Алтыншы сайланымдағы аудандық мәслихаттың XXXIV кезекті сессиясы туралы АҚПАРАТ ХАБАР

Өткен аптада алтыншы сайланымдағы аудандық мәслихаттың XXXIV кезекті сессиясы шақырылды. №8 Пристанционный сайлау округі бойынша аудандық мәслихаттың депутаты Әбіш Сүлейменов халық қалаулыларының форумына төрағалық етті, жүргізді. Оның жұмысына аудан әкімі Виктор Радченко мен өңір активі қатысты.
Кезекті сессияның қарауына, шешім қабылдауға сегіз мәселе ұсынылды. Олар: Ерейментау аудандық мәслихатының 2018 жылдың 5 қарашасындағы № 6С-31/2-18 «Ерейментау ауданының басқару сызбанұсқасын бекіту туралы» шешімінің амалын тоқтату туралы; 2019-2021 жылдарға арналған аудан бюджеті туралы; Ерейментау қаласының, Еркіншілік, Тайбай, Торғай ауылдық округтерінің 2018-2020 жылдарға арналған бюджеті туралы; Ерейментау ауданының елді мекендеріне жұмыс істеуге, қоныстануға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіп кешені саласының мамандарына 2019 жылға әлеуметтік сүйемелдеу шараларын ұсыну туралы. Ерейментау ауданының әкімдігі жанындағы жер комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы; Ерейментау аудандық мәслихатының 2019 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы; Алтыншы сайланымдағы Ерейментау аудандық мәслихатының кезекті сессиясының қарауына енгізілетін негізгі мәселе туралы; Алтыншы сайланымдағы Ерейментау аудандық мәслихатының кезекті сессиясының төрағасын сайлау туралы.
Экономика және қаржы бөлімінің басшысы Амантай Хасенов сәйкестелген санаттар бойынша келесі 2019 жылға арналған болжам-жоспар негізіндегі жалпы кіріс қосындысын баян етті. Тәмамдалатын жылдың, қала және ауылдық округтер бойынша, әлеуметтік бағдарланған бюджетінің негізгі шығыс жүйесі тізбектелді. Кредит, облыс, республика трансфертінің қосындысы баяндамада толық қамтылды. Даму бюджеті бойынша оқытушылардың жалақысы есептелетін ІТ-сыныбына құрал-жабдық алдыруға аудандық білім бөліміне қаржы қарастырылған. Аудан әкімі Торғай-Шідерті автокөлік жолын, қаланың жекелеген көше жолын, вокзал маңы учаскесін жөндейтін жоспар белгілеуді ұсынды.
Күн тәртібінде қаралған барлық мәселелер бойынша депутат сағаты барысында халық қалаулыларының ұсыныс-ескертуі ескерілген тиісті шешім қабылданды. Кезекті сессияның қарауына, талқысына «Ерейментау ауданының әкімдігі жанындағы лаңкестікке қарсы комиссияның 2018 жыл ішіндегі жұмыс нәтижесі және 2019 жылға арналған жұмыс жоспары туралы» мәселе енгізілді.
№1 Автобаза сайлау округі бойынша депутат Юрий Адайкин аудандық мәслихаттың келесі сессиясының төрағасы болып сайланды.
«Ерейменнің» өз ақпараты.