ӨҢІР ТІРШІЛІГІНІҢ КҮРЕТАМЫРЫ

Қуат көзі, темір жол тәрізді, барлық саланың, оған қоса тұтас экономикамыздың тіршілік күретамырымен пара-пар. Ауданымызда да дәл осындай салалас кәсіпорын жұмыс істеп тұр, өзінің бүкіл тұтынушыларын жыл он екі ай бойы электр тогымен үзіліссіз қамтамасыз етіп келеді.
Сала еңбеккерлерінің кәсіптік мейрамы қарсаңында, «АРЭК» АҚ электр желілері аймағының бастығы Амангелді Мәжитовпен бірге қаланың күншығыс өңіріне жол тарттық. Бұл жақта бас қосалқы станса қоныстанған. Жақын маңда әркелкі кәсіп атқаратын бірқатар өндіріс орны баршылық. Евроүлгіде жаңартылған көрікті кеңсе ғимараты кез келген жан иесін тамсандырады, үйдің өзінде қызу жұмыс жүріп жатқанын аңғартады. Расында да, азғантай уақытта көзбен көргенімізден көкейге мол әсер түйдік. Кәсіпорынның мақсат-міндеті, жоспары, қуатпен жабдықтайтын учаскенің жоспары мен еңбеккерлер ұжымы жайында мол мағлұмат алдық.
Қосалқы станса тобының басшысы Александр Шорцевтың ізгі ниеті, жылы жүзі жергілікті мәндегі стратегиялық кеңсенің жұмыс ырғағы туралы толық ақпарға қанығуға мүмкіндік берді. Инвестициялық бағдарламаға сәйкес, Степногорск ауданаралық электр желісінің көмегімен қызмет бөлмесі, 110 және 35 киловольттық ашық үлестірілім желілері толық жөнделген. Бұл мақсатқа жоспарланған 96 миллион теңге инвестиция сәтімен игеріліпті.
Салалық бөлімше диспетчері Валентина Кучерюктің қызметі, бүкіл ауданның карта-сызбанұсқасы бойынша бізге келетін электр қуатының жүйелі әрі біркелкі үлестірілімін бақылауға негізделеді. Ағымдағы жылы қуаттылығы 35 киловольттық ашық тарату құрылғысы жаңартылыпты, ізінше ескі үлгідегі қондырғы қолданыстан шығарылған. Нәтижесінде біздегі трансформатор алаңының барлық жүйесіне Ресей Федерациясында құрастырылған заманауи цифрлы қондырғы толығымен орнатылды. 35 киловольттық жаңа реклоузер пен оның қосымшасын Астана қаласының салалас кәсіпорны жеткізіп берген. Электрмен жабдықтайтын жүйелерді құрастыруға, іске қосуға арналған міндетті өзіміздің энергетик-шеберлеріміз өз мойнына алды. Жоспарлы барлық жұмыс маусым-қазан айы аралығында жүргізілді. Айта кететін жайт, жаңағы уақыт аралығында жергілікті тұрғындар қуат берілісінен ешқандай іркіліс-қиындықты сезінген емес. Осының бәрі әріптестердің өз тапсырмасына адалниетті көзқарасының, алға қойылған міндетті біліктілікпен атқарғанының нәтижесі. Жаңартылған объектіде бұған қоса тәулік бойы кезекшілік жолға қойылған.
Жалпы аудан көлемінде, елді мекендерді де қоса санағанда, он үш қосалқы станса қалыпты жұмыс істеп тұр. Олардың төртеуінің кернеулігі 100 киловольттық, өзгесі -35 киловольттық. Жаңағы объектілер желілік-шеберлік учаскесі арқылы қызмет атқарады да, орталықтандырылған жалпы электр желісі арқылы басқарылады. Бақылау ісі аудандық диспетчерлік кеңсеге жүктелген. Бекетте төрт диспетчер тәулік бойы жылжымалы кесте бойынша кезекшілік жүргізеді.
Кадр мәселесі де әкімшіліктің назарында, жастарды тиісті рұқсатнама берілісімен 18 жастан қабылдауға ден қойылады. Олар сәйкестелген ілім-білімді АРЭК жанындағы оқу комбинатында меңгереді. Ағымдағы кезең ішінде жастардың 80 пайызы арнаулы оқу курсынан өтті.
Жаз бойы, қаладан бөлек, Бозтал ауылының аумағында орналасқан жалпы қуаттылығы 35/10 киловольттық «Горная» қосалқы стансасы, бөлінген қаржы аясында, жөнделді. Бұдан бөлек, қуаттылығы 110/35/6 киловольттық «Ерментау» қосалқы стансасы және, Усанбай, Алғабас ауылымен бірге, бүкіл ауылдық округтердің 10/0,4 киловольттық үлестірілім желілері қайта тартылды, күрделі жөнделді. Қосалқы стансалардағы негізгі жұмыстың бәрін аға жетекші инженер Александр Шорцевтің тікелей басшылығымен аудандық желінің жұмыскерлері тиянақтады. Бас инженер Александр Петроченко әріптестердің барлық жұмысына жалпы жетекшілік пен бақылау жүргізді.
***
«Іс тетігін кадрлар шешеді» деген жалпыхалықтық қағидаға сәйкес, кез келген нәтиже инженер-техник мамандар мен қатардағы слесарь-электршілердің бірлескен адалниетті еңбегімен келеді. Олар: жетекші инженер Василий Сыпченко, шебер Роман Крень, электрослесарьлар Руслан Құдияров, Николай Герасимов, Дмитрий Рейн, Сергей Рогов, релелік қорғаныс және автоматика инженері Аслан Мағұрыпов, байланыс электромонтері Асылхан Ысқақов, аға диспетчер Любовь Гойда, оның көмекші-әріптестері Валентина Кучерюк, Евгений Абаскалов, Наталья Никифорова.
Желілер қайта тартылған шақта, жөндеу-әзірлік жұмысы уағында жөндеу-механикалық қызметінің өкілдері: шебер Есен Темірболатов, электр монтерлары Александр Новожилов, Дамир Жүнісов, газбен-электрмен дәнекерлеуші Александр Чайковский қосымша өлшеусіз жәрдем көрсетті. Сонымен қатар құрал-жабдықтың уақтылы жеткізіліміне «АТП-Инвест» көлік қызметінің жүргізушілері Александр Ходаковский, Қайыргелді Құсайынов, Марат Ахметов, Виктор Келлер, Александр Ершов, Жұмаш Жүсіпов, Жандос Нұрмұханов бірлікпен үн қосты.
Бұл орайда жаңағы мекеменің механигі Оркен Жантілеуовтың да сіңірген еңбегі өлшеусіз. Ауылдық округтер мен қаланың желілік-шеберхана учаскесінің шеберлері Төкежан Дауылов, Иманмағзұм Жұмақанов, Сергей Михайленко, Евгений Черемников пен оның ұжымдары алғысқа лайық. Әріптестеріміздің әрқайсысы әкімшіліктің кез келген ұсынысына жауапкершілік пен түсіністік, ептілік пен ынтымақтастық ниет танытты. Ауданның қуат үлестірілім желілерінің күрделі жөнделімін апатсыз жүргізуге барлық күш-білімін, тәжірибесін, жұмыс уақытын тиімді пайдаланды. Тағы бір ерекшелігі: әріптестеріміздің әрқайсысы жұмыс уағында техника қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау ережесін жіті назарда ұстады. Нәтижесінде объектілерде төтенше оқиға тіркелген жоқ, сондықтан бүкіл мамандардың еңбегі бағалауға әбден лайық.
22 желтоқсан – Энергетик күні. Барлық ардагерлерімізге, ұжымдағы әріптестерімізге кәсіптік мереке құрметіне ыстық ықыласты құттықтауымызды жолдаймыз. Отбасына амандық, сәтті кезекшілік, электр желісін әрмен қарай жаңғыртуды көздеген еңбекте толағай табыс тілейміз. Елбасы жүктеген тапсырма шеңберіндегі қуат үнемдейтін, баламалы желі енгізілімі өз кезегімен жүзеге асуға жазсын.
Дайындаған Нұрлыбек МҰРАТБЕКҰЛЫ.
Суретті түсірген автор.