ҚАДІРЛІ ЕРЕЙМЕНДІКТЕР! ҚЫМБАТТЫ ЖЕРЛЕСТЕР!

Біз сіздермен бірге тағы бір жылды шығарып салғалы отырмыз. Ол әрбірімізге өз жаңалығын тарту етті – толымды табыс, мол қуаныш, жаңа белес сыйлады.
Өткен жылы қызықты да мәнді оқиға көп болды. Біздің өңір тұрғындарының есінде қалды. Ауданның 90 жылдығы аталып өтті.
Биыл алдағы 2019 жылға лайықталған жаңа межені – өрлеп-даму асуын еңсеруге лайықталған бірқатар тың шешім қабылданды.
Игі іске түсіністік ниет, нық сенімділік танытқан, өңір өміріне белсене араласқан барлық түрғындарға алғыс айтамыз. Өйткені алға қойған мақсатымызға тек бірлікпен ғана қол жеткізе аламыз.
Міне, Жаңа жылға да аяқ басамыз. Оның қандай болатыны көбінесе өзімізге байланысты.
Өз әлеуетімізге сенімділік, жауапкершілік арқылы ой-жоспарымыздың іске асатынына, өміріміздің барынша қызықты, мәнді де айшықты болатынына сенімдімін.
ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР!
Алдағы жыл баршаңыз үшін сәтті де жемісті, жаңа мүмкіндік пен жетістік жылы, айшықты оқиға мен игі іске толы болсын.
Сіздерге шын ниетпен амандық пен тұрақтылық, қажымас қайрат, ой-армандарыңыздың абыроймен орындалуын тілеймін.
Әрбір күні барлық істе табыс пен сәттілік негіз болсын.
Жаңа жылда сіздерге және жақындарыңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға береке, баянды бақ тілеймін! Еліміз бай, Отанымыз тыныш, ауданымыз көрікті болсын!
Аудан әкімі Виктор РАДЧЕНКО.