырза, Еңбек ауылдарын орталықтандырылған ауыз су желісімен қамсыздандыру ісі толғандырды.
Күн тәртібінің негізгі мәселесі бойынша сәйкестелген қаулы қабылданды.
Раушан НҰРҒАЗИНОВА.