«БІЗ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫМЫЗ !»

Балалар шығармашылық үйі ұжымының Тәуелсіздік күні мерекесімен орайластырған, аудандық мәдениет үйінде өткізген концерті осындай символикалық атауды иеленді.
Нас нынче мир теплей встречает,
И даже солнца ярче свет-
Сегодня день свой отмечает
Наш гордый суверенитет!
Не вправе нынче промолчать я:
Не зря свобода нам дана!
С днем Независимости, братья!
Да здравствует моя страна!
Жүргізуші мәнерлеп оқып берген өлең шумағы мерекелік шара өзегіне айналды.

dav

Сән-салтанатымен әуелеген еліміздің Әнұраны бүгінгі жүздесудің патриоттық бағыттылығын тағы бір мәрте растап берді. Жас өнерпаздар қуанышты оқиға – егемендігіміздің 27 жылдығы құрметіне шашу шашты.
Даярланған бейнекөрініс, шағын қойылым көрермен қауымды ортақ мақсатқа, ел бірлігіне, тұрмыс сапасын жақсартуға ұмтылған, өзіміз мақтан тұтатын еліміздің өткені мен бүгініне жетеледі.
Түрлі жастағы «Лидер» бишілер ұжымының айшықты әсем киімі, Қазақстан халықтарының ырғақты, тартымды биі, БШҮ үйірмесіне қатысатын өнер иелерінің вокалды тобы көрерменнің қошеметін иеленді, Барша қауым жаңа би қойылымына, түрлі жастағы ұл-қыздардың санқырлы талантына сүйсінді.
Ата-аналар мен өнерсүйер қауым мекеме директоры Наталья Курникованың, «Лидер» бищілер ұжымының жетекшісі Ирина Добровольскаяның атына, бүкіл ұжымына тартымды концерті үшін алғыс айтты. Аудандық мәдениет үйінің директоры Сапар Барлыбаевқа, оның ұжымына ризашылық білдірді.
БШҮ-нің ұйымшыл ұжымына толымды табыс, өнер биігінен көрінуді, шәкіртінің шаттыққа бөленуін тіледік.