КӨМЕКТЕН ТАРТЫНБАҢЫЗ

Жастардың ресурстық орталығы, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнімен орайластырылған шаралар шеңберінде, «Көмектен тартынбаңыз» қайырымдылық акциясын өткізуге бастама көтерді.

dav

Орталықтың кеңсесіне қала тұрғындарының, Астана қайырымдылық клубының, «Саранда» тұрғын үй кешені халқының, Тоқмағамбет хазірет атындағы мұсылмандар мешітінің, «Е Таун» жастар қоғамдық бірлестігінің қолдауымен шағын ауқатты, көпбалалы 5 отбасына арналған бірінші сұраныстағы бұйым мен киім-кешек жиылды. Көмек алғандардың атынан сөз сөйлеген И.В.Мухаррямова өлшеусіз жәрдем көрсеткен жомарт ниетті, кең пейілді жандардың бәріне алғыс айтты. Акция көшбасшылары да айрықша алғыс лебізіне бөленді.